7-сабақ Мақсаты: көру қабылдауын, зейін, ойлау процестерін, сөздік қорын дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер.
Сабақ барысы «Бірдей заттарды тап» дидактикалық ойын.
Оқушыға бірнеше суреттер беріледі. Оқушы оларды топтарға жіктеуі керек.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Оқушы көрсетілген бірнеше суреттерді байланыстырып әңгіме құрастыруы керек.
Қорытынды
«Эмоционалды жағдайды анықтау» әдістемесі.
8-сабақ Мақсаты: ойлауды дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Жағымды көңіл-күй орнату.
Керекті құрал-жабдықтар: сөздік-логикалық ойлауға материал, суретер.
Сабақ барысы Сөздік-логикалық ойлау.
2-6-сыныптар. Қарапайым ұқсастықтар.
Мақсаты: логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау.
Тапсырманың орындалу жолы.
Зерттелушіге мынадай мысал көрсетіледі:
Дәптер Сурет дәптері
Қалам Өшіргіш, ҚАРЫНДАШ, майлы бояу, суретші, эскиз
Мұнда, дәптерге қаламмен жазатын болсақ осыған ұқсас сурет дәптеріне қарындашпен саламыз. Осыны оқушылар толық түсініп болған соң тапсырманы орындауды бастайды.