Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мектебі Сыныбы Кабинеті



Дата24.05.2017
өлшемі110,05 Kb.
#17012
түріСабақ

Күні:01.03.2017

Пәні:Биология

Пән мұғалімі: Г.Б.Аязбаева

Сынып: 6«а»

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Мектебі

Сыныбы

Кабинеті

Аязбаева Гүлбаршын

Ақшұқыр мектеп-лицейі

11«ә»сынып

311 биология кабинеті

Сабақ тақырыбы

Лалагүл тұқымдастары,гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер,тіршілік формалары,олардың маңызы.

Жалпы мақсаты

1. Оқушыларда лалагүлділер тұқымдасы,гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктері мен тіршілік формалары,маңызы туралы түсінік беру

2.Оқушыларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Міндеттер:

Жаңа тақырыпты оқушылардың білімі арқылы бастау

Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, белсенділікті арттыру

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.


Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығуы

Оқушыларды оқуға мұғалім бағыттап отыру

Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Топпен жұмыс жасауға дағдыланады..



Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгере отырып, топта жұмыс жасай біледі, белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады. Тапсырмалар орындау нәтижесінде білім, білік дағдылары қалыптасады

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушылардың өмірден алған білімдеріне, білетініне сүйену

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру



Сабақта қолданылатын материалдар:

Көрнекіліктер топтамасы. Слайд,тапсырма жазылған қағаздар,бағалау жұлдызшалары

Оқыту әдіс-тәсілдер:

АКТ,СТО, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Дерек көздері:

Р.Әлімқұлова,Ә.ӘметовЖ.Қожантаева «биология» 6-сынып

Слайдтар, сабақ жоспары, интернет ресурстары



Тапсырмалар:

Өткен сабақ тақырыбына тест,жаңа тақырыпқа кесте толтырып талдаңдар,сұрақ-жауап

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

Сәйкесін тап,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,»Миға шабуыл»,жұмбақ шешу,зертханалық жұмыс орындау

Сабақта қолданылатын модульдер

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,сыни тұрғыдан ойлау СТО,Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;Тақырыптық зерттеу жүргізу;



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал 1 минут

«Ой қозғау»

Оқушылар көздерін жұмып отырып, өздері жақсы көретін гүлдердің , жемістердің түстерін ойлау.



Топтарға бөлу (2 минут)

«Қызғалдақ» және «Лапыз» гүл аттары бойынша топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

«Миға шабуыл» Сұрақтарға жауап беру

Оқушылар ойларын жинақтайды



Мағынаны тану 20 минут

1.Жаңа ақпарат жазылған үлестірмелер тарату


Сәйкестендір,деңгейлік тапсырмаларға жауап береді.

Сергіту сәті (1 минут)

Оқушылар сергітуді орындайды

10 минут

1.Сен білесің бе?

2. Сәйкестендіру тапсырмаларын ұсыну,видеоны тамашалау,деңгейлік тапсырмалар,ой толғау




1 . Лалагүлділер тұқымдасы,гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктері мен тіршілік формалары,маңызындағы қатені анықтап, жауабын негіздейді.

2. «Ой қозғау» сұрақтарға жауап беру.

Зертханалық жұмыс №26 орындайды.


Бағалау (2 минут)

Бақылайды, бағалайды

Алдарына берілген бағалау парақшасы бойынша, өзара бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

(1 минут)

Үйге тапсырма (1 минут)

Лалагүлділер тұқымдасы,гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктері мен тіршілік формалары,маңызы.№26 зертханалық жұмыс

Күнделікке жазады.




«Миға шабуыл»
1. Бұршақ тұқымласы қай класқа жатады?
2. Ғаламшарда қанша түрі бар?
3. Қазақстанда қанша түрі бар?
4. Жемісі қалай аталады?
5. Бұршақ тұқымдастардың маңызды ерекшелігі қандай?
6. Қалай тозаңданады?
7. Құрылысына қарай күлтелері қалай аталады?
8.Тағамға пайдаланатын түрлерін ата
9. Сәндік және улы түрлерін ата
10.Топырақ құнарлылығын арттыратын себебі не?
Сызықтық диктант. «Иә» немесе «Жоқ»
1.Қазақстанда 900 түрі бар
2.Соя, жантақ, қараған, тентекмия- бұршақ тұқымдастар
3.Бұршақ тұқымдастардың жемісі – жидек деп аталады
4. Құрамында нәруыз көп болады
5.Тектекмия – тағамдық дақыл
6.Өздігінен тозанданатын түрлері бар
7. Гүл бөліктері «желкен, ескек, қайықша» деп аталады
Күрделігүлділер тұқымдасының сипаттамасы, сан алуандығы. Гүлді өсімдіктердің ең көп таралған тобы – күрделігүлді өсімдіктер. Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі өседі. Бұлар – негізінен алғанда шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер – көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталған себетгүлден тұрады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалған тілшелі, шұқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл – көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) – малазықтық дақыл.

Қашқаргүл, бақытгүл, нарғызгүл (хризантема) – сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.
Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері. Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі – гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлте жапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп кеткен, жоғары бөлігінен бес тісше көрініп тұрады. Себетгүлдегі тілше гүлдерден 5 ұсақ тісшелері бар тақташалардың жазылып тұрғанын көреміз. Ал жалған тілшелігүлде 3 тісшелі жазылған тақташа болады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі – айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5)А(5) Ж(2) (бақбақ гүлі).

Мақсыр (сафлор) – тармақталған тік сабақты, біржылдық өсімдік. Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі – 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры – себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызыл-сары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі – тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дан 100-ге дейін жетеді.

Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25–37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға күнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады.

Солтүстік Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері –6, –10°С температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93–117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30–60 см болатындай етіп себіледі. Егу нормасы – 1 гектарға 8–15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5–8 см. Тұқымы толық пісіп, өсімдік қураған кезде комбайнмен шауып алады. Бітеу гүлдену кезінде – пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр – өте пайдалы өсімдік.

Өгейшөп – Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін күрделігүлділер тұқымдас, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Бір қызығы – өгейшөп жапырағын гүлдену соңынан жаяды. Оның биіктігі 10–25 см, сабағы – қабыршақты. Гүлсидамды сабақта бір ғана гүл болады. Қабыршақты сабақ өгейшөптің жерасты бөлігі – тамырсабақтан өсіп шығады. Торлы жүйкелі, бүйрек тәрізді ірі жапырақтары көзге бірден шалынады. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр – «салқындық» білдіреді. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше.

Күрделігүлділер тұқымдасына жататын белгілерді ата:
1.Гүлшоғыры-себетгүл
2.Жемісі-бұршаққап
3.Бірігіп өскен 5 аталығы бар
4.Жемісі-тұқымша
5.Аталығы-6
6.Гүлшоғырындағы гүлдердің бәрі жеміс бермейді
7.Күлтесі-5, тостағаншасы болмайды, кейде үлпекті айдарша тәрізді


.Түтікшелі гүлділер тұқымдас тармағы

А.Мақсыр

2.Тұқымшаларынан май алынады

Ә.Өгейшөп

3.Қазақстанда 4 түрі өсіріледі

Б.Бақбақ, қалуен

4.Тілше гүлділер тұқымдас тармағы

В.Мақсыр, күнбағыс

5.Себетгүлінде аналық та, аталық та гүлдері болады

Г.Күнбағыс, түймедағы




Тағамға

Дәрі ретінде

Сәндік түрлері

Улы түрлері

 

 

 

 

 


 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет