Сабақ мақсаты : : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту



бет2/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,08 Mb.
#5572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 7_____

Тақырып: Тілім-менің тірегімі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Білімділік- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық- ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру

тәрбиелік- ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Туған тілім өлеңін жатқа айту



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім »,-деген өлең жолдарымен таныстыру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Ана тілін сүю,құрметтеу,мақтаныш ету-әрбір азаматтың міндеті».





5.Әңгiмелеу (сұхбат). «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Ана тілін сүю,құрметтеу,мақтаныш ету-әрбір азаматтың міндеті».

6 Шығармашылық жұмыс

Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.







Дәптермен жұмыс

Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алу және өмірде қолданыңдар.







  1. Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз!» Сөзі: Х.Талғаров, әні:И.Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу мақсатында С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін»әңгімесін оқу.




  1. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар ана тіліне деген махабаттын өлең жолдары арқылы білдіреді.Бәрі бірлесе отырып өлең жолдарын қайталайды:

Жүрегімнің бөлшегі

Қаның,жаның-тіліңде, Ана тілің-ертегің,

Арың,нәрің тіліңде. Ана тілің-өркенің,

Ұмтыл оны білуге. Ана тілің-ертеңің.

Тілден алып ғибрат, Қадірле ана тіліңді-

Құлшынасың білімге. Жүрегіңнің бөлшегін.









Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 8 сабақ_____

Тақырып: Мен елімнің азаматымын

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып : 4





Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік- туған ел,өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық- елге,Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

тәрбиелік-елжандылыққа тәрбиелеу.






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу мақсатында С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін»әңгімесін оқу.




Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқушылардың елге деген сүйіспеншіліктерін байқау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі:

1.Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?

2. «Жерім деп менің,соғады мәңгі жүрегім»,-дегенде нені түсінесіңдер?

3.Әнде айтылғандай,сендер өздеріңді ел «тірегімін»деп ойлайсыңдар ма?

-Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді.Туған тілін,өскен жерін сүю- әрбір ұрпақтың парызы.Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды,қастерлейді,қорғайды, мақтан тұтады.Өйткені Отан-алтын бесігіміз,ата-анамыз!





  1. Дәйексөз.

«Ел іші-алтын бесік» деген халық мақалының мәнін түсіндіру.





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын. «Мен қандай баламын?»

Оқушылардың сабақтан түйген ойларын байқау мақсатында берілген тақырыптарға әңгіме жазу ұйымдастырылады



  1. Дәптермен жұмыс

Тапсырма: Берілген өлең жолын жалғастырып,өз ойларымен жазу.




  1. Топпен ән айту.

Қол ұстасып,шеңбер құру.Бір-бірімізге қарап тұрып,шат көңілмен мына өлеңді айтайық.

Сөзі: Ә.Дүйсенбиев «Біз-өмірдің гүліміз» әні:Б.Ғизатов

Бал достыққа,жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құштық та

Бақыттымыз бәріміз!





  1. Үй тапсырмасы.

Жылы,жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып беру.





  1. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқулықта қоржында берілген сөздер арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма

Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді.Олар шеңберге тұрып,үнтаспаға қосылып ән айтады.

Атамекен Сөзі:Қ.Мырза Әли, әні:Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,

Көк кілемде,көп ойнаймын,көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен.

көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.









Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 9 сабақ____

Тақырып: Жақсы сөз-жанға қуат

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық, сыйластыққа.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып : 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық-жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік- ізгілікке,ізеттілікке тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру

Жылы,жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып беру.

Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Тақтада жазулы тұрған Науаидың «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген нақыл сөзіне балалардың назарын аударып және оның мәніне тоқталу. «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қолд жеткізеді.»







5.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Сыпайы сөздер»

Алдын-ала дайындалған жеміс ағашының(жемістерінсіз) сұлбасы тақтаға ілінеді.Ақ қағаздан жасалған жемістер үстел үстіне жайып қойылады.Суреттің бір жақ бетіне тапсырмалар жазылған.Балалар әрбір жеміс суретінің бетіне жазылған сұрақ-тапсырмаларға дұрыс жауап берсе,жемісті ағашқа ілетіндігі туралы түсіндіріледі.Оқушылар өз қалаулары бойынша кезегімен шығып,жеміс суретінің біреуін таңдайды,өз еркімен шыққан оқушы сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда,басқа бала жауап беруі мүмкін.Сол жауапты жеміс түстес маркермен жеміс суреті салынған қағаздың екінші бетіне үлкен етіп жазып,тақтаға жеміс ағашына іледі.Берілген жауаптар арқылы сыпайы сөздер құрастырылады.







6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын-жаттығу Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.Балалар 5-топқа бөлінеді.Шағын диалог-көрініс құрастырып көрсетуі тиіс.

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым-қатынасы.

3-топ:Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.

4-топ:Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.

5-топ:Қайырымдылық істерімен үлгілі болған сынып пен мектеп басшысының әңгімелесуі.


7. Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтауға тапсырмалар беріледі.Жақсы сөздерді қырыққабатқа жазып шығыңдар.






8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова







9.Үй тапсырмасы.

«Екі дос»әңгімесін оқу.






10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
-Жақсы сөз,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне қуаныш сыйлайды.Жылы сөз адамдарды татуластырады,достастырады.Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Балалар жылы сөздер шеңберін құрады.Мұғалімнен бастап,барлық оқушы қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып,іштей жақсы сөздерді айтып,сол сөздерді жүрегінен алып,қолының уысына салып,барлығы ортаға жиналады.Уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып,алақандарына салады.Өлең оқиды:С.Мәуленов. «Күнім менің».



Күнім менің.

Аналар-күнім менің, Асқар тау-үйім менің.

Балалар-гүлім менің, Соларға сүйенемін,

Өзендер-күйім менің, Соларға сүйінемін.








Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№51_____________Мерзiм____________№ 10 сабақ_____

Тақырып: Адал достық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4




Сабақ мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

Білімділік- адал достықтың мәнін түсіндіру;

дамытушылық-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

тәрбиелік- достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға адал достықтың мәнін түсіндіру мақсатында «Екі дос»әңгімесін оқу.

Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

Сендердің де адал достарың бар ма?

Олардың адалдығын қай іс- әрекеттерінен байқадыңдар?


Сабақ барысын талқылау:

4. Сергіту сәті:

-Армысың,сұлу күн! (күнге қарап бас иеді.)

-Армысың,ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді.)

-Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды.)







5.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Адамдар бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады.Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.»









6. Дәптермен жұмыс:

«Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазу.






7.Топпен ән айту.

«Балдырғандар әні» Сөзі:О. Әубәкіров, әні:Ш. Қалдаяқов







8.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.






9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушыларға адал досқа тән қасиеттерді айтқызу.

Балалар шеңберге тұрып,сыныптас достарына ақ тілек,ізгі ниеттерін кезектесіп айтып шығады. «Жан досым»әнін бәрі қосылып айтып шығады.
Жан досым

Сүйемін,құрметтеймін достың атын,

Дос барда талмайтындай қос қанатым.

Қосылып жүректегі сырларымыз,

Арманның асқарына жол табатын.
Қайырмасы:

Өмір сәні достықта,

Көңіл нәрі достықта.

Жүректі мәңгі жалғадық,

Сырға сырды қостық та.






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 11сабақ_____

Тақырып: Ашу-дұшпан,ақыл-дос.

Құндылық:

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Балалардың «ұстамдылық», «сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

Білімділік- ұстамдылық,сабырлылық,ақылдылықтың мәнін түсіндіру;

дамытушылық- өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік- ұстамдылыққа ,сабырлылыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.

-Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Сабақ барысын талқылау:

4Дәйек сөз

Сабақта айтылған ойлар мұғалімнің дәйексөз мәнін түсіндіруімен қорытылады:

-Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары –ақылға салу,сабыр сақтау,ұстамды болу.Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды.Ашуын ақылына жеңдіреді.Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»,-деп өте орынды айтқан.





5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.

1.Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды,ақылға әркез келеміз»,- дегенде нені түсінесіңдер?

2.Сендердің ашуланған кездерің болды ма? Не себепті ашуландыңдар?

3.Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?

4.Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

5. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос»деген мақалды қалай түсінесіңдер?







6. Дәптермен жұмыс:

Сурет салу.






7.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Біз бақытты балдырғандармыз» әнін айтады.

Асыр салып ойнаймызда,Ән шырқаймыз билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да тентектерді сүймейміз.

Біз бақытты, біз-бақытты,

Біз-бақытты балдырған.






8.Үй тапсырмасы.

В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» мәтінін оқу.







9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

«Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің? » деген сұраққа жауап береді.

Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады. «Аға ақылы»атты өлеңді оқып шығады.
Аға ақылы

Кім үлкенді тындаса

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.





Каталог: uploads -> doc -> 09c0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09c0 -> Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі қашықтықтан допты беру және қабылдау. Өтілетін орны: Футбол алаңы
09c0 -> Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Ойыншық Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: дәріс
09c0 -> 10 сынып биология пәнінен «Цитология. Цитологияның міндеттері» бөлімдері бойынша орта мерзімді жоспар
09c0 -> Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі Мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан жақты ашу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет