31-жұмыс
Белокты тұқымдардың өнуі кезінде аспарагиннің түзілуі.
Қажетті құрал -жабдықтар:Сары люпиннің немесе басқа бұршақ тұқымдас өсімдік тұқымдары, заттық және жабын шынылар, микроскоп, гүл құмырасы, ағаш ұнтағы, спирт, аспарагин.
Жұмыс барысы:сары люпин немесе басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктің тұқымдары алынып, гүл құмыраларындағы ағаш ұнтақ ішіне егіп 20 және қараңғы жағдайында термостатта өсіріледі. Өніп шыққаннан 5-6 күн кейін өскін сабағынан жұқа кесінді алып, заттық шыны үстіне төсеп, спирт тамызып, үстін жабын шынысымен жауып, микроскоппен бақылау жүргізіледі. Спирт ұлпа құрамындағы аспарагинді ерітіп шығарады. Спирт ұшып кеткеннен кейін, спиртте еріп шыққан аспарагин кристалданып, ромб пішінді кристалл түрінде микроскоптан көрінеді. Ол түзілген кристалл аспарагин екенін анықтау үшін заттық шыны алып, спирт шамында қыздырылады. 100 шамасында аспарагин кристалдық суынан айырылып балқиды, ал 200 -де ыдырап газға айналады.
Ал екінші анықтау жолында спирттегі қаныққан аспарагин ерітіндісін микроскопта көрініп тұрған заттық шыныдағы кристалл үстіне тамызғанда ерімей өз формасын сақтап, сол қалпында микроскоптан көрінеді.
Пысықтау сұрақтары:белоктың алғашқы синтезделуін түсіндіріңіздер. Белоктың қайталама (екінші рет) синтезделуінің маңызы мен алғашқы синтездің айырмашылығын түсіндіріңіздер.
32-жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |