Сабақ Мәтінді оқыңыздар және мазмұнын айтып беріңіздер
Дата 08.01.2017 өлшемі 7,31 Kb. #6536
Киіз үйді тігу өте қызық. Киіз үйді тіккенде, ең бірінші, керегені жаяды. Оның сағанақтарын таңғыштармен байлайды. Одан кейін бақанмен шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншады. Уықты керегенің басына балақ бау арқылы байлап , бекітеді де , есігін орнатады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік деп аталатын киізден жасалған бөлшектермен жабады. Оларды баумен бекітеді. КИІЗ ҮЙДІ ТІККЕНДЕ , ЕҢ БІРІНШІ, КЕРЕГЕНІ ЖАЯДЫ УЫҚТЫ КЕРЕГЕНІҢ БАСЫНА БАЛАҚ БАУ АРҚЫЛЫ БАЙЛАЙДЫ Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңыздар. Киіз үйді соғады. Киіз үйді керегеден бастап тігеді. Бақанмен керегені көтереді. Киіз үйдің сыртын киізден жасалған бұйымдармен жабады. Бір-бірін киізбен бекітеді. Сұхбатты мәтін ретімен жалғастырып жазыңыздар . 1. Киіз үйді тігуді үйренуге бола ма? 2. Иә. Киіз үйді тігуді үйренуге болады. 1. Киіз үйді тігуді неден бастайды? 2. _____________________________ 1. _____________________________ 2. _____________________________ 1. _____________________________ 2. _____________________________ Бос орынға керекті сөздерді қойыңыз Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңыздар. 1. баспаны / халқының / киіз үй / ежелгі / қазақ 2. жасалған / көшіп-қонуға / киіз үй / лайықталып 3. оңай / тігу / киіз үйді / емес 4. киіз үйді / ең / тіккенде / жаяды / керегені / бірінші 5. бөліктерін / киіз үйдің / дейді / сүйектері Дұрыс жауап 1. Киіз үй-қазақ халқының ежелгі баспанасы. 2. Киіз үй көшіп-қонуға лайықталып жасалған. 3. Киіз үйді тігу оңай емес. 4. Киіз үйді тіккенде ең бірінші керегені жаяды 5. Киіз үйдің бөліктерін сүйектері дейді. Мәтінді оқыңыздар. Қазақ халқында тыйым сөздер көп. Солар арқылы балаларына тәлім-тәрбие берген. Үйге қатысты тыйым сөздер де баршылық. Олар: 1. Босағаны керме. 2. Табалдырықта тұрма. 3. Есікті теппе. 4. Үйде жүгірме. 5. Үйді айналма. 6. Үйде ысқырма. 7. Есікті қатты жаппа. Сөздерді жұптастырыңыз . Киіз үйдің жабатынды шаңырақ уық түндік сықырлауық кереге дейді қабырғасын шанырақ төбесін уық Киіз үйдің есігін жабатынды түндік дейді шанақтарын сықырлауық төбесін кереге “Киіз үй” деген тақырыпта әңгіме жазыңыз. Достарыңызбен бөлісу: