Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы Өткізілетін орны

Дата24.04.2017
өлшемі91,19 Kb.
#14961
түріСабақ
25 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________

Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты

І. Сабақтың тақырыбы: Спектрдің түрлері. Спектрлік анализ.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларда спектрлер және спектрлік анализ ұғымын қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, тест.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: химия
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

  1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары:

  • Люминесценттік анализдің медицинада қолданылуы.

  • Люминесценцияның басқа да түрлері туралы материалдар жинақтап, анықтамасын жазу.

3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Спектрдің түрлері.

  • Спектрлік анализ.

5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Жарық - бұл толқын ұзындығы 4*10-7-8*10-7 м болып келген электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындар зарядталған бөлшектердің үдемелі қозғалысы кезінде шығарылады. Бұл зарядталған бөлшектер заттары құрайтын атомдардың құрамына енді.

Атом сәуле шығара бастауы үшін, оған белгілі мөлшерде энергия берілуі керек. Атом сәуле шығарғанда қабылданған энергияны жұмсайды, сондықтан заттың үздіксіз жарық шығаруы үшін оның атомдарына сырттан үздіксіз энергия ағыны келіп тұруы керек.

Жылулық сәуле шығару. Сәуле шығарудың ең қарайым және көп тараған түрі-жылулық сәуле шығару, мұнда жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарынын (немесе молекулаларының) жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады. Неғұрлым дененің температурасы жоғары болса, атомдар соғұрлым жылдам қозғалады. Шапшам атомдар (немесе молекулалар) бір бірімен соқтығысқанда, олардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдардың қозу энергиясына айналады, ал бұлар содан кейін жарық шығарады.

Күннің сәуле шығаруы - бұл жылулық сәуле шығару. Кәдімгі қыздыру шамдарыда жарықтын жылу көзі болып табылады.

6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:

  1. Спектр деп ....

  2. Үзіліссіз спектр деп...

  3. Сызықтық спектр деп ....

  4. Жолақ спектр деп ....

  5. Шығару спектрі деп ....

  6. Жұтылу спектрі деп ....

  7. Спектрлік анализ деп ....

Тест жұмысы: 10 сұрақтан тұрады. Қосымша тіркелген.

7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут

Бағалар

Топтар

5

4

3

2

9. Үй тапсырмасы-5 минут:

Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары:

  • Спектрлік анализдің медицинада қолданылуы. Шаш пен тырнақтың спектрлік анализі.

10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г

11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Спектрдің түрлері. Спектрлік анализ.

Әр түрлі заттардың сәуле шығаруының спектрлік құрамы түрліше болады. Бірақ бұған қарамастан, тәжірибе көрсеткендей, барлық спектрлерді бір-бірінен тіпті өзгеше үш түрге болуге болады.

Үзіліссіз сперктрлер. Күн сәулесінің немесе доғалық фонарьдың спектрі үзіліссіз болып табылады. Бұл - спектрде барлық толқын ұзындықтары бар деген сөз.

Үзілзіліссіз (немесе тұтас спектрлерді, тәжірибе көрсеткендей тек қатты немесе сұйық күйдегі денелер, сондай-ақ қатты сығылған газдар береді. Үзіліссіз спектр шығарып далу үшін денені жоғары температураға дейін қыздыру керек. Үзіліссіз спектрді сондай-ақ жоғары температурадағы плазма береді.

Сызықтық спектрлер. Сызықтық спектрлерді газ күйіндегі атомдық (бірақ молекулалық емес) барлық заттар береді. Бұл жағдайда іс жүзінде бірімен бірі өзара әсерлесетін атомдар жарық шығарады. Бұл — спектрлердің ең іргелі, негізгі түрі. Дараланған атомдар қатаң белгілі ұзындықтағы толқын шығарады. Әдетте сызықтық спектрлерді бақылау үшін жалындағы зат буларының жарқылы немесе зерттелетін газ толы түтіктегі газ разрадының жарқылы пайдаланлады.

Жолақ спектрлер. Жолақ спектр өзара аралықтармен бөлінген жеке жолақтардан тұрады. Өте жақсы спектрлік аппараттардың жәрдемімен әрбір жолақтың өте тығыз орналасқан көп сызықтардың жиынтығы екенін байқауға болады. Сызықтық спектрлерді атомдар беретін болса, жолақ спектрлерді бір-бірімен байланыспаған немесе нашар байланысқан молекулалар туғызады.

Қандай да бір заттың сәуле шығаруындағы жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың шығару спектрі деп аталады. Берілген зат жұтатын жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың жұту спектрі деп аталады.

Заттың спектріне қарап оның химиялық құрамы мен оған енетін атомдар концентрациясын анықтауды спектрлік анализ деп атайды. Сандық спектрлік анализде концентрацияны анықтау үшін спектрлік сызықтар мен жолақтардың орналасуы ғана емес олардың интенсивтілігі де қарастырылдаы. Сандық спектрлік анализ әдісімен күрделі зат құрамындағы берілген элементтің өте аз мөлшерін анықтауға мүмкіндік туады.

Тест

  1. Жылулық сәуле шығару –

  1. Катодолюминесценция -

  • қатты заттарды электрондармен атқылау нәтижесінде олардың жарқыл шығаруы;

  • газ разрядында жарқылдың пайда болуы;

  • жарқырауық жәндіктер мен балықтар;

  • жарықтың денеге түсуі әсерінен жарқыл шығаруы;

  • күннің сәуле шығаруы.

  1. Хемилюминесценция -

  1. Фотолюминесценция –

  1. Электролюминесценция –

  • қатты заттарды электрондармен атқылау нәтижесінде олардың жарқыл шығаруы;

  • газ разрядында жарқылдың пайда болуы;

  • жарқырауық жәндіктер мен балықтар;

  • жарықтың денеге түсуі әсерінен жарқыл шығаруы;

  • күннің сәуле шығаруы.

  1. Жолақ спектрлер –

  1. Жұтылу спектрі –

  • қандай да бір заттың сәуле шығаруындағы толқын ұзындықтары мен жиіліктерінің жиынтығы;

  • бір – бірімен нашар байланысқан немесе тіпті байланыспаған молекулалардың спектрі;

  • газ күйіндегі атомдық заттардың спектрі;

  • берілген зат жұтатын толқын ұзындықтары мен жиіліктерінің жиынтығы;

  • қатты, сұйық денелер немесе қатты сығылған газдардың спектрі;

8. Үзіліссіз спектр –

  1. Шығару спектрі –

  1. Сызықтық спектр –

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет