Сабақ жоспарлары сынып: 11 а мұғалім: Саян Қасенұлы Баужанов Сағат саны: 34 сағат Аптасына: 1 сағаттан



бет4/7
Дата08.07.2017
өлшемі0,93 Mb.
#20909
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7


Күні:

Тақырыбы:

Италия. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Италияның мемлекеттік құрамы мен құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Италия аумағының құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы, геосаяси жағдайы, табиғат жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары, халқы туралы мәліметтер беріп, білік-дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталар көмегімен Италияның табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға әсеріне, табиғат ресурстарының негізгі топтарына, табиғат қорғау шараларының түрлеріне баға беруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Италияның физикалық және саяси-әкімшілік картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Франция аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға берулерін тексереді, кейін кескін карталарын тексеріп, бағалайды. «Францияның туристік объектілері» деген тақырыпқа хабарламаларын тыңдайды.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Франция ЭГЖ-ның басты ерекшелігі қандай?

2. Шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер?

3. Сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;

4. Табиғаты мен табиғат ресурстары.

5. Ірі қалаларына мысал келтіріңдер.

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. «Францияның туристік объектілері» туралы хабарлама оқиды.

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді Италияға жалпы шолудан бастайды. Ол мәліметтер тақырып басында берілген. Одан кейін мынадай жоспар бойынша сипаттама беріледі.

  1. Италияның аумақтық құрамы мен экономикалық-географиялық, геосаяси, жағдайы;

  2. Елдің табиғат жағдайының басты ерекшеліктері мен табиғат ресурстарының түрлері;

  3. Табиғат қорғау шаралары;

  4. Халқы туралы мәліметтер.

Сосын мұғалім балаларды топтарға бөліп, әрқайсыларына өз тақырыптарын бөліп береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.

Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Италияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі неде?

2. Табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қандай әсері бар?

3. Қандай табиғат ресурстрына бай?

4. Табиғат қорғауда қандай шаралар ұйымдастырылуда?

5. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.



Күні:

Тақырыбы:

Италияның шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Италия шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Оның басты бағыты, шаруашылық жүйесі, ел экономикасының аса маңызды салалары, көлік географиясы, оның түрлері мен тораптары, сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы, Италия «Еуропаның басты бағы», «Күн жолы» атты ұғым туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтінінің, тақырыптық карталардың көмегімен Италия шаруашылығының басты бағытына, өнеркәсібінің жетекші салаларына, солтүстік пен оңтүстіктің даму деңгейлеріне салыстырмалы сипаттама, ел өнеркәсібінің орналасу заңдылықтарына талдау жасау, ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін түсіндіруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Италияның экономикалық картасы, «Солтүстік және Оңтүстік Италия» атты сызбанұсқа, «Италия экономикасы» атты сурет

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Италия шаруашылығының басты бағытына, шаруашылық жүйесіне, ел экономикасының аса маңызды салаларына сипаттама береді. Кейін, жоспар құрып, соның негізінде мәліметтер келтіріп, теориялық білімді қалыптастыру керек. Мұғалім өзінің айтар ойын белгілі бір жүйеге келтірі, келесі жоспар бойынша баяндайды:

1. Италия шаруашылығының басты бағыты;

2. өнеркәсібі, оның салалары;

3. өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуы;

4. ауыл шаруашылығының жетекші салалары;

5. көлігі, көлік жүйелері;

6. Италияның сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;

7. туризм туралы мәліметтер беріледі.




ІІІ

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

  1. Италия шаруашылығының басты бағыттары қандай?

  2. Өнеркәсібінің қандай жетекші салалары бар?

  1. Италияны «Еуропаның басты бағы» деп неліктен атаған?

  2. «Күн жолы» атты ұғымды қалай түсінуге болады?

  3. Италияның «алтын қалалары» деп неліктен аталған?




ІV

Үйге тапсырма:

1. Оқулық мәтінін пайдаланып, Италияның табиғат ресурстарының негізгі топтарын анықтау, ел өнеркәсібінің орналасу заңдылықтарына талдау жасау.

2. Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтерді пайдаланып: а) халықтың жас құрылымын; ә) еңбек ресурстары құрылымын бейнелейтін дөңгелек диаграммалар құрастыру.

3. Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін түсіндіру.

4. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып «Италияның тарихи және мәдени ескерткіштері» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.

5. Хрестоматиядағы Италия қалалары туралы, туристік объектілері туралы мақалалармен танысып

6. «Дидактикалық материалдардағы» «Еуропаның жоғары дамыған елдері» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындау.

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


Күні:



Тақырыбы:

Батыс Еуропаның шағын капиталистк елдері. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне шолу. Солтүстік Еуропа елдері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері туралы білім беру. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің құрамының ерекшеліктерін, экономикалық-географиялық жағда йының халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылықты дамытуға тигізетін әсері, геосаяси жағдайының қолайлылығы, қазіргі кездегі дүниежүзілік саясаттағы шағын елдердің ролі, халық туралы білік-дағдыны қалыптастыру; табиғат жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары, халқы туралы мәліметтер беріп, білік-дағдыны қалыптастыру.

Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері туралы білім беру. Солтүстік Еуропа елдерінің құрамы осы елдерге тән ортақ белгілер мен басты айырмашылықтар туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарға сүйене отырып, осы аталған аймақтың құрамындағы елдерге салыстырмалы сипаттама, табиғат жағдайының шаруашылық тұрғыдан баға беру, ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай топтастыру бағытында кесте-диаграмма құрастыруға үйрету; Солтүстік Еуропа елдерінің орналасу ерекшеліктеріне, құрамы мен мемлекеттік құрылымына, экономикалық-географиялық жағдайына, шектесіп жатқан теңіздердің адамның өмір сүруіне, шаруашылығының дамуына тигізетін әсеріне, дүниежүзілік нарықтағы Солтүстік Еуропа елдерінің алатын орнына диаграмма құру арқылы баға беруді үйрету. Қосымша ақпарат көздері арқылы халқының салт-дәстүрлері, экологиялық жағдайымен және туристік объектілерімен танысу.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, «Батыс Еуропаның шағын мемлекеттері» атты кесте, «Батыс Еуропаның аймақтары мен елдері» атты сурет, хрестоматия, дидактикалық материалдар, Солтүстік Еуропа елдерінің саяси-аумақтық бөліну кестесі

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Франция аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға берулерін, халықтың жас құрылымын, еңбек ресурстары құрылымын бейнелейтін дөңгелек диаграммаларын тексереді, кейін ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін сұрап, бағалайды. «Италияның тарихи және мәдени ескерткіштері» деген тақырыпқа хабарламаларын тыңдайды. «Еуропаның жоғары дамыған елдері» тақырыбы бойынша тапсырмаларын тексереді.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Италия ЭГЖ-ның басты ерекшелігі қандай?

2. Шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер?

3. Сыртқы экономикалық байланыстары


Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне жалпы шолудан бастайды. Оқулық соңындағы мәліметтерді пайдалана отырып, мынадай жоспар бойынша сипаттама беріледі:

  1. Елдер құрамы

  2. Ауданы, км2

  3. Халық саны, млн. адам

  4. Қала халқы (%)

  5. Астанасы

  6. Мемлекеттік құрылымы

Солтүстік Еуропа елдерінің орналасу ерекшеліктерімен және құрамымен, мемлекеттік құрылысымен танысу қажет. Одан соң географиялық жағдайының, шектесіп жатқан теңіздердің адамның өмір сүруіне, шаруашылығының дамуына тигізетін әсеріне тоқталып, мысал келтіру керек. Кейін халқына, оның орналасу ерекшелігіне, орташа тығыздығына тоқтала отырып, халықтың ұлттық құрамын, аймақтың байырғы тұрғындары жайлы, діні, жас ұзақтығы туралы айта отырып, оған әсер етуші себептерді ашу қажет.

Оқулықтағы «Солтүстік Еуропаның экономикасы» атты суретті талдайды. Дүниежүзілік нарықта Солтүстік Еуропа елдерінің «үстем» болатын салаларына – балық аулау мен кит кәсіпшілігі, ағаш өңдеу мен целлюлоза-қағаз өндірісі, кеме жасау, сүт тағамдарын өндіретіндігін, Швеция болат балқыту, машиа жасаудан, Норвегия электр энергиясын өндіру, түсті металлургия жөнінен айрықша көзге түсетіндігі жайлы мәліметтерді айту қажет. Тақырыпты осы елдер экономикасының тұрақты дамуына аймақтағы өте қолайлы геосаяси жағдайы да өз әсерін тигізетіндігі туралы мәліметтермен қорытындылайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.

Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

  1. Осы аталған аймақтың құрамына қандай елдер кіреді?

  2. Қазіргі кездегі дүниежүзілік саясатта шағын елдердің ролі қандай?

  3. Осы елдердің қандай атақты туристік объектілерін білесіңдер?

  4. Осы аталған елдердің шаруашылықтарында қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

1. Солтүстік Еуропа елдерінің құрамына қандай елдер кіреді?

2. Осы аталған елдердің шаруашылығын дамытудағы табиғат жағдайының қандай әсері бар?

3. Солтүстік Еуропада қандай халықтар мекендейді?

4. Дүниежұзілік нарықтағы Солтүстік Еуропа елдерінің алатын орны қандай?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет