Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е. Р әдебиет Сабақтың атауы Қ. Ахметова. Қазағым менің



бет4/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,09 Mb.
#5895
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

 

13-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Ө. Қанахин. Жер идірген.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Жаңа тақырыпты түсіндіру,ой белсенділігін дамыту.

Автор туралы түсінік беру.

Топпен жұмысқа дағдыландыру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Кәне,кәне,тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық
Бишілерде бұралып,
Дөңгелене тұрайық.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


«Туған жер» постер жазу

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

  1. Мәтінді оқу

  2. Автормен танысу

  3. Тізбектеп оқу

  4. Жеке оқу

  5. Сұрақтараға жауап беру

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Жер идірген деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ой бөлісу

Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

14-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Н. Айтов. Ана тілім.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, қосымша материалдар, маркер, плакат.

Жалпы мақсаттар

1.Өленнің идеясы ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен

 байланыстыру.

2. Өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, шығармашылылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

3.Өзін-өзі  тану, сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бір-ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандыққа тәрбиелеу.



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып 
Жақсы сергіп қалайық.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Біздің ана тіліміз қандай?

Өз тіліңді қалай дәріптер едің?

Тақтаға немесе плакатқа оқушылардың пікірлері жазылады. Мысалы:

Ана тілі


Ойды жеткізу тілі

Отбасы тілі

Білім тілі

Тұрмыс тілі

Өлең айтқаным

Жазу тілі

Қуанғанымды жеткізіледі


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Ақын «Ана тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіну.
Сұрақтар.
Бірінші шумақта ақын өз тілін білмейтінін адамның сезімін қалай суреттеген?

Екінші шумақта ақын ана тілін қалай сипаттаған?

Ана тіл арқылы адам қалай өседі?

Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылау.

Сұрақтар:

Ақын өлеңнеде ана тілім сөзінен кейін неліктен тыныс белгісі қойылған?

Өлеіде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?

Бастапқы топтауға қайта оралу. Оқушылар өлеңге қайта үңіліп, оқу арқылы мөлшермен мынандай көркем сөздерді (қызыл маркермен) жазады:

бақ тілі, дана тіл, пәк тіл, бесіктегі ән, алтын ұя.

Топтау кестесін пайдаланып, жұмысты қорытындылау.

- Біздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді. Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсіріңдер...


Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


· Балалар, бүгінгі сабақта сендер ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?

· Ана тілі арқылы.

· Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?

· Ана тілі арқылы.

· Мен сендердің тамаша ойларыңды, сезімге толы шығармаларыіды қалай ұқтым?

· Ана тілі арқылы.

· Олай болса ана тілін ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен.


Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

15-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

К. Кенжетаев. Өнердің сайыпқыраны.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Ертегі үзіндісі, «Сыбырлақ» ойыны, Қазақстан картасы, маркер, плакат.

Жалпы мақсаттар

1.       Белгілі өнер адамдарының балалық шағы туралы іңгіменің идеясын ашу.

2.       Мәтінді өз бетімен оқып, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейін арттыру.

3.       Ата –ана, ел, жер, ана тілі арқылы дарыған ұлттық тәрбиенің  әсерін сезінуге мүмкіндік беру. Сөз  өнеріне, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Көтереміз қолымызды,
Созыламыз жоғары.
Бір,екі,үш,
Денеңді солға бұр.
Қолыңмен көмектесіп,
Беліңді шынықтыр.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Мұғалім бірінші баланың құлағына ертегіден үзіндіні сыбырлап айтады. Үзінді балаға анық естілуі керек. Бір рет қана сыбырлап айтатыны ескертіледі. Келесі бала ары қарай жалғастырады.

Ең соңғы оқушы ертегі үзіндісін қалай естісе, солай дауыстап айтып береді.Айтылған алғашқы нұсқа өзгеріске ұшырауы сөзсіз. Орта тұстағы бірнеше баладан да не естігені сұралады.

v Балалар, ауыз әдебиеті үлгісі болатын ертегілер мен осы ойынның арасында қандай ұқсастық бар?


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Бірінші абзацты оқып, мазмұнын түсіндіру.

· Мәтіннен не түсіндік?

· Оқиға басталды ма?

· Егер басталмаса, бұл не болуы мүмкін?

Қорытынды сөз арқылы бұл Қазақстанның қай аймағы екенін картадан іздеп табу.

· Оқиға басталғанымен, оқиға болатын орын бейнеленген.

· Ал осы үзіндіде қандай кейіпкердің аты аталады?

· Әңгімелеуші адамның әкесі Кенжетай. Оның әкесі Айман.

Осы бөлімді қалай атасақ болады?

· Бұл адамдар туралы ары қарай оқып көрейік.

· Осы мәтіндегі үш баланың қайсысы өнердің сайыпқыраны еді?

· Оның келешек өнер иесі болатынын кім байқады?

· Біріншіден домбыраны тез үйренуі,...

Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

Шәкен Айманов бейнесін ашуда балаларға «Алдаркөсе» көркем фильмін немесе кітабын оқуға тапсырылады.


Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Өнерлі  адам болу оңай ма? Балалар ойын тыңдау.

Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

16-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Н. Жанаев. Мұғалім.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

 тақта, бор, бір күн бұрын тапсырылған өз мұғалімдерінің  бейнесін салынған портрет, шығарма, арнау өлең, тілек,  тақтаға көрме ретінде қою.

Жалпы мақсаттар

1.       Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру.

2.       Өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін талдауға үйрету. Прозалық кейіпкердің  поэзиялық кейіпкерден айырмашылығн аңғартуға алғашқы әрекеттер жасау.

3.       Ашық әңгіме, бүкпесіз ой арқылы тіл дамытуына, ой еркіндігіне мүмкіндік беру. Осы арқылы оқушылардың барлығы белсенді әрекетке ұмтылдыру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып 
Жақсы сергіп қалайық.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Балаларға тақтаға жазылған: Сабақ, Мұғалім, Қоңырау, Оқушы деген топтарға бөліп отырады.

Осы сөздерді қалай мәтін шығатындай етіп қоясындар. Мысалы:Қоңырау, Оқушы, Мұғалім, Сабақ.

  Оқушылар былай қойылу себебін түсіндіреді. Ауызша сөйлемдер құрастырады.

v  Балалар, осы мәтіндегі басты кейіпкер кім болады деп ойлайсыңдар?

v  Мұғалім.

v  Неліктен мұғалімді алдыңдар?

v  Себебі қоңырау соғылса да мұғалімсіз сабақ басталмайды.

v  Мұғалімсіз мектеп болмайды....

Оқушылардың ойы осы идеяға әкелетіні сөзсіз. Бәрақ оқушының ойына мұғалім өз ойын таңбауы тиіс. Бұл әңгіме жаңа сабаққа шығаратын  көпір.

Немесе мектеп, қоңырау, оқушы бала, мұғалім бейнесін сызба суреттер арқылы тақта, плакатта көрсетіп, осы суреттер бойынша мәтін құрастыру. Мәтінге ат қойып, мәтінге бас кейіпкер кім екенін анықтау. Оқушының шығармашылық мүмкіндігіне кедергі болмау.



Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Олай болса ақын «Мұғалім» өлеңіндегі басты кейіпкермен танысайық.

Іштен оқу.

Өлең кімнің атынан жазылғанын анықтау.

Өлеңдегі шәкірт ойын ашып беру.

Ақын мұғалімге деген халық құрметін қалай білдіреді? Өлеңнен үзінділер оқылып, пікірлері дәлелденеді.

v  Шәкірт үшін мұғалім кім?

v  Оқушы ұстазына  қандай серт береді?

Әр топ  шумақтарына ат қояды. Мысалы:

v  Мұғалімге тағзым.

v  Қамқоршы.

v  Өміріме үлгі.

v  Орындалар арман.



Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Балалар, өздерің айтқандай, халқымыз мұғалімді құрметтеген. Мұғалімге арналған қандай ән білесіңдер? Бұл әнді білмейтін адам жоқ шығар деп неге айтамыз? «Ұстазым әні» Хормен бірінші  шумағы айтылады.

Осы  мұғалім деген сөздің мағынасын тағы қандай сөздермен айтуға болар еді? Ұстаз, оқытушы, апай, ағай немесе аты жөнімен.

Сендер өз мұғалімдеріңді қалай атағыларың келеді? Таңдағандарына эссе жазыңдар.


Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет