Сабақ жоспарлары Орындаған: Мамандығы 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» Біліктілігі 0103023


Тақырыбы: « Пойызбен саяхат» Негізгі қимылдар



бет4/20
Дата11.12.2021
өлшемі54,5 Kb.
#99295
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
бала бакша жоспар
бала бакша жоспар, 640333, 25-11 13-13, 11-с,бжб.2-тоқсан, 25-11 06-15
Тақырыбы« Пойызбен саяхат»

Негізгі қимылдар: Шеңбер жасап сапқа тұру.

Саптізбекте бір-бірден белгі бойынша аялдап, бірқалыпты жүру.

Мақсаты: Бағытты сақтап, нұсқаушының белгісі бойынша аялдап, саптізбекте жүруді үйрету. Шеңбер жасап сапқа тұра білуін бекіту .Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: Саяхат-прогулка, шеңбер-круг

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Кіріспе бөлім:

Балаларға сап тізбекте тұруға белгі беру.

-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Ұсынылған жағдаятқа

қатынасын көрсету

-Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады.

-Сәлеметсізбе!

-Көңіл күйіміз жақсы.



Ұйымдастыру-іздестіру

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді

Жаттығуларды атайды.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді.

Балаларға бастарын төмен түсірмей, иықтарын тік ұстауын және қолдарын белге қойып жүрулерін естеріне салады.

Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалайды.



  1. Шеңбер жасап сапқа тұру.

-Нұсқаушының белгісімен балалар шеңберден шашырап жүреді.

-Қайта берілген белгі бойынша балалардың шеңбер жасап тұруына нұсқау беру
2.Саптізбекте бір-бірден белгі бойынша аялдап, бірқалыпты жүру.

Балаларды қолдау және мадақтайды.

«Ең шапшаң» ойынын ұйымдастырады.

Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестен діру).

-Негізгі әрекеттерді орындау (балалар белгі бойынша шеңбер жасап сапқа тұрады)

-нұсқаушының белгісі бойынша шашырап жүреді.

-қайта берілген белгіде саптізбекте өзінің орнын сақтап шеңберде тұрады).

-балалар саптізбекте жүреді белгі берілген кезде тоқтайды, қайта берілген белгіде шеңбер бойымен жүреді.

-Балалар екі топқа бөлініп ойнайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет