(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) Дәптермен жұмыс.
Әлия туралы мәліметті түсініп оқып, дәптерге жазып алыңдар.
Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.
Ә) Сөздік жұмысы.
- Түсініксіз сөздердің мағынасын дәптерге жазып, мағынасын түсініп алыңдар.
Мәрмәр – құрылыста пайдаланылатын сәндi жылтыр тас.
Б) Мәтінмен жұмыс.
- Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңін біреуің дауыстап, мәнерлеп оқыңдар, ал қалғандың көңіл қойып тыңдаңдар.
- Өлең шумақтары бойынша сұрақ қойып, жауап беріңдер.
В) Автор туралы әңгіме.
- Түсініп оқып, өлеңнің авторы туралы әңгімелеңдер.
Сағи Жиенбаев (1934–1994) - Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. Балаларға арналған «Қарлығаш», «Сыйлық» атты жыр жинақтары бар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
Кейіпкер туралы мәліметтерді түсініп оқып, сыныптастарыңа әңгімеле.
Үзіліс: «Әлия» әнін тыңдату.
(Т) 2-тапсырма-«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
А) Тауып оқу.
- Қажетті сөздерді тауып, нақыл сөздерді жазыңдар, дауыстап айтыңдар.
Мәліметті, сөздікті дәптерге жазады.
Өлеңді тыңдайды.
Автор туралы әңгімелейді.
Ән тыңдайды.
-Тапсырманы талқылап, нақыл сөздерді жазады, оқиды.
|
Дескриптор:
Әлия туралы мәліметті дәптерге қатесіз көшіріп жазады-2балл.
Мәрмәр сөзін дәптерге жазып, мағынасын түсініп алады-2балл.
Дескриптор:
- Қажетті сөздерді тауып, нақыл сөздерді қатесіз жазады, дауыстап айтады-3балл.
|
Оқулық
|
Кері байланыс
5 мин
|
Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: өлеңді жаттау.
|
Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.
|
ҚБ қойылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |