САБАҚ:К.Сауғабаев «Нан туралы өлең»
|
Мектеп:№16
|
Күні: 15.04.2017ж.
|
Мұғалімнің есімі: Канафина Г.А.
|
СЫНЫП:4 «Б»
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
Өлеңнің мазмұнын түсінеді
Нанның қасиеті, нанның қадірін , нанның жасалу технологиясын біледі.
|
Сабақмақсаттары
|
Барлық оқушылар: Мәтіннің мазмұнын түсінеді.Ас атасы-нан екенін біледі.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:Нанның қалай жасалатынын біледі
|
|
Кейбір оқушылар: Нан туралы тыйым сөздерді біледі, түсінеді.
|
Тілдікмақсат
|
Оқушылар:Сұрақтарға жауап бере алады,
... (істей) алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:Нан-өмір,Дән-нәресте, Дән-тіршілік
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым
|
Талқылауғаарналғантармақтар:
|
Сізнеліктеннанды қасиетті деп санайсыз?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:мақал-мәтелдер жазу, өлең шығару бір шумақ
|
Алдыңғытақырып
|
Қолғабыс. Диалогті оқыту арқылы «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып өткен сабақты қайталау.
Ортада ыстық орындыққа бір оқушы отырады.Сұрақтың жауабын білмейтін болса, тұрып кетеді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелердіжазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Психологиялық дайындық: Қадыр Мырза Әли
Не үшін?
-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін!
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін!
-Құлақ деген не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
-Ал аяғың не үшін керек?
-Шетте жүрсем,
Туған жерге жету үшін!
Сыныпты топқа бөлу(дәнді дақылдармен)
Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
1-топ:Бидай
2-топАрпа
3-топ: Тары
4-топ Талқан
|
Психологиялық жаттығу,
«Ыстық орындық» ,СТО
|
Ортасы
|
«Ой қозғау» стратегиясын
пайдалана отырып, жаңа
сабаққа байланысты 4-топқа тапсырма беріледі.
1-топ: Нанның қасиеті
2-топ: Нан туралы мақал-мәтел
3-топ: Нан қандай еңбекпен келеді?
4-топ: Егін шаруашылығы туралы (эссе)
Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру арқылы сабақты ашу
Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналарұңғада,
Айналарнанға да. (Бидай)
Кәрім Сауғабаев «Нан туралы өлең»
Өмірбаянымен таныстыру
Кәрім Жұмабекұлы Сауғабаев (20 қазан 1941 жыл, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Едірей ауылы - 25 қараша 2002 жыл) - журналист, ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1977).
1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы ҚазҰУ-ды бітірген. Ақынның балаларға арналған алғашқы өлең дер кітабы 1972 жылы жарық көрген. Тұнғыш жыр жинағы «Мойындау» 1972 жылы жарық көрді.
Жыр жинақтары: «Күдеріңді үзбе», «Балқантаудың басында» , «Үш қара оттары»
Сергіту сәті.
Мәтінмен танысу
Өлеңді мәнерлеп оқу
Талдау
Сұрақтар: - Осы өлеңдегі негізгі ой не?
- Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?
- Нанның қандай пайдасы бар?
|