Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



Дата14.10.2019
өлшемі52,91 Kb.
#49875
түріСабақ
Байланысты:
9-1А ЭДТ ҚМЖ

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1A Электролиттік диссоциация

Мектеп: Шымкент ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Электролиттер мен бейэлектролиттер.
№ 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;

9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру



Сабақмақсаттары

  • Заттарды электрөткізгіштігіне қарай жіктеу

  • Электрөткізетін заттардағы химиялық байланыс түрін анықтау

Бағалау критерийлері

  • Электролит және бейэлектролит заттарды ажыратады;

  • Электролит және бейэлектролит заттардағы химиялық байланыс түрін анықтайды




Тілдік мақсаттар


Оқушылар электролит, бейэлектролит, электролиттік диссоциация,электрод диссоциациядәрежесі ұғымдарына сипаттама бере алады

Құндылықтарды дарыту


Осы сабақта балалардың бойына өмір бойы оқу құндылығын дарыту айтылады.

Құндылықтарды дарыту нақыл сөздер айту арқылы/көмегімен жүзеге асады, ой қозғаужүргізіледі. Ой- қозғау «Оқу- инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?



Пәнаралық байланыстар

физикамен байланыс, заттардың электр тогын өткізуін сынау кезінде байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация ppt

Бастапқы білім


Техника қауіпсіздік ережелері, химиялық байланыс , заттардың құрылымы.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут


Алдыңғы білімді белсендендіру сәті:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында пәнаралық байланыста әңгіме жүргізу.



Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс

Бағалау: мұғалімнің кері байланысы

Мұғалім бағалау мақсатында сұрақ-жауап жүргізеді:



  • Электр тогы деген не?

  • Электр тогын өткізетін заттар қалай аталады?(өткізгіштер: мыс, күміс,алюминий)

  • Электр тогын өткізбейтін заттар қалай аталады?(оқшаулағыштар: пластмассалар, резина, фарфор, янтарь, ауа)

  • Неліктен металдар ток өткізеді?(делокализацияланған электрондарға байланысты)

  • Металдардағы зарядталған электрондардан басқа тағы қандай зарядталған бөлшектер белгілі?(иондар, оң және теріс)

  • Иондар токты өткізуі мүмкін бе? (мүмкін, өйткені электр тогы дегенімізі зарядталған бөлшектердің қозғалысы)

Мұғалім сабақта осы заттардың байланыс түріне қарай электр тогын өткізуі немесе өткізбеуі жөнінде қарастыратынын хабарлайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.




6 минут

5 минут


4 минут

7 минут


8 минут
2 минут

Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі.

Активити.

Оқушылар 1-қосымша кестеде берілген заттардың химиялық химиялық байланыс түрі мен электр өткізгіштігін болжайды.



Іс-әрекет түрі: жұппен жұмыс

Бағалау: өзара бағалау

Көрсетілім. Электрөткізгіштікті сынау құралы арқылы берілген заттарды тексеруге эксперимент жасау.

Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс

Бағалау түрі: мұғалімнің кері байланысы

Оқушылар 1-қосымша кестесіндегі тәжірибелік мәліметтерді толтыруы керек.

Мұғалім электр тогын өткізетін заттар-электролиттер, өткізбейтіндері-бейэлектролиттер деп аталатынын таныстырады. Осы тұста тәжірибе қорытындысы бойынша диссоциация ұғымына анықтама беріледі.

Ой қозғау: неліктен кейбір заттар үшін лампа әлсіз жанды?

Осы тұста диссоциациялау дәрежесі,күшті және элсіз электролиттер ұғымдарын ендіру.
Зерттеу кезеңі

Мұғалім оқушылардан алынған тәжірибелік мәліметтер мен болжамдар арасында қарама-қайшылықтар туғандығын анықтайды.

Бұл қарама-қайшылықтардың неден туғанын тұжырымдап, оны шешу жолдарын қарастыру үшін оқушыларды 4 топқа бөледі. Оқушылар топта проблеманың шешу жолдарын қарастырады.

1-топ: 1-проблема: Неліктен дистилденген су құбыр суымен салыстырғанда электр тогын өткізбейді?

2-топ: 2-проблема: Неліктен кристалдық натрий хлориді сулы натрий хлоридімен салыстырғанда электр тогын өткізбейді?

3-топ: 3-проблема: Хлорсутек молекуласында иондар бар ма?

4-топ: 4-проблема: Кристалдық сахарозада иондар бар ма?

Дифференциация: Мұғалім топтардың жұмысына бақылау жүргізіп, қажет болса қолдау көрсетеді.



Ой бөлісу кезеңі.

Оқушылар өз зерттеулерімен таныстырады.

Бағалау: Әр топ ой бөліскенде қалған топтар тыңдап, сұрақтар қояды. Мұғалім жасаған жұмыс бойынша кері байланыс жасайды. Оқушылар түсіндірмесінде қателіктер болса, мұғалім дұрыстайды.

Мұғалім қорытындысы:

Демек, заттардың электрөткізгіштік қабілеті қатты күйінен еріген немесе балқыған күйде болғанда өзгереді.Оқушыларды электролиттер мен бейэлектролиттер (2-қосымша) кестесімен таныстырады.




Электрөткізгіштікті тексеретін құрал, сәйкес қосылыстардың қатты күйі мен ерітіндісі

1-қосымша

Оқулық 9-класс химия-Электролиттер және бейэлектролиттер мәтін

2-қосымша




Сабақтың соңы

3 минут


Оқушылар рефлексия тапсырмасын орындайды.

3-қосымша

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы




Дифференциация – оқушыларға әртүрлі қосылыстарды атау беріледі, оқу мотивациясы жоғары оқушы орта және төмен оқушыға қолдау көрсетеді


Бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері.

Осысабақтақолданылатын

Қауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары


Сабақбойыншарефлексия
Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.




Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет