Диастаза ферментінің әсерінен крахмалдың гидролиздік шкаласын алу
Қажетті құрал -жабдықтар:Уыт , 2% -тік крахмал клейстері, иодтың иодты калидағы ертіндісі, Фелинг ертіндісі, 10 мл цилиндр, спиртшамы, су баннасы, термометр, таразы тастарымен, пробиркалар, пробирка шатативі, сорғыш қағаз, воронка, сіріңке, колба, пипетка.
Жұмыс барысы:үш пробирка алып, олардың ішіне 10мл 2 % крахмал клейстерін және оның екеуіне 2 мл-ден уыт ерітіндісін, ал үшінші пробиркаға құйылатын уыттың 2 миллилитрі алдын ала 3 минут бойы қайнатып құйылады. Осылайша даярланған бір пробирка бөлме жағдайында қалдырылып,қалған екі пробиркадағы ерітінділер (бірінде уыт қайнатылмаған, ал екіншісінде қайнатып құйылған) 60 температуралы су баннасына қойылады. Крахмалдың қантқа көшу дәрежесін анықтау үшін бірнеше пробиркалар алып, олардың ішіне 10мл су өлшеп құйып, әр пробиркадағы суға иодтың иодты калийдағы ерітіндісінің 3 тамшысы тамызылып, шайқап араластырылады. Бұлай даярланған пробиркаға су баннасындағы пробиркадағы ерітінділерден әр үш минут сайын, ал бөлме жағдайында тұрғаннан 10 минут сайын 3-4 тамшыдан тамызып бақыланады. Крахмалдың қантқа көшуінде ең алдымен әр түрлі декстриндер түзіледі. Бұл қосылыстар иодпен әр түрлі түс береді. Крахмал гидролиздің алғашқы кезінде көк түс берсе, аралықтары шиеқызыл, қызыл, ақырында крахмал толық қантқа көшкенде судағы иодтың түсі ғана қалады. Бөлме жағдайында қалдырғанда крахмалдың гидролизденуі өте жай өтеді. Үшінші пробиркада крахмал өзгермейді, себебі уыт құрамындағы диастаза ферменті қайнатқанда қасиетінен айырылады. Толық крахмал гидролизі аяқталғанда Фелинг ерітіндісімен анализ жүргізіледі.
Пысықтау сұрақтары:ферменттердің өсімдік денесіндегі зат алмасудағы рөлін атаңыздар. Крахмал диастаза ферменті әсер еткенде қандай қосылыстар түзілді?
Достарыңызбен бөлісу: |