Оқушыларды рөлдік ойынға шақырады.
Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі!
Баласы: Әке бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой
Әкесі:Е,міне,жалғыз қайың қалыпты ғой,соны кесіп алайық.
Баласы: Әке,ол әлі жас қой,әлі өссінші. Обал емес пе,табиғаттың сәні ғой.
Әкесі: Неменеге табиғатқа жаның ашып қалды? Заманның бізге жаны ашымағанда,табиғатты біз ойлауымыз керек пе? Отынға не жағамыз? Көп сөйлемей ұста араның арғы басын.
(Ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)
Құс: Тимеңдерші бұл қайыңға,бұзбаңдаршы менің ұямды
Әкесі:Мына құс қайтеді өзі шиқылдап,балам таспен ұршы
Баласы:Әке ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты кеспей –ақ қояйықшы.
Әкесі:Өй,сен,көп сөйлемей ағашты кес.
Нәзік жүрек бола қалуын.Мәссаған!
Құс: (Сахнаға құлайды)
Ей,адамзат,ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын
Не қылады,не көреді артыңдағы ұрпағың?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып жапырағы өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?!
|
1 топ Өсімдіктер атынан сөйлейді
2-топ Құстардың атынан сөйлейді
3-топ Адамдардың атынан сөйлейді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
1.Ойлау керек орман жайын,ел жайын.
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай- ананы,
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын.
2.Табиғат байлықьтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі-ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат,сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат,алатұғын дем қымбат.
3.Осылайша табиғатқа бір қарап,
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-ананы аяласаң жан-тәнмен,
Боларсыңдар сендер де,дүниедегі ең әдемі.
4.Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай сіздер мен біздер болып,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Хормен: Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Мұғалім: Ендеше балалар бір тал кессек,он тал егіп еліміздің табиғатын көркейтуге үлес қосайық деп отыра сабағымызды аяқтайық.
|