Сабақ жоспары Тақырыбы



бет1/2
Дата24.05.2017
өлшемі1,54 Mb.
#16752
  1   2
Исина Айнаш Екпиновна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

6 орта мектеп КММ



Коучинг сабақ жоспары

Тақырыбы:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы


Мақсаты:


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор екенін түсіндіру;


Оқу нәтижесі:


Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал екені түсіндіріледі.

Сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу түрлерін анықталады.

Оқушыларды оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру, алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету жолдары көрсетіледі.


Негізгі идеялар:


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

Материалдар мен құрал-жабдықтар:

Интербелсенді тақта, маркерлер, постерлер, оқулық кітаптар,смайликтер,стикерлер

Өткізу барысы:

Этап

Тапсырма

Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психология лық ахуал тудыру кезеңі

Қатысушы мұғалімдер шаттық шеңберіне тұрады

3 мин

Сәлемдесу, коучинг жұмысына сәттілік тілеу

Жүректер таратып береді.


«Ай да біреу аспанда

Күн де біреу аспанда

Тұратұғын елжіреп

Бәрімізде бір жүрек» дегендей бір бірімізге жүрегімізге ұсына отырып, тілек айтайық.




Қатысушылар бір-біріне тілек айтады

2 Топқа бөлу




2 мин

Топқа жыл мезгілдеріне қарай бөлу

«Кімге көктем, кімге күз, кімге қыс ұнайды?»

Топ басшысын белгілеп, бағалау парақшасын беремін.


Қатысушылар өздеріне ұнайтын жыл

мезгілдеріне қарай бөлініп,топтарға жайғасады. Топ басшысы сайланады.



3 Коучинг тақырыбы-мен таныстыру





1 мин

Коучинг тақырыбымен таныстырамын. Тақырып идеясымен таныстыру туралы бейнежазба көрсетіледі.




4.

Тапсырма №1

5мин

Кітап таратып беремін. «Астана» өлеңінің мәнін ашу.

«Астананың символы не?» Бәйтеректің суреті көрсетіледі.

Ол туралы мәтін таратып беріп,мұқият оқуды тапсырамын
Мәтінді жинап аламын да, сол мәтіннің азат жолмен қиылған нұсқасын беріп, рет-ретімен орналастыруды тапсырамын.


Өлеңмен танысады, берілген сұрақтарға жауап береді,мәтінді оқиды.
Мәтінмен жұмыс жасайды.

Қиылған мәтін бөліктерін рет-ретімен қойып шығады.



5 Көрсетілім




3мин

«Кейс- стади»технологиясы туралы мәлімет

«Кейс- стади» технологиясы функционалды сауаттылықты қалыптастыру құралы екенін айтып өтемін.






6

Сергіту сәті «Шарфты байлау әдістері»

3мин




Әр топ мүшелері шарфты байлаудың әртүрлі тәсілдерін көрсетеді.


7.

Тапсырма №2

10 мин

Айтыс туралы кітап беремін.

1-топ тапсырмасы: айтыс сахнасының суретін салу және ол туралы әңгімелеу;

2-топтың тапсырмасы: қыз бен жігіт айтысын шығармашылықпен жазып көрсету;

3-топтың тапсырмасы: айтыс туралы эссе жазу керек;



Берілген айтыс үлгісін оқып шығады
Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

8.Көрсетілім




3мин

Интербелсенді тақтадан функционалды сауаттылық туралы мәлімет айта отырып, тапсырманы қорытындылаймын.




9.Бағалау




1мин
3мин

Әр топ мүшелеріне көрші топ мүшелерінің жұмысын «Басбармақ», «От шашу», «Үш шапалақ» әдістерімен бағалауды тапсырамын,
Топ басшыларынан бағалау парақшасын толтырып, өз топ мүшелері туралы айтуын сұраймын.

Топ мүшелері басқа топтарды бағалайды.

Топ басшылары бағалау парақшасы бойынша өз тобының мүшелеріне баға береді



10. Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек







«Тілектер аллеясы» атты алакатты ілемін, стикерлер таратамын.

Қатысушылар 2 жұлдыз,1тілек жазылған стикерлерін «Тілектер аллеясындағы» іздерге апарып жапсыру керек.

Дереккөздер:


-Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІ деңгей;

- А.Ш.Орақова,Т.Б.Корнилова,Ж.А Жартынова,А.А.Касымова.

Коуч – мұғалімнің жұмыс кітабы.,2014

-Курс барысындағы таратпа материалдар.

-Көзбен көретін айғақтар негізінде функционалды сауаттылық туралы слайдтар.



Исина Айнаш Екпиновна

Бастауыш сынып мұғалімі

6 орта мектеп КММ



«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы»

тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор екенін білемін. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылатынын нақтылау мақсатында өз әріптестеріме осы коучингті ұйымдастыруды жөн көрдім. Коучингімді жоспарлағанда әріптестерімде бір серпіліс, сабақ үдерісіне жаңалық әкелсе екен деп ойладым.Әр мұғалім өз ісіне басқа көзқарас танытып, оқушыға,жаңаша әдіспен сабақ берсе екен деген ой болды.

Бұл тақырыптың мен үшін маңыздылығы, Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасының «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет» деген сөзі мені осы тақырыпта коучинг өткізуге алып келді.

Коучинг жұмысын жоспарлы 7 модульді ықпалдастыра өткіздім. Коучингке бастауыш сынып мұғалімдері, тарих пәні, қазақ тілі мен әдебиеті пәні, орыс тілі, география пәні мұғалімдерімен қоса мектеп басшылары да қатысты. Сәлемдесіп алғаннан кейін әріптестерімді «Шаттық шеңберіне» шақырдым. Жүрекшелерді бір-біріне сыйлай отырып,тілек айтқыздым да, ең соңында қолдарында қалған жүрекешені қатты умаждауды сұрадым. Осы жерде жанымызда жүрген досымызға, алдымызда отырған оқушыға ағаттықпен айтылған қатты сөз оның жүрегін мына умаждалған жүректей етеді.Міне,сондықтан бір-бірімізге қатты сөз айтып, жүрегімізді жараламайық деген тілекпен коучинг жұмысын бастадым. Қатысушыларды топқа «Кімге көктем, жаз, қыс ұнайды?» деп бөлдім. Жаз мезгілі демалыс уақыты болғандықтан ол мезгілді алмадым. Топқа бөлініп отырған топ мүшелері топтарына ат қойып, топ басшысын сайлады. Топ басшыларына бағалау парақшасын таратып бердім. Коучингте үш топ жұмыс жасады. Жұмыс тақырыбымен таныстырып алғаннан кейін топтарға оқулықтағы «Астана» өлеңімен танысып шығуды тапсырдым. Өлең мазмұнын ашатын сұрақтар тізбесін әр топ жаздық. Осы жерде «Астананың символы не?» деген сұрақ қойдым. Қатысушылар бірден «Бәйтерек» деп жауап берді. Ол туралы мәтін таратып беріп,мұқият оқуды тапсырдым. Берілген уақыт өткеннен кейін мәтінді жинап алдым да, сол мәтіннің азат жолмен қиылған нұсқасын беріп, рет-ретімен орналастыруды тапсырдым. Топ мүшелері бұл тапсырмаға өте қызыға қатысты. Осы жерде тарих және география пәні мұғалімі осы әдісті өз сабақтарында қолдануға болатынын айтты. Осы тапсырманы қорытындылау мақсатында интербелсенді тақтадан функционалдық сауаттылық туралы мәлімет бердім. «Кейс-стади» технологиясы функционалды сауаттылықты қалыптастыру құралы екенін айтып өттім. Кейс-технологияға жатады:

-жағдайды талдау әдісі;

-инцидент әдісі;

-рольдік ойындар әдісі;

- іс хабарды талдау әдісі;

- ойындық жоба;

- дискуссия әдісі;

Ойындық жоба мен жағдайды талдау әдісін іске асыру мақсатында қатысушыларды сергіту үшін «Шарф байлау» ойынын өткіздім.

Функционалды сауатты оқушы өз білімін кез-келген жерде пайдалана алуы керек екенін баса айтып өттім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болатынын көрсеттім:

1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу

2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;

3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;

4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;

5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;

6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;

7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ;

8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу; әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры сан қилы.

Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.

Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс. Осы ретте қатысушыларға екінші тапсырма бердім. 1-топ тапсырмасы: айтыс сахнасының суретін салу және ол туралы әңгімелеу; 2-топтың тапсырмасы: қыз бен жігіт айтысын шығармашылықпен жазып көрсету; 3-топтың тапсырмасы: айтыс туралы эссе жазу керек; Топтар тапсырманы жауапкершілікпен орындап, бір-бірінің жұмысын «Басбармақ», «От шашу», «Үш шапалақ» әдістерімен бағалады.Топ басшылары бағалау парақшасын толтырып, өз топ мүшелеріне баға берді. Стикерлер тараттым да, екі жұлдыз, бір тілек жазып, «Тілектер аллеясы» атты алакатты ілулерін сұрадым. Бұл әдіс әріптестеріме ұнады. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Келешекте ата-анамен осы тақырыпта коучинг өткізуді жоспарладым.Өйткені, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда отбасы рөлі ерекше.

Коучинг жұмысы әріптестеріме ұнады. Бұған рефлексияда жазғандары дәлел бола алады.




Коучингтен көріністер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет