Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


Тұқым құрамындағы қор қосылыстарының өну кезіндегі алмасу



бет30/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Тұқым құрамындағы қор қосылыстарының өну кезіндегі алмасу.
30-жұмыс
Майлы тұқымдардың өнуі кезінде көмірсулардың түзілуі.
Қажетті құрал -жабдықтар:Үпілмәлік немесе күнбағар тұқымдары, микроскоп, термостат, гүл құмыралары, ағаш ұнтағы, заттық және жабын шынылар, иодтың иодты калий ,Фелинг ертінділері
Жұмыс барысы:құрғақ үпілмәлік немесе күнбағар тұқымынан жұқа препарат даярлап, оны заттық шыны үстіне салып иодтың иодты калий ерітіндісін тамызып микроскоппен бақылау жүргізіледі. Бұл кезде крахмалдың мүлдем жоқ екендігі анықталады. Үпілмәліктің немесе күнбағардың бірнеше тұқымдарын гүл құмырасындағы ылғалданған ағаш ұнтағының ішіне егіп, қараңғы 20 термостатта өндіріледі. Бірнеше күн өткеннен кейін тұқым жарнағы ұнтақтан өсіп шыққан кезде, ұнтақтан тазартып алынады. Өткір ұстарамен жарнақтан, жарнақ астындағы сабақтың үстіңгі, ортаңғы және төменгі тамырға жақын жерлерінен кесіп алып, препараттар даярланады. Оның әрқайсысын иодтың иодты калий ерітіндісімен екінші сондай препараттарды Фелинг ерітіндісімен өңдеп анализ жүргізіледі. Иодтың КJ ерітіндісімен өңделген жарнақта крахмал табылмай, жарнақта жақын сабақтың үстіңгі бөлімінде крахмал дәндерінің мол, ал ортаңғы бөлімінде аз, ал тамырға жақын бөлімінде крахмалдың жоқ екендігі анықталады. Фелинг ерітіндісімен өңдеген препаратты анықтағанда жарнаққа жақын жерінен алынған препаратта көп крахмалмен қатар қанттың да мол екендігі анықталады. Тамырдан да препарат даярлап иодтың KJ ерітіндісімен, Фелинг ерітіндісімен өңдегенде негізгі тамыр тканінде крахмалдың да, майдың да болмайтыны, ал жанама тамыр ұлпаларында қанттың мол екендігі дәлелденеді.
Пысықтау сұрақтары: препараттардан көргендеріңізге қорытынды жасаңыздар, крахмал қайтадан, қалайша түзіледі? Не себепті қанттың мөлшері бір ұлпаларда көп те, ал кей ұлпаларда болмайды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет