14-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Буын үндестігі
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, тақта, оқулық т. б.
|
Жалпы мақсаттар
|
1. Білімділігі: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Санау арқылы топқа бөлу.
1 - топ. «Білгіштер»
2 - топ. «Тапқырлар»
3 - топ. «Алғырлар»
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Оқушыларға өткен тақырыпқа байланысты ашық сұрақтар қою
|
Қызығушылықты ояту
|
«Кім жылдам?»ойыны
Ойынның шарты – берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап сөйлем құрау.
Мысалы: Балалар алаң жүр.
- Сөйлем дұрыс болу үшін не істейміз?
- Ол үшін алаң сөзіне – да жалғауын жалғаймыз. Сонда «Балалар алаңда жүр» деген сөйлем шығады.
|
- Осы ретпен «Айнұр мектепке келді. Кеше тауға барды» деген тәрізді бірнеше сөйлем құрастырылып, түбір сөзге қосылған неліктен солай жалғанғанына назар аударылады. Бұл тұста түбір сөздегі дауысты дыбыс қандай болса, қосымшада сондай дауысты дыбыстан болатыны оқушыларға түсіндіріледі.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Оқулықпен жұмыс:
1 - жаттығу. Берілген сөздерді буынға бөліп көшіріп жазып, соңғы буындағы дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке екенін айту.
Санау арқылы топқа бөлу.
1 - топ. «Білгіштер» 2 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап жаз.
2 - топ. «Тапқырлар» Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар.
Кім сүймейді атасын,
Асқар таудай көрінген.
Бөбекке айтар батасын,
Жаттап алған едім мен.
- Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айт.
- Өлеңнің мағынасын түсіндір.
3 - топ. «Алғырлар» Берілген сурет бойынша сөйлем құрап жазу.
3 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы
|
Сергіту сәті
|
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
|
Оқушылар денелерін жаттықтырады
|
Ой толғаныс
|
Жинақтау. Үлестірмелермен жұмыс.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл – жас..., асыл тас...,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс... - тер
аң... - шы
көбелек... – дар
- Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?
- Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.
|
Үй тапсырмасы
|
5-ж,26-бет
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Смайликтер арқылы
|
15-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
|
Жалпы мақсаттар
|
Білімділік: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы білуі тиіс.Дамытушылық: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтіре алуы тиіс.
Тәрбиелік: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың ерекшелігін айта алуы тиіс.
Күтілетін нәтиже:
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды біледі.
2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтіре алады.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың ерекшелігін аша алады.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Спорттық ойындарды таңдау арқылы топқа бөліну. (баскетбол, футбол, асық аты, қыз қуу)
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Айнаға қараймын
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқаша тазамын,
Бәрiнен озамын.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Тест парақшалары
|
Қызығушылықты ояту
|
Топтастыру «Буын үндестігі»
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Жаттығу жұмыстары:
І топқа: 1 - жаттығу
ІІ топқа: 2 - жаттығу,
ІІІ топқа: 3 - жаттығу,
ІҮ топқа: 4- жаттығу.
2. Семантикалық картамен жұмыс
3. Әр топқа қызықты тапсырмалар беріледі.
І топқа: тек ашық буыннан құралған 10 сөз тауып жазыңдар.
ІІ топқа: бірдей дыбыстан басталатын сөздерге сөйлем құрап жазыңдар.
ІІІ топқа: екі бірдей үнді дауыссыз дыбыс қатар келген қыздардың есімдерін жазыңдар.
ІҮ топқа: сөздері бірыңғай дауыстыдан не бірыңғай дауыссыздан басталатын 1 шумақ өлең жазыңдар.
4. Логикалық сұрақтар қою.
Зерттеушілік әңгіме түрінде ой тұжырымдайды.
Жаттығу жұмыстарын талдайды.
Семантикалық картамен жұмыс жүргізеді.
Әр топ қызықты тапсырмаларды орындайды.
Логикалық сұрақтар қойылады.
Сызба кесте Білімдерін толықтырады.
|
Сергіту сәті
|
Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
|
Оқушылар денелерін жаттықтырады
|
Ой толғаныс
|
Тесттік жұмыс Сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
1. Сабақта не өттік?
2. Сабақта не үйрендік?
3. Сабақта не істедік?
Тақырып бойынша тест алынады
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізеді
|
Үй тапсырмасы
|
5-ж,28-бетте
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Әр топ өзін - өзі бағалайды. Өзін - өзі бағалау, «Ашық журналға» бағалау Рефлексия
|
16-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Дыбыс үндестігі
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Үлестірмелі кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ; б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Топқа құттықтау қағазадрын құрастыру арқылы бөлінеді
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Бала, бала, балақай,
Қол соғайық, алақай!
Бiр,екi,үш деп айтайық,
Саусақтарда тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып, ойнайық.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1.Үндестік заңы дегеніміз не?
2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
3.Буын үндестігі дегеніміз не?
4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5.Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?
6.Фонетика нені зерттейді?
7.Буын дегеніміз не?
|
Қызығушылықты ояту
|
Тест сұрақтары
1. Үндестік заңының неше түрі бар?
А. 2
Б. 4
В. 7
2. Қайсысы отбасы мүшелеріне жатпайды?
А. Ата
Б. Көрші
В. Немере
3. Қалақ сөзіне дауысты дыбыс жалғанса, қандай өзгеріс болады?
А. Г дыбысына айналады
Б. К дыбысына айналады
В. Ғ дыбысына айналады
4. Сөз қатаң дауыссызға аяқталса қосымша қандай дыбыстан басталады?
А.Ұяң дауыссыздан.
Б. Үнді дауыссыздан
В. Қатаң дауыссыздан.
5. Отбасылық мерекеге жатпайтын атауды көрсет
А. Шілдехана.
Б.Тұсаукесер.
ВБата беру.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы : қаздар (қазтар емес ), есептер ( есепдер емес ).
Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді : ілгерінді ықпал,кейінді ықпал.
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз : тас-тан,жаз-ға,адам-нан.
Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса,оған жалғанатынқосымша қатаңнан басталады.Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан,ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса,қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.Мысалы :теп – теуіп.
Оқулықпен жұмыс
Жаттығуларды орындау
|
Сергіту сәті
|
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
|
Оқушылар денелерін жаттықтырады
|
Ой толғаныс
|
«Біздің отбасымыз» тақырыбына жұп болып постер құрау
|
Үй тапсырмасы
|
5-ж,29-бетте
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Смайликтер арқылы
|
18-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Мәтін түрлері
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Пазлдар,суреттер
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру.
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Пазл арқылы топқа бөлемін
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Екі көз бен қос құлақ
Бір бас пенен бір мұрын
Нешеу болды қос шырақ,
Санап шығар кім бұрын?!
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің...
Нешеу болды қане, бол,
Санап шығар кім бұрын?!
Сұқ саусағым суға барды
Ортаң қолым орақ орды.
Аты жоғым ағаш жарды,
Жұмсамапты алақаным,
Тек шынашақ–балапанын.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай бөліктері болады?
- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?
|
Қызығушылықты ояту
|
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Үнді дауыссыздарды ата?
3. Ұяң дауыссыздарды ата?
4. Қатаң дауыссыздарды ата?
5. Сөздерді талдау
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
1) Бірінші мәтін бойынша жұмыс
Әңгімелеу мәтінін түсінгендерін байқау.
Ақбөкен
Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді.
- Бұл мәтіннің қай түрі?
2) Топпен жұмыс.
– Осы мәтіндегі тірек сөздерді табыңдар.( мекендейді, жайылады, қарауыл қарайды, дауыс береді)
3) Екінші мәтінмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс «Лашын»(70 бет)
- Мәтінге сұрақты қалай қоюға болады? – Мәтінде лашынды қандай деп сипаттайды? - Лашын қандай құс? - Оның арқасы, алқымы қандай?
- Көзі қандай?- Қанаты қандай?
Бұл - сипаттау мәтіні.
Сипаттау мәтінінің ерекшелігін өздерің тауып айта аласыңдар ма? (Әр топтың жауабын тыңдау).
Сипаттау мәтінінің ерекшелігі: 1) Сөйлемдер заттың түр - түсін, қасиетін суреттейді. 2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді. 3) Тірек сөздер – сын есімдерден болады.( 2 - тірек - сызбада көрсету)
4) Үшінші мәтінмен жұмыс.
Қайың.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
Бұл - мәтіннің қай түрі болады деп ойлайсыңдар? НЕ себепті? – Немен дәлелдейсіңдер? Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. (3 - тірек - сызбада көрсету)
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Екі мәтінді салыстырып оқы. Қандай айырмашылықты байқадың?
2-жаттығу
Мәтіндерді оқып,пайымдау,сипаттау,әңгімелеу мәтіндерін тап
3-жаттығу
Мәтінді түсініп оқып,көшіріп жаз.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдiсығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
|
Оқушылар денелерін жаттықтырады
|
Ой толғаныс
|
- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Білетін ережелеріңді, ұғымдарды кестеге жазу.
Мәтін туралы не білетін едік?
Бүгін тағы нені үйрендік?
4-жаттығу Сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр
1. Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан, екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
2. Мәтіннің тақырыбы болады.
3. Мәтіннің басы, ортасы, соңы болады.
4. Мәтінде тірек сөздер болады.
Мәтіннің негізгі ойы болады.
• Мәтіннің түрлерін білдік:
1. әңгімелеу
2. сипаттау
3. пайымдау
•осы түрлерінің ерекшелігін білдік.
|
Үй тапсырмасы
|
5-ж,32-бет
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Смайликтер арқылы
|
Достарыңызбен бөлісу: |