Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
- «Мәншүк» өлеңін мәнерлеп айту.
- Өткен тақырыпқа қатысты бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер.
Оқу материалын жариялау «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы жүреді
Өткен сабақта кім туралы оқып білдік?
Мәншүк кім болған?
Мәншүктің шын есімі кім?
Мәнсия неліктен Мәншүк аталып кеткен?
«Мәншүк» өлеңінің авторы кім?
Мәншүк қандай қарумен соғысқан?
Мәншүк қатысқан соғыс қалай аталады?
Мәншүкке сипаттама бер.
Өткен тақырыпқа қатысты нақты бір оқушыға сұрақ қойып, жауап ал.
Батырлық, ерлік жайлы қандай мақал-мәтел білесің?
«Ер қаруы – бес қару» дейді, қару түрлерін ата.
Қазақтың батыр қыздарын ата.
Шығыстың қос шынары аталған, Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер?
Әлия Молдағұлова туралы не айта аласың?
- Олай болса, бүгінгі сабақта қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағұлова жайлы оқып білетін боламыз.
Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді.
|
Жаттығу жасайды.
Тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты ашады.
Топқа бірігеді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Дескриптор:
- Мәншүк» өлеңін мәнерлеп айтады-2балл.
-Қойылған сұраққа жауап береді-1балл.
|
доп
|