15-сабақ
Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасының дамуы, қиял, есте сақтаудың дамуы.
Керекті құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы
«Масаны ұста» жаттығуы.
«Аналогия» әдістемесі
Әдістеме берілген үлгі бойынша сөздер арасындағы логикалық байланысты орнату үшін 30 тапсырмалардан құралған. Ол вербальдық ойлау ерекшеліктерін бағалауға арналған.
Нұсқаулық
Тақтада немесе демонстротивті плакатта сөздер орындауға берілген тапсырмалар үлгісі көрсетілген. Тақтаның сол жағында белгілі бір логикалық қатынастағы 2 сөз бірінің астына бірі жазылған. Оң жақта бақылауға алынған сөздер, ал сызықтың астында-жауаптың 5 нұсқасы берілген. Сендердің міндеттеріңіз сол жақ жұп сөздер сияқты, бақылаудағы логикалық бесеуінің ішінде біреуін таңдау қажет.
Жүгіру
Тұру
|
Айқайлау
А) үндемеу
Б) сыбырлау
В) шулау
Г) шақыру
Д) жылау
|
Паравоз
Вагондар
|
Ат
А) жылқышы
Б) жылқы
В) кету
Г) арба
Д) жылқы сарайы
|
Театр
Көрермен
|
Кітапхана
А) сөре
Б) кітаптар
В) оқырман
Г) гүл
Д) оқу
|
Темір
Ұста
|
Ағаш
А) сүргілеу
Б) ара
В) орманшы
Г) ағаш ұстазы
Д) тақталар
|
Параход
Көше аялдамасы
|
Пойыз
А) темір жол орталығы
Б) вокзал
В) рельс
Г) темір жол төсеніші
Д) купе
|
Машина
Мотор
|
Яхта
А) шахта
Б) кеш
В) жел
Г) жүзу
Д) парус
|
Аяқ
Балтақ
|
Көз
А) көру
Б) көзілдірік
В) көз жасы
Г) бас
Д) ғасырлар
|
Ине
Үшкір
|
Сақал алғыш
А) құрыш
Б) металл
В) алмас
Г) тырналған жер
Д) кесу
|
Музыка
Оркестр
|
Өлең айту
А) хор
Б) театр
В) жеке дауыспен орындау
Г) сахна
Д) әнші
|
Сиырлар
Табын
|
Қасқырлар
А) аңдар
Б) орман
В) аң аулау
Г) тобыр
Д) жыртқыш аңдар
|
Фильм
Экран
|
Опера
А) театр
Б) әртіс
В) қайғылы оқиға
Г) сахна
Д) өлең айту
|
Қара бидай
Дала
|
Алма ағашы
А) егу
Б) алмалар
В) өсіру
Г) өнім
Д) бақ
|
Тау
Үңгір
|
Ағаш
А) тамыр
Б) үңгір
В) қабыршақ
Г) орман
Д) дің
|
Үйлер
Қабаттар
|
Баспалдақ
А) ұстағыш
Б) лифт
В) көтерілу
Г) баспалдақ
Д) жүру
|
Күн
Сан
|
Сөз
А) нақыл сөз
Б) әріп
В) оқу
Г) әңгіме
Д) кітаптар
|
Ауру
Емдеу
|
Сынып
А) шебер
Б) жасау
В) құрылыс
Г) бөлік
Д) майлау
|
Салқын
Аяз
|
Көгілдір
А) кеш
Б) аспан
В) жылы
Г) көк
Д) айлы
|
Қас
Дос емес
|
Базар
А) сатып алу
Б) алаң
В) сатушы
Г) жүзу
Д) жұмыртқа
|
Таңқурай
Жеміс
|
Физика
А)оқушы
Б) вакум
В) ғылым
Г) дәріс
Д) ғылым
|
Өсімдік
Тұқым
|
Үйрек
А) ұшу
Б) ет
В) қауырсын
Г) жүзу
Д) жұмыртқа
|
Шырша
Емен
|
Үстел
А) жиһаз
Б) шкаф
В) гарнитур
Г) ваза
Д) дастархан
|
Жыл
Көктем
|
Өмір
А) қуаныш
Б) оқу
В) жастық шақ
Г) махаббат
Д) жарық
|
Тарау
Роман
|
Пәтер
А) ас үй
Б) бөлме
В) есік
Г) үй
Д) балкон
|
Аштық
Арық
|
Еңбек
А) мейірімді
Б) тамақ
В) күш жұмсау
Г) шаршау
Д) төмен
|
Дүйсенбі
Сәрсенбі
|
Жексенбі
А) бейсенбі
Б) сенбі
В) сейсенбі
Г) сәрсенбі
Д) жұма
|
Таң
Түн
|
Қыс
А) бейсенбі
Б) сенбі
В) сейсенбі
Г) сәрсенбі
Д) жұма
|
Шар
Щеңбер
|
Куб
А) дене
Б) фигура
В) конус
Г) призма
Д) тіктөртбұрыш
|
Бет
Айна
|
Дауыс
А) микрофон
Б) диктор
В) таспаға жазу
Г) жаңғырық
Д) есту
|
Қорытынды_Эмоционалдық_жағдайды_анықтау___17-сабақ_Мақсаты'>Қорытынды
Эмоционалдық жағдайды анықтау
17-сабақ
Мақсаты: қоршаған ортаны қабылдау, байқағыштық, сезгіштік қасиеттерін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы
Равеннің прогрессивтік матрицасы
Бұл әдістеме кіші мектеп оқушыларының көрнекі-бейнелік ойлауын бағалауға арналған. Мұндағы көрнекі-бейнелік ойлауын бағалауға арналған. Мұндағы көрнекі-бейнелік ойлау түсінігін, әр түрлі бейнелерді сомдаумен және тапсырмаларды орындау барысындағы көрнекі елестермен түсіндіреді.
Осы әдістемеде баланың көрнекі-бейнелік ойлауының даму деңгейін зерттеу үшін, нақты тапсырмалар Равеннің танымал тестінен алынған. Ол тестте 10-ы арнайы сайланып алынған және қиындатылған бейнелік матрицалар беріледі.
«Саусақтарға үрле» ойыны
«Затты салыстыр» ойыны.
Қорытынды
Эмоционалдық жағдайды анықтау
18-сабақ
Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын дамыту, есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшелігін анықтау.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер.
Сабақ барысы
«Есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшелігі сипаттамасы» әдістемесі.
Балаға 10 сөзден тұратын қатар ұсынылып, есте сақтау үшін бірнеше рет осы қатарды қайталауға уақыт беріледі.
Қатардағы сөздерді қайталаудағы саны.
Қатардағы сөздерді жаттау үрдісінің динамикалық ерекшелігі. Әрбір кезектегі қайталаудан кейін, баланың қатесіз дұрыс жаңғыртқан сөздер саны анықталады. Балаға есте сақтау үшін мынадай сөздер жиыны таңдауына қарай беріледі.
1.Үй, парта, ақ, жақсы, алмұрт, бор, күшті, кесе, шам, үстел.
2. Мысық, қалам, көк, жаман, алма, еден, әлсіз,айыр, шаш, қарындаш.
3. қуыршақ, қасық, қызыл, машина, жоғары, шынтақ, ана, кітап, тауық.
4. ит, терезе, гүл, кілем, аласа, конверт, аспан, әріп, түс.
5. сағат, жел, балық, жұлдыз, піл, кәмпит, қағаз, орындық, жіп.
Ескерту. Бастауыш мектептің түрлі сыныбында білім алатын және мектепке баратын балалардың есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшелігін диагностикалау үшін, бұрынғы жаттау әсер етпеу үшін, сөздер жиынын әр түрлі қолдану қажет.
Бұл әдістеме сөздерді қайта жаңғыртуға 6 мүмкіндік береді қана беріледі. Әр бір мүмкіндікте қайта жаңғыртылған сөздер анықталады және нәтижесінде алынған мәліметтер жаттау графигі арқылы көрсетіледі. Графикте көрсетілген қисық, жаттауды талдау негізінде, оның динамикасын екі көрсеткіш арқылы анықтайды.
1.Жаттау динамикалығы
2. жаттау өнімділігі
Жаттау үрдісінің динамикасы қисық түрінде құрылған. Егер қайталаудан қайталауға қарай, қисық жоғары көтерілсе, (тік сызықты қисық нұсқасын суреттен қараңыз), онда жаттау үрдісі жеткілікті динамикалы болып табылады. Ал егер қайталаудан қайталауға қарай нәтиже төмендесе, алдыңғы деңгейде қалса (қмсықтың үздік сызықты нұсқасын суреттен қараңыз), онда жаттау үрдісі орташа динамикалы ретінде сипатталады. Егер қайталаудан қайталауға қарай нәтижесі жақсарып не нашарлап тұрса (қисықтың нүктелік суретін қараңыз), онда бұл жаттау үрдісінің динамикалы емес екендігін көрсетеді.
Нәтижелерді бағалау
Бала жаттау үрдісінің динамикасы бойынша алынған мәліметке сай мына шкала бойынша үш баға ішінен біреуін алады.
Едәуір жеткілікті жаттау үрдісінің динамикасы – өте жақсы. Жаттаудың орташа динамикалы үрдісі-қанағаттанарлық, жаттаудың динамикалық емес үрдісі – қанағаттандырлықсыз. Жаттау үрдісінің өнімділігі мына шкалалар көмегі арқылы балмен бағаланады:
10 балл – 6 не болмаса 5 рет қайталау мүмкіндігін қолданып, бала қатардағы 10 сөзді қайта жаңғыртса;
8-9 балл – бір рет қайталау арқылы бала 10 сөзді қайта жаңғырта алды;
6-7 балл – бір рет қайталауға бала 10 сөздің ішінен тек 7-ден 9 сөзге дейін қайта жаңғырта алды:
4-5 балл – бір қайталау арқылы бала 4-6 сөз қайта жаңғырта алды;
2-3 балл – бір рет қайталағанда бала тек 2-3 сөзді ғана еске түсіре алды;
балл – бір рет қайталау арқылы бала 1 сөзді ғана еске түсіре алмады.
Даму деңгейі бойынша қорытынды
Мектепте оқуға дайын балалар тек жоғары және орташа динамикалы жаттау үрдісін иеленген балалар болып табылады. (өте жақсы және жақсы баға алғандар) осы көрсеткіштер бойынша, сондай-ақ жаттау үрдісінің өнімділігі жағынан 8-ден жоғары балл алған балалар.
Мектепте оқуға жеткіліксіз дайын емес балалар, жаттау үрдісінің динамикасы қанағаттанарлықсыз деп бағаланғандар және жаттау үрдісінің өнімділігі 4-тен 7 балл деңгейінде алған балалар болып табылады.
Жаттау үрдісінің динамикасы бойынша оқуға мүлдем дайын емес балалар,динамика бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар және жаттау өнімділігі бойынша 3 балдан төмен алғандар.
«Суретті құрастыр» дидактикалық ойыны.
«Кеме» пластилинмен жұмыс.
Қорытынды_Эмоционалдық_жағдайды_анықтау___19-сабақ_Мақсаты'>Қорытынды
Эмоционалдық жағдайды анықтау
19-сабақ
Мақсаты: кеңістікті қабылдаудың, сөйлеу, бірігіп жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы. Ойлау, қиял процестерінің дамуы.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер.
Сабақ барысы
«Заттарды жікте» ойыны
«Суреттегі тарих» дидактикалық тапсырма.
«Бұл затты қалай қолдануға болады».
Қорытынды
Эмоционалдық жағдайды анықтау
20-сабақ
Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар:карточкалар.
Сабақ барысы
«Болады-болмайды» сөздік ойыны.
Суреттегі тарих.
21-сабақ
Мақсаты: зейін, есте сақтау, қабылдау процестерінің, қолдың ұсақ моторикасының дамуы, байқағыштық, бірігіп жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер, доп.
Сабақ барысы
Түсінікті салыстыру.
Бұл әдістеме талдау және біріктіру үрдістерін меңгеру үшін қолданылады. Кез-келген жастағы мектеп оқушылардың ойлауын зерттеуге арналған.
Тапсырманы орындау барысы
Сыналушыларға түсініктерді салыстыруды, олардың ұқсастықтарын көрсетуді, сосын олардың айырмашылықтарын ажыратуды сұрайды. Барлық жауаптар жазылып отырады. Егер нұсқау бірден түсінікті болмаса, онда үлгі беріледі. Ұғымдардың ұқсастығын анықтай отырып, оқушы жалпы мәнді белгіні атауы керек. Мысалы, кеш пен таң. Бұлардың ұқсастықтары таң күннің басы болса, ал кеш күннің аяғы. Бұл белгілерді ажырата алмау баланың анализ, синтез, жалпылау операциясының әлсіздігін және нақты ойлауына бейімділігін көрсетеді.
Түсініктерді салыстыру
Бәтеңке – қарындаш
Жел – тұз
Кеш – таң
Қасқыр – ай
Қарға – торғай
Қарын ашу – шөлдеу
Қыз – қуыршақ
Жаңбыр – қар
Емен – қайың
Алтын – күміс
Сурет – портрет
Себет – жапалақ
Сиыр – ат
Мысық – алма
Ұшқыш – танкист
Шаңғы – коньки
Кішкентай – үлкен
Сүт – су
Алдау – қате
Көл – өзен
Бал – ара
Көзілдірік – ақша
Пойыз – ұшақ
Өзен –құс
Шана –арба
Ертегі – өлең
Стақан – қораз
Трамвай – автобус
Таң – кеш
Алма – шие
Тізімде салыстыруға келмейтін ұғымдар бар (өзен – құс, стақан – қораз, бәтеңке – қарандаш, қасқыр – ай, көзілдірік – ақша, мысық – алма). Мұндай жұп сөздер беріп, талқылауға асықтырмау керек. Егер бала шатасып жатса, онда оған мұнда салыстыруға келмейтін сөздер кездесетіні туралы айтуға болады. Одан әрі мұндай түсініктемелерге тыйым салынады. Мұндай таңдалынған пар сөздерге нақты жағдайлар көзделген. Ойлаудың нақтылығында «аумалылықты» байқауға болады, бұл ақыл-ойдың тұрақсыздығын көрсетеді. Егер оқушы салыстыруға келмейтін сөздерді салыстыруға құлшынып тұрса және шынайы емес анықтамаларды құрап жатса – онда бұл демагогияға бейімділік, резонерлік бар деуге болады.
Салыстырылған 18-23 түсінік қалыпты болып саналады.
«Танграм» ойыны.
Оқушы бірнеше бөліктерге бөлінген суреттерді жинайды.
22-сабақ
Мақсаты: ойлау, зейін, есте сақтау процестерінің дамуы.
Керекті құрал-жабдықтар: салфетка.
Сабақ барысы
«Артық сөзді тап».
Бұл 5 сөздің ішінде 4 сөзді бір топқа жатқызуға болады, ал бірсөз артық. Сол артық сөздің астын сыз.
1) Өзен, көл, теңіз, мұхит, көпір.
2) Үстел, кілем, кресло, төсек, диван.
3) Қанат, Нұғманов, Әділет, Асхат, Қайрат.
4) Жылқы, сиыр, түлкі, ешкі, қой.
5) Үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш, тақта.
6) Тауық, әтеш, бүркіт, қаз, үйрек.
7) Сан, бөлу, қосу, алу, көбейту.
8) Футбол, волейбол, хоккей, жүзу, баскетбол.
9) Ыстық, ащы, қышқыл, тұзды, тәтті.
10) Көже, қымыз, бауырсақ, сүт, айран.
11) Көйлек, етік, жемпір, күрте, шапан.
12) Машина, пойыз, самолет, велосипед, доп.
2. Артикуляциялық жаттығу «Тәтті тосап».
3.«Қуыршақ» психологиялық ойыны.
Мақсаты: оқушының психоэмоциональды күйін анықтау.
Оқушыға қағаз салфетка беріледі. Нұсқау: сен бұл қағаз салфеткадан өзінді қуыршақ қылып істеуін керек. Ол қуыршақты қарандаш, қаламның көмегімен әдемілеуге болады, егер бір салфетка жетпесе тағы алуға болады. Оқушы қуыршақты істегесін сен енді қуыршақты өзін деп ойлап, онымен ертегі құрастырып көр.
Қорытынды
23-сабақ
Мақсаты: сөздік қорын, қабылдауын дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер.
Сабақ барысы
«Белгілерді қой» әдістемесі
Бұл әдістемедегі тесттік тапсырмалар, баланың зейінінің ауысуы және бөлінуін бағалауға арналған. Бұл тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет беріледі және сол суретпен қалай жұмыс істеу керектігі түсіндіріледі. Бұл жұмыста әрбір берілген квадрат, үшбұрыш, дөңгелек және ромбтарға жоғарыда белгіленген белгілерді қою керек, яғни белгі, сызық, плюс немесе нүкте.
«Белгілерді қой» әдістемесіне арналған парақ
Бала екі минут ішінде тапсырманы орындай отырып, үздіксіз жұмыс істейді, ал оның зейінінің ауысуы және бөлінуінің жалпы көрсеткіші мына формула бойынша анықталады.
S=(0,5N-2,8n)/120
Мұндағы S – зейіннің ауысуы мен бөлінуінің көрсеткіші;
N – екі минут ішінде сәйкес белгілермен қаралған және белгіленген, геометриялық фигуралардың саны;
n-тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер саны. Дұрыс белгі қойылмағандар және жіберіп қойылғандар қате болып саналады. Яғни геометриялық фигураларға сай белгі орналаспаған.
Нәтижелерді бағалау
10 балл – S көрсеткіші 1,00 ден көп болса;
8-9 балл – S көрсеткіші 0,75-1,00 шамасында болса;
6-7 балл – S көрсеткіші 0,50-0,75 аралығында болса;
4-5 балл – S көрсеткіші 0,25-0,50 аралығында болса;
0-3 балл – S көрсеткіші 0,00-0,25 шамасында болса.
Даму деңгейі бойынша қорытынды
10 балл – өте жоғары;
8-9 балл – жоғары;
6-7 балл – орташа;
4-5 балл – төмен;
0-3 – өте төмен.
«Ұғымға анықтама бер».
«Арыстанды жина».
24-сабақ
Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын дамыту, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: бояу, қарындаш, қағаз.
Сабақ барысы
«Саусақ живописі»
«Тыңда да айт».
«Бірінші дыбысты ата».
25-сабақ
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Керекті құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы
«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?».
26-сабақ
Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы
Логикалық операцияның дамуын байқау.
«Саусақ живописі».
27-сабақ
Мақсаты: ойлау, зейін, түстерді қабылдауын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер.
Сабақ барысы
Мағыналас сөздерді табу.
«Кілемді немен өрнектеуге болады» әдістемесі.
Равеннің прогрессивті матрицаларына негізделген бұл әдістеменің мақсаты, - бала қаншалықты қысқа мерзімде және есте сақтауда, көрінген бейнелерді көрнекі тапсырмаларды шеше отырып, практика жүзінде оларды қолдана алуын анықтау болып табылады. Берілген әдістемеде Равен тестінің суреттері қолданылады. Оны балаға көрсетер алдында былай деді: берілген суретте екі кілемше және материя бөліктері көрсетілген, яғни бұл арқылы кілемшенің тесігін өрнектеуде кілем суретінің жалғанғаны ерекшеленіп тұрмауы керек. Бұл тапсырманы орындау үшін төменде көрсетілген суреттердегі материяның бөліктері арқылы кілемшедекездесетін суреттермен сәйкестендіру қажет.
«Кілемді немен өрнектеуге болады» әдістемесіне арналған суреттер
Нәтижелерді бағалау
10 балл – бала берілген тапсырманы 20 сек кем уақытта орындады;
8-9 балл – бала төрт тапсырманы 21-ден 30 сек уақыт аралығында дұрыс орындады;
6-7 балл – бала тапсырманы орындауға 31 ден 40 сек уақытын жіберіп алды.
4-5 балл – 41-50 сек арасында бала артық шығын шығарды.
2-3 балл – баланың жауап берген уақыты 51-60 сек аралығын қамтыды.
балл – бала 60 сек жоғары уақытта тапсырманы орындай алмады.
Даму деңгейі бойынша қорытынды
10 балл – өте жоғары
8-9 балл – жоғары
4-7 балл – орташа
2-3 балл – төмен
0-1 балл – өте төмен.
«Эмоциялар кемпірқосағы» ойыны.
28-сабақ
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
«Тап және астын сыз» әдістемесі
«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
29-сабақ
Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын, қиял, түстерді қабылдауын дамыту, жағымды көңіл-күй орнату.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер.
Сабақ барысы
«Масаны ұста» жаттығуы.
«Әңгімені аяқта» жаттығуы.
Проективті тест «Адамның төрт түпкі қажеттіліктері».
Мақсаты: түпкі қажеттіліктер диагнстикасы.
Балаларға парақты 4 бөлікке бөлу ұсынылады. Біріншісіне- өсімдік, екіншісіне- қару, үшіншісіне- зергер бұйым, төртіншісіне- ыдыстар суреті салынады. (А-4 пішіндегі парақ, түрлі түсті қалам)
Қажеттілік базасын анықтау әдістемесі.
Әдістемесінің масаты құрсақ дамуынан бастап, 3 жасқа дейінгі толық дамуда қажеттіліктің қалай қанағаттанғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Сыналушыларға: 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар, ыдыс аяқ .
Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік- тірі болса, өмір сүруге құлшыныс; ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады.
Қару жарақ –қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді.
Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді.
Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын түрлерін салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда.
30-сабақ
Мақсаты: бейнені есте сақтау деңгейін анықтау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: пластилин.
Сабақ барысы
«Бейнені есте сақтау» әдістемесі.
Бұл жаттығуға дәптер, қарындаштар және секундомер керек. Берілген сурет бойынша оқушыларға бірінші қатардағы суреттерді мұқият қарап алуға нұсқау беріледі. 30 секунд өткен соң суреттерді түгел жайып, көрген суреттерін салу тапсырылады. Салып болған соң, өздеріне салыстыруға мүмкіндік беруге болады. Содан кейін екінші қатардағы суреттермен жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі.
Ал соңғы екі қатардағы заттармен бірге жұмыс жасау ұсынылады.
Пластилинмен жұмыс.
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
31-сабақ
Мақсаты: ойлау, қиял, сөйлеу тілін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: доп.
Сабақ барысы
«Сөзді аяқта» ойыны.
«Допты қақ» ойыны.
«Шкафқа жасыру» ойыны. Сірінкенің бос қорабынан шкаф жасаймыз. Ең қарапайым шкаф: үш қорапты бір-біріне жабыстыру. Ең күрделі шкаф: 6 қорапты тігінен орнатып және 5 қорапты жалпағынан орнату. Қандай да бір кішкентай затты, мысал үшін моншақты баланың көзінше кез-келген қорапшаға саламыз. Содан кейін шкафты айналдырып, балалардан сұралады: «Моншақ қай сөресінде жатыр?». Жаттығуды игеру үшін түрлі-түсті заттарды әр сөреге салуға болады. Сұрақтар: «Жасыл шар қай сөреде?», «Көк түйреуіш қай сөреде?» т.б.
Қорытынды
32-сабақ
Мақсаты: түсті қабылдауын, қиял, зейін процестерін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы
«Түстер» ойыны.
«Шапалақта» ойыны.
Тест “Қысқа мерзімді ес көлемі”
Сандық материал
Жұмыс барысы: балаға сандар саны біртіндеп өсуші сандар тізбегі оқылады. “Жаз” деген командадан кейін бала есте сақталған сандарды қалай оқылды, сол тәртіпте жазу тиіс.
Сандар: 439, 3953, 42 731, 6 19 475, 5 917 423, 5 917 423, 9 8192 647, 3 82 951 746.
Есте сақталған сандардың дұрыстығын тексеруде балдар беріледі: әрбір дұрыс орында дұрыс жазылған сан үшін 1 балл; ұмытылған немесе дұрыс емес санға 1 жазалы балл, дұрыс жазылған, бірақ орны ауыстырылган санға – 0,5 жазалы балл. Әрбір қатар бойынша балдар анықталады. Кез-келген балаға көрсетілген қатардағы максимальды жоғары көрсеткіш анықталады. Қысқа мерзімді ес көлемі (ҚМЕК)= max (максимальды) балл.
33-сабақ
Мақсаты: сөздік қорын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.
«Мысық пен иттің әңгімесі» ойыны.
«Қайтала» сіріңке шилерімен ұйымдастырылатын жаттығу.
Бұл ойынды оқушылар жұптарымен ойнайды. Әр балаға сіріңкенің 6 шиінен беріледі. Екеуінің біреуі сол шилерден қандай да бір затты құрайды. Екіншісі бірнеше секунд көлемінде қарап алады да, оны қайтадан жасауға тырысады. Содан кейін оқушылар орындарымен ауысады, екіншісі көрсетеді, біріншісі қайталайды.
«Қалпақта не бар?» жаттығуы. Қалпаққа бірнеше затты саламыз да, оқушыларға 3 секунд көлемінде көрсетеміз де тығып қоямыз. Балалар қалпақта көрген заттарын еске түсіріп, жазуға тырысады.
34-сабақ
Мақсаты: есту, көру қабылдауын, ес, зейін, ойлау процестерінің деңгейін анықтау.
Керекті құрал-жабдықтар:
Байқағыштықты және зейінді анықтауға арналған әдістеме.
«Сандар мен цифрлар» ертегісін баяу әуенмен тыңдау. Түсінігін сүрау.
Мақсаты: Есту зейінділігін дамыту.
Әлемде үлкен ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көпшілігі соншама,санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он:1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу «он бес»десе,15 саны жетіп келеді,егер оны жазу керек болса 1мен5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды қояды екен.Күндер өтіп жатады.Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрға келіп:
-Біз көппіз,ал сендер бар болғаны онсыздыр.Сондықтан біз сендерден мықтымыз,-дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады.Сонда О цифры басқа цифрларға:
-Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік.Сандар өздері қалсын.Көрейік,не істейтіндерін? –дейді.Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады.Енді әркім өз үйінің есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын қанша айқайласа да ештеңе шықпайды.Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой.Сонда ғана сандар қаншама көп болсада ,цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып,кешірім сұрап,елдеріне цифрларды қайта алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.
«Суреттерді есіңде сақта» әдістемесі.
Қысқа мерзімді көру жадысының көлемін анықтауға арналған әдістеме.
Балалар стимул ретінде төменде көрсетілген суреттерді алады. Оларға шамамен мынадай мазмұнда нұсқау беріледі:
«Мыны суретте 9 әр түрлі фигура берілген. Осы суреттерді есте сақтап қалуға және мен қазір беретін басқа суреттен оны тануға тырыс. Онда бұрын көрсетілген 9 бейнелерден басқа сен көрмеген 6 түрлі бейне берілген. Сен бірінші суретте көрген бейнелерді, екінші суретте көрсетілген бейнелердегі суреттерді тануға және көрсетуге тырыс.
Стимулдық суретердің экспозициялық уақыты – 30 сек. Осыдан кейін берілген суреттерді алып, балаға оның орнына екінші суреттерді көрсетеді. Эксперимент, бала суреттерді қанша уақытқа дейін танығанша созылады, бірақ 1,5 мин аспау керек.
Нәтижелерді бағалай
10 балл – бала 45 сек. Бұрын берілген барлық бейнелерді тани алды;
8-9 балл – 45-55 сек. Уақытаралығында бала 7-8 суреттерді тани алды;
6-7 балл – 55-65 сек. Уақыт аралығында бала 5-6 бейнелерді тани алды;
4-5 балл – 65-75 сек уақыт аралығында бала 3-4 бейнелерді тани алды;
2-3 балл – 75-85 сек аралығында 1-2 бейнелерді тани алды;
балл – 90 сек және одан да жоғары уақыт ішінде бала бірде-бір бейнелерді тани алмады.
Даму деңгейі бойынша қорытынды
10 балл – өте жоғары;
8-9 балл – жоғары;
4-7 балл – орташа;
2-3 балл – төмен;
0-1 балл – өте төмен.
Қорытынды
«Эмоционалды жағдайды анықтау» әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |