Күні:
Тақырыбы:
Орта Еропа елдері. Нидерланд
Білімділік мақсаты – Орта Еуропа елдерінің жетекші елі туралы білім беру. Орта Еуропа елдерінің ортақ белгілері мен ішкі айырмашылықтары, Нидерланд елінің аймақтағы, халықаралық деңгейдегі алатын орны, табиғаттың шаруашылықты дамытудағы роліне, халқы туралы басты көрсеткіштер, шаруашылығының басты бағыты, көлік жүйесінің түрлері, олардың халықаралық маңызы, сыртқы экономикалық байланыстарының түрлері, «Бенилюкс» ұғымы мен «Голландия», «Амстердам», «Роттердам» атауларының мағынасы туралы білік-дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарға сүйене отырып, Нидерландтың геосаяси жағдайын, экономикалық-географиялық орнының шаруашылық дамуына әсерін, елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер ететін жағдайларды талдау, халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграмма мен кесте құрастыруға, шаруашылығына баға беруге үйрету. Қосымша ақпарат көздері арқылы Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстармен және туристік объектілермен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Еуропаның саяси картасы, «Орта Еуропа елдерінің құрамы» атты кесте, Нидерланд елінің экономикалық картасы, «Нидерланд өнеркәсібінің құрылымы» атты сызбанұсқа, «Роттердам портының сызбасы» атты сурет.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Бұл топтағы елдердің құрамына талдау жасайды, осы елдердің жетекші елі – Нидерландқа жалпы шолу жасайды:
Мемлекеттік құрылымы
Геосаяси жағдайы
Табиғатының басты ерекшелігі
Халқы туралы
Шаруашылығына баға беру
Көлік жүйесі
Сыртқы экономикалық байланыстары
Осы жоспар бойынша талдау жасайды.
|
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
Нидерландтың геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық орны шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?
Елдің «Голландия» деп аталуының қандай мәні бар?
«Амстердам», «Роттердам» атаулары қандай мағына береді?
Нидерландтың ірі алып концерндері қалай аталады?
«Бенилюкс» деген ұғымды қалай түсінуге болады?
Ауыл шаруашылығының қандай салалары дамыған?
|
|
ІV
|
Үйге тапсырма:
1. Солтүстік Еуропа құрамына кіретін елдерге арналған кесте құрастыруды аяқтау.
2. Қосымша ақпарат көздерін және оқулықты пайдаланып, өз қалауларың бойынша Солтүстік Еуропаның бір елі туралы хабарлама дайындау. Жеке елге сипаттама беру жоспары оқулықтағы қосымшада берілген.
3. Елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер еткен жағдайларға талдау жасау. Жауапты нақты мысалдармен толықтыру.
4. Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар туралы хабарлама дайындау.
5. Оқулық мәтінін пайдаланып, халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграмма құрастыру.
|
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Үзіліске шығады.
|
Күні:
Тақырыбы:
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Оңтүстік Еуропа елдерінің жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру. Оңтүстік Еуропаның басты ерекшеліктері, Испанияның экономикалық-географиялық жағда йының, табиғат жағдайының өмір сүруге, шаруашылықты дамытуға қолайлылығы, халқы туралы көрсеткіштер, өнеркәсібінің салалары, ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, көлік түрлері, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білік-дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Испанияның табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылығының мамандануы мен орналасуына әсерін сипаттау, экономикалық-географиялық жағдайына баға беру, ауыл шаруашылығы дақылдарының таралған аудандарын анықтау барысында кесте, диаграмма түсіруге, салыстырмалы сипаттама беруге үйрету. Испанияның туристік объектілері мен дамыған туризм түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Оңтүстік Еуропа елдерінің экономикалық картасы, «Жерортатеңіздік өркениет аумағындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» атты сурет.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Солтүстік Еуропа құрамына кіретін елдерге арналған кестені,елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер еткен жағдайларға талдауларын және халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграммаларын тексереді, кейін Солтүстік Еуропаның бір елі туралы, Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар туралы хабарламаларын тыңдайды.
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Елдің «Голландия» деп аталуының қандай мәні бар?
2. «Амстердам», «Роттердам» атаулары қандай мағына береді?
3. «Бенилюкс» деген ұғымды қалай түсінуге болады?
|
Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.
|
ІІІ
|
Тақырыпты түсіндіруде оңтүстік Еуропа елдеріне жалпы шолудан бастап, одан әрі қарай мынадай жоспар түрінде:
Оңтүстік Еуропа – үш дүние бөлігі аралығын жалғастырушы аймақ;
Жерорта теңізіне сұғына еніп тұрған Апеннин, Пиреней, Балқан түбектерін алып жатуы;
Ежелгі жерортатеңіздік өркениеттің орталықтары;
Ұлы географиялық ашылуға себепші болғандығы;
аймақта католиктік діннің басымдылығы;
халықаралық туризмі дамыған орталықтардың кездесуі;
субтропиктік дақылдардың өнімі экспортқа шығарылатын аймақ деген сияқты басты ерекшеліктеріне талдау жасалады.
Испанияның туристік орталықтарына сипаттама берілуі тиіс. Мысалы, демалыс орындары және елдегі тарихи ескерткіштер туралы.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.
Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Испанияның табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылығының мамандануы мен орналасуына қалай әсер етеді?
2. Ел өнеркәсібін одан әрі өркендеуге қандай кедергілер бар?
3. Испания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды болашақта қай бағытта дамытқан қолайлы?
|
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Үзіліске шығады.
|
Күні:
Тақырыбы:
Шығыс еуропа елдері. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы туралы білім беру. Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат жағдайының ел шаруашылығын дамытудағы ролі, табиғат ресурстары туралы білік-дағлыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Шығыс Еуропа елдерінің ортақ белгілеріне, табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының көптүрлілігіне, олардың ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету. Оқулық материалдары, көмекші ақпарат көздері арқылы Шығыс Еуропа халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық картасы, Еуропаның физикалық картасы, «Шығыс Еуропа елдерінің демографиялық көрсеткіштері» атты кесте
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Аймақ құрамына сипаттама береді. Аймақ құрамы: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Словения, Хорватия, Босния және Герцоговина, Македония, Албания, Балтық бойы елдері – Латвия, Литва, Эстония. Осы аймақтағы елдерге:
экономикалық-географиялық жағдайына және геосаяси жағдайына;
табиғат жағдайлары мен ресурстарына;
халқы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйене отырып, нақты мәліметтер келтіреді.
Шығыс Еуропа елдері шаруашылығының басты бағыты
Өнеркәсібінің салалары
Ауыл шаруашылығы
Көлігі
Географиялық байланыстары
Ішкі экономикалық айырмашылықтары
|
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
Аймақ елдерін біріктіруге не себепші болды деп
Табиғат жағдайларының басты ерекшеліктері қандай?
Қандай табиғат ресурстары көп таралған?
Қандай ұлт өкілдері мекендейді?
Аймақ елдерінің басты маманданған шаруашылық салаларына не жатады?
Болгарияның халықаралық еңбек бөлінісіндегі маманданған салаларын атаңдар.
Аймақтың қандай елдерінде ауыл шаруашылығы аса қырқынды дамыған, оның себебі неде?
|
|
ІV
|
Үйге тапсырма:
1. Саяси карта мен оқулық қосымшасын пайдалана отырып, аймақтағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларын сипаттап, оның тиімді жақтарын анықтау.
2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдалана отырып, әрбір елдің табиғат ресурстарының түрлерін, олардың ел экономикасын дамытудағы ролін анықтау.
3. Аймақтағы саяси құрылымында өзгерістер жүріп жатқан елдерді анықтау.
4. Шығыс Еуропа елдерінің бір-бірімен ұқсастық, айырмашылық жақтарын анықтап, себептерін түсіндіру.
5. Оқулық материалдарына сүйене отырып, экономикалық үш топтағы елдерге сипаттама беру.
|
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Үзіліске шығады.
|
Күні:
Тақырыбы:
Чехия
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Чехия елінің басты ерекшелігі туралы білім беру. Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, елдің тарихи қалыптасу кезеңдері, халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктері, шаруашылығын дамытудың алғышарттары туралы білік-дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарды басшылыққа ала отырып, елдің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін, шаруашылығының көп салалы болып дамуының бсты шартын анықтау, туристік объектілердің маңызына, сыртқы экономикалық байланыстарына сипаттама беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Чехияның экономикалық картасы, «Чехияның сауда әріптестері» атты сурет.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Шығыс Еуропа аймағындағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларын сипаттауларын және экономикалық үш топтағы елдерге сипаттама берулерін тексереді, кейін келесі сұқрақтар бойынша ауызша жауаптарын тыңдайды:
1. Аймақтың әрбір елінің табиғат ресурстарының түрлерін, олардың ел экономикасын дамытудағы ролі.
2. Аймақтағы саяси құрылымында өзгерістер жүріп жатқан елдер
Шығыс Еуропа елдерінің бір-бірімен ұқсастық, айырмашылық жақтары, олардың себептері
|
Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.
|
ІІІ
|
Тақырыпты түсіндіруде Чехияға жалпы шолудан бастап, одан әрі қарай мынадай жоспар түрінде:
Аумақтың құрамы, экономикалық-географиялық жағдайы
Мемлекеттік құрылымы
Табиғат жағдайлары, табиғат ресурстары
Халқы
Шаруашылығы
Сыртқы экономикалық байланыстары
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.
Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Елдің экономикалық-географиялық жағдайының қандай басты ерекшеліктері бар?
2. Елдің мемлекет болып қалыптасуында қандай тарихи кезеңдері болды?
|
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Үзіліске шығады.
|
Күні: Ямышев мектебі – 23.11.2011
Тақырыбы:
№1 сарамандық жұмыс
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Еуропа елдерінінен аумағы бойынша, халқының саны бойынша, жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі бойынша, урбандалу деңгейі бойынша халқының тығыздығы бойынша алғашқы бестікке кіретін елдерді анықтау. «Еуропаның минералды ресурстары» атты кесте құрастыру. Солтүстік және Оңтүстік Еуропаның екі шағын капиталистік еліне жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беру
Достарыңызбен бөлісу: |