Жаңа білім
10 минут
|
№1 Жұппен жұмыс
Ойын «Мен қалай тамақтанам». Қандай жиындар құрастыруға болады?
Суреттерді таңдау. Дұрыс тамақтануды бояу.
№2 Топтық жұмыс.
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен, қосымша ақпаратпен танысады.
«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі
Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.
Тамақтыну мәдениеті дегеніміз — бәр қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі алуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп — жей білу.
Адам тағамынан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энегиясының мөлшеріне қарай қуат алуы тиіс. Егер адам мөлшерден тыс ішіп жесе, артық салмақ қосып, нәтижесінде қант диабеті, атеросклероз, жүрек ауруларына шалдығады. Алайда тамақты аз ішіп, үнемі аш жүругеде болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар.
Дұрыс тамақтану:
Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс.
Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады.
Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте зиянды.
Тамақтану мәдениеті
- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.
- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады
- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек
-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
- Тамақты асықпай шайнап жеу керек
- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек
Тамақтану ережелері
-Тамақ ішер алдында қолды жуу керек
- Дастархан басында түзу отыру керек
-Тамақ ішкен кезде сөйлеме
-Тамақты әдеп сақтап, жақсылап шайна
Ырымдар:
Тамаққа қарап түшкіру әдепсіздік.
Жүкпен үйден шыққанда, үйден тұз алмайды.
Шөлдегенде су бермеген жаман ырым.
Қол жумай асты ішпейді.
Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді.
Тамақ үстінен аттамайды.
Дастарханға алдымен нан қойылады.
Таңертеңгі асты тастамайды.
Тамақты сол қолмен жемейді.
Дастарханға бата бермей мұсылмандар тұрмайды.
Ұлттық тағам
Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды.
Пайдалы, зиянды тағам
Балалар, қандай пайдалы және зиянды тағам түрлерін білесіңдер?
Пайдалы тағамдар және зиянды тағамдарды топтастыру ( оқушылар тақтадағы қағазға бөліп білетіндерін жазады)
Қарақұмық ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки, компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.
Бұл тағамдар неге зиянды деп шештіңдер? Фаст-фуд тағамдары «тез тамақтану» деген мағына береді. Хот-дог, чисбургер, гамбургер, чипсы, кириешки, сэндвичті дайындау барысында көп маргарин қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды майлар көп.Олар асқазанда ұзақ уақытқа дейін қорытылмайды. Сөйтіп артық тамақ ішіп, семіздікке шалдығуға болады.
«Дәрумендер айтысы»
А дәрумені:
Мен сәбіздің, қауынның, қызанақтың, балық майының, жұмыртқаның, сары майдың құрамындаболамын.
В дәрумені.
Мен бірнешетопқабөлінемін. В1 В 2 В6 В12.
Мен бауырдың, жұмыртқаның, сүттің, ірімшіктің, қарананның, еттің, балықтың, көкөністердің құрамында кездесемін.
С дәрумені:
Мен пияздың, картоптың, орамжапырақтың,жеміс — жидектердің құрамында боламын.
Д дәрумені:
Мен өте пайдалымын.Балық майында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында кездесемін.
Е дәрумені:
Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында, жаңғақтарда, жүгеріде, малдың бауырында, көкөністерде көп боламын.
-Дәрумендер, айтыспаңдар. Сендердің барлықтарыңда адамға пайдалысыңдар.
Тамақтану пирамидасын құру
Бірін бірі бағалау
|
Оқулық,
мәтіндер.
|