Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
4 сынып Ана тілі Сабақ № Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы:Елтаңба мен Ту туралы жыр
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды Е геменді елдігімізді айқындайтын мемлекеттік рәміздеріміз туралы тереңірік таныстыру. Халық тағдыры туралы сыр шертетін ұлттық нышандарымыздың құрылымымен танысу. Мемлекеттік Елтаңбамыздың, туымыздың әрбір элементінің көздеген мағынасы мен терең танымдық мәнін сезіну және өзгеге жеткізу.Оқушы бойына мақтаныш сезімін ұялату.
Дамытушылық: Отанымыздың байлықтары туралы білімдерін байыту, тереңдету, дамыту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанымызды сүюге, қастарлеуге, қорғауға тәрбиелеу. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Еңбекке баулу, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. «Ел рәміздері» суреттер .
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.