Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Фото ісі Сабақ тақырыбы


Жаңа материалды оқытуға қисынды көшу, оқу қызметіне ынталандыру



бет2/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,93 Mb.
#10367
түріСабақ
1   2   3

Жаңа материалды оқытуға қисынды көшу, оқу қызметіне ынталандыру


Фототүсiрудiң әр түрлi көрінісіндегі ракурсі
Фотосурет – бұл санаулы секундтiң ішінде пайда болған кескiндеме, композиция, ырғақ және геометрия екенін сіздер білесіздер. Ал бүгінгі тақырыбымыз фототүсiрудiң әр түрлi көрінісіндегі ракурсі болмақ.

Ракурс сөзі – француз тілінен шыққан заттарды кеңiстiкте перспективалы бұрмалау дегенді бiлдiредi. Ракурс не екенін білу үшін тiк төртбұрышты қорапты немесе текшені (прямоугольной коробки или кубика) мысалға келтіруге болады. Төмендегі мына текшелердің (куб) мүмкін ракурстерінің кейбір нұсқаларын көруге болады.

Тұрған орнына байланысты текшенің (куб) түрі танылмайтындай болып өзгеруі мүмкін осы бағыттағы көзқарастар ракурс деп аталады.

Ракурс түсірілімінің өзгерулеріне байланысты объекттің сыртқы түрі ғана емес оның мағынасы да өзгеруі мүмкін. Мысалы, біз ұсақ шыбын-шіркей немесе болмашы кішкене нәрселерге мән бере бермейміз және олар бізге қызықсыз көрінеді. Ал егер біз ракурсты өзгертіп сол нәрселерді суретке түсіру барысында көзбен жақын қарай алмайтын жақындықпен түсіретін болсақ, бұл макро тіпті микрофотография болып шығады және біз олардан басқа планеталық құбыжық секілді және де әжептәуiр қызықты фотосурет көре аламыз.

Келесі суреттен объективтің қалыпты фокустық қашықтығында екiншi қабаттың балконынан түсірілген басты саяжол бағын көріп тұрмыз. Бұл түсірілім кеңiстiктiң кеңдігін көрсетуге мүмкiндiк беріп тұр:




Яғни, ракурс – бұл түсірілімдегі табиғи және көзтартарлық мықты көркемдік тәсіл немесе әсер деп те айтуға болады. Бұл туралы фотосурет шықпай тұрып қылқалам суретшілеріне мәлім болған, сондықтан бұл ракурс тәсілін көркемдік айқындылық мақсатында суретшілер өз шығармаларына пайдаланған. Фотосуретшілердің (фотограф) барлығы фотосурет жанрында өз мақсатына байланысты әр түрлі ракурсты пайдаланады. Көркем бейнелер жасайтын көркемдік түсірілімдерде фототүсiрушiнiң сезiмi көрсетілетін ракурс таңдалады. Қазіргі заманымызда мұндай ракурстық түсірілімдермен қатар 3D-да түсіру қарқындап дамып жатыр. Жарнамалық түсірілімдерде мұндай түсірілімдерді көп қолданады және көзтартарлық ракурсты пайдаланады. Ракурс – бұл мықты көркемдік тәсіл екендігін дәлелдейді, өйткені, кейбір адамдар түсірілім кезінде ерекше ракурстарды пайдаланудың арқасында әлемдік атақ алды, оған мысал ретінде фотосуретші Родченконы айтуға болады. Әсіресе, оның белсенді жұмысы барысында, бұл өткен ғасырдың ортасындағы уақыт еді, осы көркемдік тәсіл «көзтартарлық ракурс» қарқынды дамып тұрған болатын. Пейзажды түсіруде де ракурстың үлкен мәні бар.

Ал мұнда кеңбұрышты көзтартарлық ракурс жақын қашықтықта қолданылған:



Ракурс – бұл автордың фотосуреттегі ойды білдірудегі басты әдісі. Фотоаппараттың объективi адамның көру қабілетіне қарағанда көп сатылы болғандықтан, ракурс түрлі кереметтердi жасап шығаруға мүмкіндік береді. Осы жөнінде айта келіп бүгінгі тақырыбымызда түрлі ракурстағы фотосуреттерді мысалға келтіреміз. Көркем өнерге қарағанда ракурстің фотосуреттерде рөлі зор.

Ракурстi пайдалана: түсiрiлiмнiң бұрышы, түсiру нүктесi, объективті фокустық қашықтық, фотосуретші көп нұсқалы кеңiстiктен әлдебiр белгiлi бір сәтті пайдаланып түсіріп қалу, шырмалған уақыт бiрлiгiндегі сызық, өң, рең, түс, дақ, қорыта келгенде қиратылмайтындай болып шыққан жанды немесе тірі әлдебір көркем нәрсе немесе композиция.



Біз бүгін сіздермен бірге қызықты ракурстермен жасалған фотосуреттерді қарастырамыз. Мысалға келтіретін фотосуреттерді әзiлқой фотосурет ретінде алып, осындай мысалдармен көмек бере отырып жоғарыда айтылып кеткен мағыналарды ең түсінікті әдіспен жеткiзуге болады. Енді мына интерактивті тақтаға назар аударып әр түрлі ракурстағы фотосуреттерді қарап шығайық:






Міне, осымен фотосурет түсіріліміндегі ракурс туралы көп нәрсе білдіңіздер.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет