1-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
«Ұқсастық пен даралық», «3 қадамдық сұхбат» стратегиялары (СТО бағдарламасының стратегиялары).
Көрнекілігі: сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, суреттер.
|
Жалпы мақсаттар
|
1. Дыбыстар және әріптер туралы 2 сыныпта алған білімін еске түсіру, қайталау дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай пысықтау;
2. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту;
3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай
білуге тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
ББ кестесі
білемін
|
білгім келеді
|
білдім
|
|
|
|
Өткенді қайталау (сөзжұмбақ арқылы)
|
Қызығушылықты ояту
|
Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы қайталау.
Тақтаға мынадай сөздер жазылады: дала, білім халық, қымыз.
Осы сөздерді құрап тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу:
аа, іі, аы, ыы.
Мынадай сұрақ қойылады:
- Осы тізбектен қандай сөздер екенін білуге бола ма?
Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады:
Д... Л..., б... Л... М, Х... Л... Қ, қ... м... з.
- Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?
Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелері өзара пікірлесе отырып, өз қорытындыларын айтады.
Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да маңызы зор. Дауысты, дауыссыз дыбыстар бір - бірінсіз сөз құрай алмайды.
Сабақ басындағы қайталауға берілген тапсырма оқулық бойынша орындалады. Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы сөйлемдерді ауызша толықтырады.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
1 - жаттығуды орындап болғаннан кейін, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар еске түсіріледі. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болуына байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.
2 - жаттығуды орындау кезінде жаңа сөз жасап тұрған дыбыстардың қосындысынан «Оқу түбі - тоқу» деген мақал шығуы керек. Бір дыбыстың өзгеруінің өзінен сөздің мағынасы өзгеретіні түсіндіріледі.
3, 5 - жаттығу да бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздерді табуға арналған. Оқушылар өзгерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
4 - жаттығуды орындау арқылы сөздерге дыбыстың талдау жасап, дыбыс пен әріптің айырмашылығын еске түсіреді.
|
Сергіту сәті
|
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
«ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша анықтау керек.
Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі формада сызуына болады.
Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес, т. б.
Дауысты дыбыс
А, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, y, u,...
1. Созылып айтылады, кедергіге ұшырамайды.
2. Жуан, жіңішке.
3. Буын құрайды.
4. Екі дауысты дыбыс қатар келмейді.
Дауыссыз дыбыс
к, қ, м, н, ң, р, й,...
1. Созылмайды, кедергіге ұшырайды.
2. Қатаң, ұяң, үнді
З. Буын құрамайды.
4. Екі дауыссыз қатар келеді.
1. Дыбыс
2. Әріптік таңбасы бар
3. Сөз құрайды
4. Қазақ әліпбиін құрайды
5. Дыбыстың өзгеруі сөз мағынасын өзгертеді
|
Үй тапсырмасы
|
Тест тапсырмалары
«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Смайликтер арқылы
|
2-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Сөйлем және оның түрлерін қайталаймыз
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Кеспе қағаздар, тақта, үлестірме қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
1. Білімділік мақсаты: Сөйлем және оның түрлері, сөз тіркестері туралы алған білімдерін қайталау
2. Дамытушылық мақсаты: Табиғатқа экскурсия жасау арқылы оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, дүние танымдарын кеңейту, шығармашылық, іскерлік қабілеттерінің белсенділігін дамыту арқылы, топпен жұмыс істеуге баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, бір - бірін сыйлауға, туған жер табиғатын сүйіп аялауға тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларға қызыл,жасыл,сары түсті қағаздар үлестіріледі. Қағаздың түсіне сай 3 топқа бөлініп отырады.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Бақыт, бақыт
Бақыт менде, бақыт сенде.
Бақыт барлық жерде.
Тыныштық, тыныштық
Тыныштық менде, тыныштық сенде
Тыныштық барлық жерде.
Бейбітшілік, бейбітшілік
Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде.
Бейбітшілік барлық жерде болсын!
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар? Неше дыбыс?
- Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөз тіркесі дегеніміз не?
|
Қызығушылықты ояту
|
.Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазу
Көркем жазу минуты: Т, У әріптерін жазу
Асан қайғы туралы аңыз.
Ерте заманда жалпақ далада данышпан Асан қайғы деген кісі болыпты. Ол әлемді өзінің сенімді арғымағымен аралаған екен. Ұзақ аялдаған жері сирек болыпты. Өйткені ол Жерұйықты іздеген еді. Жер бетіндегі жайлы қонысты адамдар табиғатпен толық үйлесім тауып нулы өлкені іздестіріп жүрген болатын...
Ендеше біз де бүгінгі сабағымызды ерекше өткізу үшін табиғатқа экскурсия жасайық.
1 Табиғатқа экскурсия жасау.
Жұмбақ шешу
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жасы тамып барады. (Бұлт)
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Тапсырмалар орындау
Топпен жұмыс
І топ Бұлт және аспан сөздеріне фонетикалық талдау жасау
ІІ топ. Жұмбақтан сөз тіркестерін тауып жазу.
ІІІ топ. Бұлт сөзімен жайылма сөйлемдер құрастыру.
2 Орманның суреті
- Ормандар Еліміздің қай аймақтарында орналасқан?
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Өлеңді түсініп оқы
2-жаттығу
Сөйлемнің соңында тұрған алманың орнына тиісті тыныс белгісін қойып, сол сөйлемдерді көшіріп жаз.
3-жаттығу
Бұл ауылда,
Шөп үйілген үй көп пе?
Шөп үйілмеген үй көп пе?
Меніңше шөп үйілген үй көп
Сұраулы сөйлем қалай жасалған?
|
Сергіту сәті
|
Таулы аймаққа саяхат
Еліміздің бестен бір бөлігін таулар алып жатыр. Ендеше тауға экскурсия жасайық. – Таудың табиғаты немен ерекше?
|
Ой толғаныс
|
Топпен жұмыс
І топ. Өзен – тұщы судың көзі. (Морфологиялық талдау)
ІІ топ. Ел өзен жағасына қоныстанады. (Синтаксистік талдау)
ІІ топ. Каспий – еліміздің ең үлкен көлі. (Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап)
Суға байланысты тыйым сөздер: Суға түкірме, Суды адамға шашпа, Кірдің суын көлге төкпе
|
Шығармашылық тапсырма
|
Шығармашылық тапсырма: Әр қалыпты жазу
І топ: Өтініш
ІІ топ. Хабарландыру
ІІІ топ Тілек
|
Үй тапсырмасы
|
4,5-ж,6-бет
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
Кері байланыс
|
Смайликтер арқылы
Рефлексия Не білдік? Не істедік?
|
3-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Сөйлем мүшелерін қайталаймыз
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
кеспе қағаздар, текше,
|
Жалпы мақсаттар
|
Білімділік: сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: мақал - мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Үш түрлі геометриялық фигураларды қолдану.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
«Қара жорға» биі
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Дәптердегі жаттығуларды тексеру.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Кубизм» стратегиясы.
1. Салыстырыңыз. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.
2. Талқылаңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Түрлерін ата.
3. Ажыратыңыз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажырат.
4. Мысал келтір. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.
5. Қолданыңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып әңгіме немесе эссе жаз.
6. Зерттеңіз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің түрлерінің ерекшеліктеріне тоқтал.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Әр топқа талдауға сөйлемдер беру.
І топқа талдауға сөйлемдер.
Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Екеуі қайтадан қарадырға бет қойды. Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек.
ІІ топқа талдауға сөйлемдер.
Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп - тік.
ІІІ топқа талдауға сөйлемдер.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме. Арық атқа қамшы ауыр. Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
1-жаттығу
Б.Момышұлының нақыл сөздерін дәптерге көшіріп жазу.
2-жаттығу
Өлеңді жатқа жазады.
3-жаттығу
Мақалды оқып,мағынасын түсіндіреді.
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды
|
Ой толғаныс
|
«Сұрақ - жауап». Сынақ өткізу.
(Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді. (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (жоқ)
4. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
5. – ның, - нің ілік септігінің жалғауы. (иә)
6. мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері. (иә)
7. – ма, - ме, - ше сұраулық шылаулар. (иә)
8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)
9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)
10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)
11. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш. (жоқ)
12. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді. (жоқ)
13. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. (иә)
14. Бастауыш пен толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. (жоқ)
15. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3 - ке бөлінеді. (иә)
4-жаттығу
Мәтінді түсініп оқу.
|
Үй тапсырмасы
|
Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу
|
Күнделіктеріне жазады
5-ж,8-бет
|
Бағалау
|
Смайликтер арқылы
|
4-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Қаратпа сөзді қайталаймыз
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
кітап, сөздік
|
Жалпы мақсаттар
|
а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
қаратпа сөзді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Қаратпа сөзді меңгеру, өз ауылдары туралы өз ойын айта білу;
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Жылдың төрт мезгіліне сай топқа бөлінеді.
Бағалау жетондарын үлестіремін
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Дәптердегі жаттығуларды тексеру.
|
Қызығушылықты ояту
|
1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ауылдарың туралы әңгімелеңдер.
1. Сенің ауылың қалай аталады?
2. Ол қайда орналасқан?
3. Ауылыңның табиғаты қандай?
4. Қасында өзен бар ма?
5. Тау бар ма?
2 - тапсырма. Сөздерді мәнерлеп оқып, олардан әр түрлі сөз тіркестерін құраңдар.
3 - тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдерді қаратпа сөздермен толықтырыңдар.
1. Екеуміз ауылға барайық.
2. Ауылдың табиғаты қандай тамаша!
3. Сен өзенге барасың ба?
4. Бүгін тауға шығамыз ба?
5. Орманға жидек теруге барамыз.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
1-жаттығу
Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып,қаратпа сөзді тап.
2-жаттығу
Өлеңді түсініп оқы
Ережемен жұмыс
Қаратпа сөз - біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер. Ол сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді. Мысалы:
1. Балалар, сабақтарыңды оқыңдар.
2. Сабақтарыңды, балалар, оқыңдар.
3. сабақтарыңды оқыңдар, балалар.
3-жаттығу
Өлеңді түсініп оқы
4-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Оқушылар хормен айтып,есептейді
|
Ой толғаныс
|
«Менің қиялымдағы ауыл» тақырыбына сурет салу және әңгімелеу.
|
Үй тапсырмасы
|
5-ж,10-бет
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау жетондарын санайды.
Смайликтер арқылы
|
Достарыңызбен бөлісу: |