Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Германияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне баға беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Тақырыпты игеру мұғалім Герминияға жоспар бойынша жалпы сипаттама беруден бастайды.
а) экономикалық-географиялық және геосаси жағдайы
ә) аумағының құрамы
б) табиғат ресурстары
в) табиғатты қорғау
г) халқы
ЭГЖ және саяси жағдайы бойынша саяси картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтап, басты ерекшелігін ашамыз. Мысалы, Германия ФР Еуропаның батысы және шығысының шектесетін бөлігінде орналасқан. Солт-де Балтық және Солтүстік теңізімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы, аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуы қолайлы әсер етуі. Осы елдің геосаяси жағдайына, НАТО ұйымына кіруі, Германияның бірігуі туралы толықтай мәлімет келтіреді.
Аумағының құрамы туралы айтқанда жерінің ауданы, Батыс Еуропадағы алатын орнының ерекшелігі туралы, мемлкеттің құрылымына, басқару формасына сипаттама береді.
Табиғат ресурстарын сипаттағанда, атлас карталарын пайдаланып, Германияның табиғат жағдайларының басты ерекшеліктерін анықтайды. Одан соң кен орындары мен пайдалы қазбаларға мысал келтіреді.
Табиғат қорғау шарлары, соның ішінде табиғат қорғау мәселесіне, қазіргі заманғы табиғат қорғау шаралары, ұлттық саябақтары мен қорықтар турлы айтады.
Халқы туралы айтқанда: саны, табиғи өсімі, ұлттық, діни құрамы, қала мен ауыл халқы мен агломерациялар, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сияқты басты мәселелер нақты мысалдар негізінде сипаттайды.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.
Сосын Германия туралы қысқаша конспект жазып отырады.
Атластарын пайдаланып, Германияға сипаттама береді.
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?
2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?
3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?
4. Халықтың ұлттық құрамы қандай?
5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда?
|
Балалар параграфты оқып шығып, сұрақтарға жауап береді.
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Кескін картаға Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендері мен ірі теңіз порттарын түсіру.
3. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тізімін жазу.
4. «Неміс халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.
|
Қоштасады.
|
Күні:
Тақырыбы:
Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Германияның шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Германия шаруашылығының басты бағыттары және өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басты ерекшеліктерімен, көлік түрлері жүйесі мен туризмнің даму деңгейі, оның дамыған аудандары туралы білік-дағдыны қалыртастыру. Германияның туристік объектілерімен, Қазақстанмен өзара қарым-қатынасымен, оны дамытудың басты бағытымен, корпорациялары мен фирмаларының жұмыс түрлерімен танысу.
Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Германияның шаруашылық құрылымына салыстырмалы сипаттама, елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына баға беру, елдің ауыл шаруашылықтарын анықтау, ең дамыған көлік түрлерін сипаттап, бағытына баға беру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кескін карталарын тексеріп, ЕО-қа кіретін елдер саны мен тізімін сұрайды. Сосын балалардың хабарламаларын тыңдайды. Сосын келесі сұрақтарды қояды:
1. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?
2. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.
3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?
4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?
5. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?
6. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?
7. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?
8. Халықтың ұлттық құрамы қандай?
|
Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. « Неміс халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары» деген тақырыпқа хабарлама оқиды.
|
ІІІ
|
Тақырыпты түсіндіруді белгілі бір жоспарға сүйенеді. Ең алдымен, шаруашылықтың дамыу алғышарттары жергілікті шикізат негізінде қалыртасқан дәстүрлі маманданған салаларына құрылымдық өзгерістер мен жаңа технологиялыққ жетістіктер енгізу нәтижесінде күшті дамуы және ғылымды көп қажет ететін, экпортқа бағытталған жаңа салалардың пайда болуы және өнеркәсіп өндірісінде ірі монополияның үстем болуы болды.
Бұдан соң елдегі аса маңызды өнеркәсіп орталықтары туралы айтады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде машина жасау өнерекәсібімен көзге түсетінін айтады. Мысалы, «Даймлер-Крайслер» («Мерседес» автомобильдері мен аэроғарыштық техника өндірісі), «Фольксваген», «БМВ» (автомобиль жасау), «Сименс» (электроника, электр техника), «Дойче телеком» (ақпарат тарату техникасы), «Бош» (электр техникасын жасау), жеңіл автомобиль жасау зауыттары туралы айтады. Одан кейін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстары, ақпараттық технологиялар, аудио, видео, компьютерлік сақтау құралдары «Эмтек» маркасымен шығарылатыны туралы айтады. Германияның «химиялық держава» деп аталуына назар аудартады.
Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығына тоқталып, сосын өсімдік шаруашылығының орталықтарына сипаттама береді.
Осыдан кейін көлік жүйесіне тоқталады. Басты көлік құралы – автомобиль. Көлік көлігі ішінде су көлігі – өзен мен теңіз көлігіне басты назар аудартады. Ірі порттарын атап, әуә көлігінің халықаралық маңызы бар негізгі авиакомпания - «Люфтганзе» т.б. мысал келтіреді.
Содан кейін СЭБ туралы айтады, басты назар ЕО-ң құрамына енуі, сыртқы саудаға айрықша мән беруі, Германияның басты сауда серіктестіктері – д.ж.-де жетеші елдердің болуы (Франция, Жапония, АҚШ, Италия, Ұлыбритания т.б.).
Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас 1992ж бері дамып келе жатқандығын айтады. Германия инвесторлары көбінесе, Қарағанды, ШҚ, Павлодар және Қостанай облыс кәсіпорындарын дамытуға салады.
Туризм туралы айтқанда, табиғи ландшафтылар: солтүстік жағалау, аралдар, оңтүстіктегі таулы аудандар, Боден көлі, Бавариядағы шағын көлдер, өзен аңғарлары, тарихи-мәдени ескерткіштер. Ресми түрде елде 80-нен астам туристік маршрут бар.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Германияның д.ж.шаруашылықтағы орны қандай?
2. Өнеркәсібінің негізгі салалары қандай?
3. Елдің ауыл шаруашылығы құрылымындағы аумақтың айырмашылықтары немен түсіндіріледі?
4. Германияда ең дамыған көлік түрі қайсы?
5. Сыртқы сауда серіктестіктеріне қай елдер жатады?
|
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Үзіліске шығады.
|
Күні:
Тақырыбы:
Ұлыбритания. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Ұлыбританияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Ұлыбританияның ірі қалаларымен, «ағылшындық салт-дәстүрлердің» ерекшеліктерімен, спорттық ойындардың түрлерімен танысу.
Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, Ұлыбританияның тарихи-географиялық аймақтарының құрамына, мемлекеттік құрылысына, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне, халықтың ұлттық құрамына баға беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Тақырыпты түсіндіру Ұлыбритания еліне жалпы шолудан басталады.
Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, осы мәселелер бойынша оқулық мәтіні мен атластарын пайдаланып, өз беттерінше талқылаңдар деп тапсырма береді.
1. Елдің басты ерекшеліктері. Мемлекеттік құрылымы мен ЭГЖ туралы: -ресми атауы; орналасқан жері; -тарихи аталуы; мемлекеттік шекаралары; елдің ЭГЖ-ң ерекшеліктері; қолайлығы; -елдің геосаяси жағдайы; -мемлекеттік құрылымы, басқару формасы; -тарихи провинциялары; елдің басты саяси күштері; -елдің саяси және экономикалық ұйымдары; елдің халықаралық ұйымдарға кіруі.
2. Елдің табиғаты мен табиғат ресурстарына сипаттама беру жоспары: жер бедерінің басты ерекшелігі; географиялық орнының ерекшелігі; климаттық жағдайының басты ерекшелігі; ішкі сулары – өзендері мен көлдері; орман ресурстары; табиғат ресурстары, оның түрлері мен қорлары, орталықтары; табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қолайлығы.
3. Халқы туралы: Британ аралдарының байырғы тұрғындарының тарихи қалыптасуы; ағылшын ұлтының қалыптасуындағы тарихи оқиғалар; халық саны, орташа тығыздығы, ең тығыз қоныстанған ауданы, оның себебі; ірі қалалары; ауыл халқы; ел халқының қазіргі ұлттық құрамы; ағылшын ұлтының өзіндік салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері; тілдік ерекшеліктері, діни бағыттары; еңбек ресурстары; елдің спорттық ойындарының түрлері, нақты мәліметтер, мысалдар келтіру.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.
Сосын Ұлыбритания туралы оқулық мәтінін оқып, өз беттерінше талқылайды.
Атластарын пайдаланып, Ұлыбританияға сипаттама береді.
|
ІІІ
|
Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?
2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?
3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?
4. Халықтың ұлттық құрамы қандай?
5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда?
|
Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Сосын сұрақтарға жауап береді.
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. §5, 6 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Германияның шаруашылық құрылымының басты белгілерін анықтау.
3. Ұлыбританияға берілген жоспар бойынша толық сипаттама беру.
4. «Ұлыбританияның қалалары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.
|
Қоштасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |