3-сабақ Мақсаты: Жалпы және жіңішке моторикасын дамыту, көру-моторикалық координатын және назарын аударту. Тактильді жағымды эмоцияны қабылдауын қалыптастыру.
Керекті құрал-жабдықтар: заттар, доп.
Сабақ барысы «Затты сипаттамасы бойынша тап» сөздік ойын.
Мұғалім бөлмеде бар заттарды сипаттамасын және белгілерін айтады, оқушы оның атын айтуы керек.
«Заттың атын білу» дидактикалық ойыны.
Тапсырма: Сөздің мағынасын түсінбей тұрған адамды елестетіп, оған қандай мағына беретінін айтып түсіндір.
«Доп» ойыны.
«Вербальды фантазия» әдістемесі
Бала фантазиясының әдістемесі мына белгілер арқылы бағаланады:
Қиял үрдісінің жылдамдығы.
Бейнелердің ерекше түрі және оригиналдылығы
Фантазияға бай болу
Бейнелердің тереңдігі және өңделгендігі
Бұл әрбір белгі бойынша, әңгіме 0-2 балл алады.
0 балл – егер әңгімеде сол белгі жоқ болса қойылады.
балл – егер белгі әңгімеде болып, бірақ әлсіз көрінген жағдайда.
Балл – егер белгі әңгімеде толығымен болып қана қоймай, жеткілікті күшті көрінсе.
Әдістемеге арналған хаттама сызбасы «Вербалды фантазия»
Бағаланатын баланың қиял параметрлері
Бұл параметрлердің бағасы балл түрінде
0
1
2
Қиял үрдісінің жылдамдығы
Бейнелердің ерекше түрі мен оригиналдылығы
Бейнелердің тереңдігі (бейнелердің көп түрлілігі)
Бейнелердің эмоционалдығы мен әсер қалдыруы
Бейнелердің тереңдігі
Баланың әңгімесі барысында керекті бағанға таблицада «+» таңбасы арқылы бал санында қойылады.
Даму деңгейінің қорытындысы
10 балл – өте жоғары
8-9 балл – жоғары
4-7 балл – орташа
2-3 – төмен
0-1 балл – өте төмен.