Сәлеметсізде ме құрметті әріптестер. Мен Жетісу облысы Ескелді ауданы Титов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Ақмадияр Гүлмирамын
Осы «МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» педагогтердің біліктілігін арттыру курс бойынша алған мәліметтерімді пайдалана отырып құрастырған қысқа мерзімді жоспарымды ұсынамын.
Сабағымның тақырыбы Арифметкалық және геометриялық прогрессиялар
Оқу мақсаты Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
Сабақ мақсатымды оқу мақсатына сәйкес SMART талапқа сай етіп құрастырдым.Себебі ресурстарға қол жетімді,әр тапсырманың қиындық деңгейіне сәйкес бөлінеді, ТАПСЫРМАЛАРЫ нақты; ОҚУШЫЛАРЫМА қолжетімді шындыққа сай, қысқа да нұсқа ТАПСЫРМА ОРЫНДАУ белгілі бір уақыт арлығымен шектелген
САБАҒЫМНЫҢ МАҚСАТЫ
Барлық оқушылар: Берілген үлгі негізінде арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын пайдаланып есептер шығарады;
Оқушылардың басым бөлігі: Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын есептер шығаруда қолданады;
Кейбір оқушылар: Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын мәтінді есептер шығаруда қолданады
Менің сабақ жоспарым Экономикалық ынтамқтастық даму ұйымының белгілі тобына жатқызылатын диагнозы көру қабылеты бұзылған білім алушыны ескере отырып құрастырылды. Оқушыны бақылау және көмектесіп отыру үшін оқушыны өзіме жақын алдыңғы партаға отырғызамын, тапсырмаларды дауыстап оқып отырамын, тапсырмаларды, формулаларды арнайы қағазға үлкен шрифппен шығарып беремін.
Ойлау дағдысы: қолдану
Бағалау критерийлері: Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын пайдаланып есептер шығарады
Бағалау критерийлері сабақ мақсатынан алынды
Сабағымның мақсаты Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
Осыған мақсатқа сәйкес №1 тапсырманы құрастырдым Яғни бұл тапсырманы оқушылар жеке жұмыс ретінде орындайды. Оқушылар жеке жұмыс орындау арқылы өз оқуын басқару, өзін өзі бақылау, өз тиімділігін дамыту, өздігінен білім алу дағдысын жетілдіреді.
Оқушылар сәйкесін табу тапсырмасы арқылы прогрессияның түрлерін ажыратады, демек өткен тақырыпты еске түсіреді.
|
Сондай ақ бұл тапсырманы кім жылдам әдісі арқылы беремін. Әдісті пайдалану арқылы оқушыларда тез ойлау, тез шешім қабылдау, тез қорытынды жасау, есте сақтау қабілеті, өз көзқарасында тұру дағдысы дамиды
Достарыңызбен бөлісу: |