Ұсынылып отырған әдістеме баланың белсенді есте сақтауындағы сөздік қорын анықтайды. Ересек адам балаға белгілі бір топқа жататын сөздер айтады да, сол топқа жататын басқа сөздерді айтуын ұсынады.
Төменде берілген топтардың әрқайсысына 20 сек беріледі, тапсырманың әрқайсысын орындау үшін 160 сек кетеді.
Жануарлар
Өсімдіктер
Заттардың түсі
Заттардың қалпы
Түс және қалпынан басқа, заттардың басқа да белгілері
Адамның әрекеті
Адамның әрекетті орындаудағы амалдары
Адамның әрекетті орындаудағы сапасы
Егер бала керекті сөздерді өзі бастап айтуға қиналса, онда үлкендер сол топқа жататын бірінші сөзді айтып көмектеседі де, баланың жалғастыруын сұрайды.
Нәтижелерді бағалау
10 балл – бала барлық топтарға қатысты, 40 немесе одан да көп сөздерді атады;
8-9 балл – бала әртүрлі топтарға қатысты, 35-ден 39-ға дейінгі түрлі сөздерді атады;
6-7 балл – бала түрлі топтармен байланысты, 30-дан 34-ке дейінгі түрлі сөздерді атады;
4-5 балл – бала түрлі топтармен, 25-ден 29-ға дейінгі түрлі сөздерді атады;
2-3 балл – бала әртүрлі топтармен байланысты, 20-дан 24-ке дейінгі түрлі сөздерді атады;
балл – бала барлық уақытта 19 сөзден артық атаған жоқ.
Даму деңгейі жөнінде қорытындысы
10 балл – өте жоғары;
8-9 балл – жоғары;
4-7 балл – орташа;
2-3 балл – төмен;
0-1 – өте төмен.
«Айырмашылықты тап» дидактикалық ойыны.
Оқушыға екі бір-біріне ұқсас сурет беріледі. Ол суреттің 10 айырмашылықты табу керек.