Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет11/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32

5-тапсырма. Батада қандай тілектер айтылғанын сөзбен жеткізіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.

бақыт қонсын

қызыр келсін

Дастарқан батасында денсаулығың зор

дастарқаның мол болсын

жарқыраған жол

Сұрақтар:

  1. Отбасыларыңда дастарқан батасы беріле ме?

  2. Берілсе, оны кім береді?

  3. Бата кезінде қандай қимыл жасалады?

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы:

Сұрақтар:

  1. Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқыңдар.

  1. Батыр Бауыржан бабасы мен әжесін, әке-шешесін қалай еске алады?

  1. Имаш ата немересіне қандай тілек айтады? Батаны қайталап оқыңдар.

  2. Бауыржан Момышұлының ерлігі жайлы не білесіңдер?

  3. Әңгімеде қазақтың қандай салт-дәстүрлері туралы айтылған?

Үйге тапсырма. 6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып келу.

Ұшқан ұя

Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті - менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен.

Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда «Сары кемпір» атанған. Жарықтық аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Әжем өзінің ұлдарына оңшең аққұба аруларды айттыруға ынтық болған.

Баласына қанша қатал болса да, әжем менің әкемді жақсы көріп, мақтан тұтып:

  • Бұл қара баланың түрі маған тартпаса да, ақылдылығы тарт ты, соған да құдайға шүкір, - деп отырар еді.

Әкем айтыс қуып, әндетіп, жүре-жүре отыз үш жасында Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін...

Рәзияның тұңғышы - Үбіш, онан кейінгілер Убиан, Сәлима, Әлима — кілең қыз бала болады.

Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң, Имаш ба­бам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті...

Әулиеатадан әкем қайтып келгенде ағайын-жекжат құтты бол­сын айтуға жиналып қалған екен.

  • О, Момыш, балаңның бауы берік болсын!

  • Ақментей бабасындай батыр болсын! – десіпті.

Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған екен.

  • Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі, - десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен:

  • Алатаудың қыраны мол еді - Қырағы болсын құлыным.

Қойнауы сұра мол еді - Бұл ары болсын құлыным.

Ата тілегі оң еді - Құмары болсын құлыным.

Бұл жер батырлар тері еді - Сыңары болсын құлыным. (Б.Момышұлы)

Бағалау
І-тоқсан. 17-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІ модуль. Өмірлік өнеге

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Ата-анаң бақытты болсын десең...

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Мақалды оқып, мағынасына назар аударыңдар

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар

Ата-ананды сыйласац...

Ата-анаңды сүйгендігіңнің бірінші белгісі - өзіңді сақтап, аман-есен, сау жүргенің.

Балам, анада бүтін жан болмайды. Оның жарты жаны әрқашан баласымен бірге. Сен жолға шықсаң, жолыңа қарап, сен келгенше мазасы кетіп, қолы іске бармай дегбірсізденеді. Балам, анаңды сыйласаң, ең оңай ережені есіңде ұстағын:

Ауырмауға тырыс, ауру туғызатын барлық жағдайдан қашық бол, суықтан сақтан, сапасыз тамақтан сақтан, көзсіз ерліктен сақтан, жалған намыстан сақтан, сатып кетер достан сақтан, жаман әдеттен: ішімдіктен, темекі тартудан — бәрінен сақтан. Олардан басқа мың жақсылық бар, сол жақсылықтардың жанынан табылып жүрсең, аман-сау боласың. Ата-анаға баласынан басқа бақыттың құны - көк тиын. Соны жадыңда ұста.

Әке-шешеңді үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой, оларды уайымға салмай, қайда жүрсең де хабарласып, өзіңнің амандығыңды білдіріп қойсаң, олар үшін содан артық қуаныш болмайды. Балам, аман бол, ауырма, рухани сау бол. (Г.Сайынқызы)

Сөздік

бүтін жан - неразрозненный, сильный


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет