І-тоқсан. 18-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ІІ модуль. Өмірлік өнеге
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Мазмұндама
Мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың алған білімдерін тексеру, қорыту.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс
Әкені бақытқа бөлеген бала
Ауыл жайлауға көшті. Шідерті өзенінің бойын жағалай киіз үйлер тігілді. Тай-құнан мінген балалар шапқыласып, қуанып жүр.
Жүр, бірге ойнаймыз, - деп шақырғанымен, Әлкей балаларға қосыла қоймайды. Басқалар сияқты ойынға көп елікпейді. Оның қолынан кітап түспейді. Үйінде бес-алты кітабы бар. Соны қайта-қайта ақтарады. Тіпті бәрін жаттап та алған. Әлкей - зерек бала. Ертегіні жақсы көреді, ұйып тыңдайды.
Әлкейге әкей төрт-бес жасында-ақ әріптерді үйретін, ежіктеп оқыта бастаған еді. Содан бері өз бетімен кітап оқитын болды.
Бір күні ауыл балалары жидек теруге шықты. Таңертең топтана шоғырланып, өзенге беттеді. Әлкейді де ертіп алды. Өзеннің арғы жағына өткенде, Әлкей кейіндеп қалды.
Жалғыз өзі су жиегінде отыр. Көйлегінің етегіне тыққан кітабын қолына алды. Оңаша отырып, түске дейін батырлық дастанын жаттаумен болды. Балалар қайтқанша жырдың біразын жаттап үлгерді.
Ертеңінде балалар тағы да жидекке кетті. Түстен кейін бәрі көңілді оралды. Кешегідей су жағасында отырып қалған Әлкей жидектен құралақан еді. Бірақ оның өз қуанышы өзінде. Өйткені ол кешегі дастанды түгел жаттап алған еді.
Кешке жақын үй сыртында үлкен кісілер жиналып қалды. Әкесі Әлкейді шақырып алып:
Кәне, балам, батырлар жырын айтып берші, - деді.
Әлкей кешеден бері жаттаған жырын әндете, термелеп айта бастады. Үлкендер сүйсініп тыңдады. Оны бәрі мақтап жатыр.
Әлкей зеректігімен ауыл ақсақалдарының ықыласына бөленді. Әкесі болса баласының үлкендерден алғыс алғанына қатты қуанып, өзін баласымен бақытты сезінді. (А.Жақсыбаевтан)
Жоспар:
Жайлауға көшкен ауыл.
Зерек бала – Әлкей.
Жидек теруге шыққан балалар.
Әлкейдің қылығы.
Әке бақыты
Үйге тапсырма. Қайталап келу
І-тоқсан. 19-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ІІ модуль. Өмірлік өнеге
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Тіл дамыту
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.
Арманың едім аңсаған,
Әкелем бақыт мен саған.
Ұрпағың болып жалғастым,
Қуаншы, әке, сен соған.
Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің - тірегім.
Барсам да қайда, жан әке,
Өзіңмен бірге жүрегім! (X.Талғаров)
2-тапсырма. Өлеңді пайдалана отырып, диалогті толықтырыңдар.
Әкеңе қалай бақыт әкелесің?
... болумен, ... оқушы болумен бақыт әкелемін.
Әке не үшін қуану керек?
... жалғасып келе жатқаны үшін.
Сенің тірегің кім?
Менің тірегім - ... .
Қайда жүрсең де әкеңді ойлайсың ба?
Иә, менің ... әкеммен бірге.
3-тапсырма.«Әке балаға сыншы» әңгімесін түсініп оқыңдар.
Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол: Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? — деп сұрапты.
Абай сәл ойланып отырыпты да:-Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның қарымын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:-Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, дара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:-Ақ зат асыл ғой, - деді. Мен: -Қара зат асыл емес пе? Бірінішден, адам баласы дүниедегі барлық жаратылысты көзбен көреді емес пе? - дедім. - Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат деп болады. Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Ал адамда қайрат та азаяды. Сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.Сонда Әбіш:-Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.-Ақылмен білдім, - дедім мен.-Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. Ол да аққа ұқсамай ма? – деді.Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.
(Ел аузынан)
Достарыңызбен бөлісу: |