Сабақ: Мазмұндама «Ақ тоқаш» Мектеп: №16 Күні


Мағынаны тану (сурет бойынша әңгімелету)



бет4/8
Дата05.02.2022
өлшемі465,2 Kb.
#25719
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Мағынаны тану (сурет бойынша әңгімелету)
«Венн диаграммасы» (Ара мен Шыбын ұқсастығын табу)

Шаттық шеңбері
«Ыстық орындық»

«Венн диаграммасы»





Ортасы



Негізгі бөлім. Оқулықпен жұмыс
Оспанхан Әубәкіровпен таныстыру
Тізбектей оқыту
Дәптермен жұмыс (сөздік жұмысы)
Сергіту сәті.  
«Ой қозғау»
Қонақ күте білеміз бе?(сауалнама)
1топ– Мысалды рөлге бөліп оқу
2топ - Мысалда адамдардың қандай қылығы
сыналатынын табу.
3топ- «Қонақжайлылық» 3 минуттық эссе




Аяқталуы



Қорытынды
Үйге тапсырма. Шыбын мен араны сипаттап жазу
«2 жұлдыз, 1 тілек» әр топ бір - бірін бағалау
«Жұппен бағала» әр жұп бірін - бірі бағалау



Кері байланыс
«Блоб ағашы»

Стикер
смайликтер



Қосымша ақпарат



Саралау.

Бағалау. смайликтер әр топ өзге топтарды бағалайды. Оқушылар бірін - бірі бағалайды

Пəнаралық байланыс
Дүниетану



Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандайболды?
Мен жоспарлаған
саралаушаралары
тиімдіболдыма?
Мен берілген
уақытішінде
үлгердімбе? Мен
өзжоспарыма
қандайтүзетулер
енгіздімжəне
неліктен?

Психологиялық ахуалды "Шаттық шеңбері" әдісімен бастадым. Оқушылар бір-біріне "жұлдыздай жарқыра","күндей күлімде","гүлдей жайна","гүлдей құлпыр", "таудай биік бол", "мөлдір бұлақтай таза бол", "айдай сұлу бол", "денсаулығың тастай мықты болсын"," асқар таудай бол","судай таза бол","аспандай ашық бол" деп тілектерін айтты. Оқушылар бұл сабақта белсенділік танытты.


Бұл жұмыс барысында оқушылар түрлі сұрақ қою әдістерін қолданды. Түрткі болу сұрағын оқушыдан жауап алу үшін, өткен материалға оралу үшін, оқушының жауабын түзету үшін қолдандым. Сынақтан өткізу сұрағын оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрып алдым. «Мысал келтіре аласың ба?» деген сұрақ тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады. «Көмектесе алатындарың бар ма?», «Кім толықтырады?» деген сұрақтарды басқа оқушыларға бағыттау арқылы қолданып, оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге талпындырады. Оқушыларға сұрақ қою арқылы өз бетімен жұмыс істеулеріне ықпал еттім. Осы сабақ барысында көп сөйлей қоймайтын оқушының өзі белсенділік танытты. Бұл сабақта әңгіме «Қонақжайлылық» тақырыбы болғандықтан, оқушылардан «Қонақ күте білеміз бе?» тақырыбы жайлы ауызша сауалнама алынды. Топтық жұмыс жасалды. Әр топқа тапсырмалар берілді. Топпен жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасты, жұмыс нәтижесі сәтті шыққан топ мүшелерінің көңіл-күйлері көтерілді. Бұл топтық жұмыста екінші топтың жұмысы өте жақсы бағаланды.
«Ара мен Шыбын» мысалы бойынша оқушылар өзара шағын топтарда өз ойларын ортаға салып, болжамдарын талқылады. Оқушылар «Егер ара еңбекқор болмаса, жұмысын тастап, шыбынға ілесіп кетер еді», «Егер мен шыбынның орнында болсам, жан-жағымды таза ұстар едім» , «Шыбын болсам, араны жақсылап қонақ етер едім» деген болжамдарын айтты.
Осы сабақта «Диалогтік оқыту» тәсілі әр кезеңінде көрініс тапты. Оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту керектігін өз жоспарыма енгіздім себебі рөлге бөлініп ойнауда кейбір оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға болатынын түсіндім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет