Өсімдіктердің тыныс алуы. 27-жұмыс Өніп келе жатқан тұқымдардың тыныс алу коэффициентін анықтау Қажетті құрал -жабдықтар:Өніп келе жатқан үпілмәліктің,күнбағар мен бидайдың тұқымдары, 20% -тік күйдіргіш калий (КОН) ертіндісі, метил көгімен боялған су, 90 0 иілген капилляр түтігі бар резина тығын, пробирка, ішіне мақта салынған биік стақан.
Жұмыс барысы:пробирканың жартысына дейін өніп келе жатқан бидай тұқымы салынып, түтігі бар тығынмен тығындалады да бір тамшы боялған су тамызады, содан соң пробирка қызбауы үшін стақандағы мақтаға салып, аз уақыттан кейін тамшының жылжуы 5 минут аралығында бақыланады. Осылай үш рет жаңадан тамшы тамызып, олардың арифметикалық орташа мәні алынады. Енді сіңірген оттегінің мөлшерін табу үшін сорғыш қағаздан сақина жасап,оған 20 % -тік күйдіргіш калий КОН ерітіндісіне малып алып, пинцетпен пробирка ішіне орналастырып, тығынмен тығындап боялған су тамшысының жылжу жылдамдығы үш рет анықталып, арифметикалық орташа мәні алынады. Бидай тұқымынан кейін пробиркада өніп келе жатқан майлы өсімдік тұқымының тыныс алу коэффициенті жоғарыдағыдай анықталады.
Тыныс алу коэффициенті мына формула бойынша есептеп шығарылады:
А=О2 – СО2, В= О2 , СО2= В-А
CO2= (B-A)
O2 B
Мұндағы А- сіңірілген оттегімен бөлінген СО2 айырымы, В- сіңірген О2 мөлшері .
Қорытынды 22-таблицаға жазылады.
Пысықтау сұрақтары:теория ретінде мынадай қосылыстар С12 Н22 О11- сахароза, С2Н2О4 – қымыздық қышқылы, С57Н104О6 –триолеин тыныс алуға жұмсалса және СО2 мен Н2О-ге дейін тотықса,тыныс алу коэффициенті нешеге тең? Тыныс алу коэффициентінің жұмсалатын қосылыс түріне байланыстылығына қорытынды келтіріңіздер.