Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е. Р әдебиет Сабақтың атауы Қ. Ахметова. Қазағым менің



бет6/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,09 Mb.
#5895
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

 

22-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Н. Айтов. Өнер жолында.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Мәтіндегі басты кейіпкерлердің суреті. Өнер, еңбек тақырыптарына арналған накыл сөздер мен мақал-мәтел жазылған плакат.

Жалпы мақсаттар

Тақырып мазмұнын меңгерте отырып, өз бетімен жұмыс жасауға,  өздерінен қорытынды шығаруға, үлті тұту, құрметтеу, еңбекке деген талпыныс сияқты әдептілік үлгі қасиеттерінің мәтіндегі ашылуын тануға машықтандыру.

   Сөздікдік қорларын молайту арқылы ой-өрістерін, көркем сөйлеу тілдерін дамыту.

Адами жақсы қасиеттерді тани білуге және мейірімді, адал, шыншыл болып қатыгездіктен бойларын аулақ ұстауға баулу.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

«Ал сен білесің бе?» айдары бойынша «Ойашар» өткізу. Жалғасын өздеріне құрастыртуға болады.

Сыныпты аталған дәлелдемелер арқылы өз таңдаулары бойынша топтарға бөлу.



Ынтымақтастық атмосферасы

Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып 
Жақсы сергіп қалайық.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


I. Қызығушылықты ояту.

-  Басты кейіпкер өз қателігін қалай түсінді?

-   Анда-санда бұрышқа тұрып, іштей өзімізге баға беріп, жаса қателіктерімізді таразыға салып, дұрыс шешім тапқанымыз артық болма ды екен.

-          Отбасыңда осындай жағдай болғанда кандай жаза аласыңдар? «Топтастыру» арқылы тақтаға орындау.

-          Осы жазалардың ішіндегі ең ауыр тиетіні не? Таяқ еттен өтеді, Сөз сүйектен өтеді.

Осы жаза әділ болды деп ойлайсыңдар ма? Бүгінгі жаңа тақырыппен таныстыру. «Өнер жолында» тақырыбына болжау жасау. Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы болуы мүмкін?

-  Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша мәтінді оқу, тек енді мәтінде кездескен басты кейіпкерлердің аты мен жер-су атауларын сызып отыру.

Мәтіннің мазмұнына қысқаша сұрақтармен жетелеу арқылы шолу жасау.

Алғашқы жасаған «Топтастыруға» қайта оралып, толықтыру енгізу. Кімнің алған жазасы ауырлау екен? Неліктен?

Жеке, жұпта, топта талқыға салып, ортақ шешімдерін жария ету.

- Бұл оқиға кімдердің басынан өтті? «Түртіп алуға» оралу. Дәптерге «Т кестесін» құрау.

Музыка сабағын еске түсіру, басты кейіпкерлер жайында не білеміз? (Көрнекіліктер, кинофильмнен үзінді немесе басты кейіпкерлер жайын­да қысқаша деректі фильм көрсетсе, дұрыс болар еді.) Үнтаспа, әннен үзінді тыңдау.

Сынып оқушыларының ішінен білетіндер болса, әнді айтқызып көру. Өнер жолы - ауыр жол!

Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айту. (Плакатқа жазылған, я болмаса интерактивті тақтада көрсету.)

Әміре мен Жүсіпбекке «Венн диаграммасы» арқылы сипаттама беру. Жеке, жұпта, топта толықтырулар енгізу. Ортақ жұмысты жария ету.


Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Мәтіндегі ең соңғы сөйлемнің мағынасын түсіну.

- Әнші ұстаз ескертуінен қандай сабақ алды? «Өзім үшін жазу» арқылы жеке орындау.

Жұпта бірін-бірі тыңдау. Мүмкін толықтырулар енгізу болар. «Автор орындығына» шығып оқу.

- Мәтіннің негізгі идеясы неде?



Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

23-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Ж. Молдағалиев. Кішіпейілділік.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Басты кейіпкерлердің суреттері, кітаптары.

Жалпы мақсаттар

Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің ерекшеліктерін  қарым-қатынас жасаудагы әдептілік істерге, адами құндылықтарды тану арқылы кейіпкер портретін жазуға көмек беру.

Мәтіндегі басты кейіпкерлер туралы мағлұмат алу арқылы кішіпейілділіктің әркімге тән екенін ұғындыру.

2.    Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік корларын молайту арқылы, тіл байлығын арттыру.

3. Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір-бірімен тіл табыса білуге, бірін-бірі сыйлауга үйрету.



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

«Ал сен білесің бе?» айдары бойынша «Ойашар» өткізу. Жалғасын өздеріне құрастыртуға болады.

Сыныпты аталған дәлелдемелер арқылы өз таңдаулары бойынша топтарға бөлу.



Ынтымақтастық атмосферасы

Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып 
Жақсы сергіп қалайық.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Сабақты оқушылардың өздерін өздері қаншалықты жақсы көретіндеріне

бастау. Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз.

Өлеңді оқушылармен бірге қимылмен көрсету, мазмұнын талдау. Өлеңнің соңғы жолдары арқылы адам бойындагы жаксы және жаман қасиеттерге мінездеме беру.

«Топтастыру» арқылы «кішіпейілділік» сөзіне түсініктеме беру. Мағынасын ашу. Кішіпейілділік көзге көрініп, құлаққа естіліп тұрат я болмаса ерекше түр-тұлғасы бар мінез-кұлық па? Кішіпейіл адамды қалай танисың?

-  Сен өзіңді кішіпейілмін деп санайсың ба?


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

втор жайында білгендерін сұрап, көрнекіліктер арқылы толықтыру. Мәтінмен танысу.

Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атау. Әрқайсысына сипаттама беру.

-  «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ» дегенді қалай түсінесің?

-          Бұл сөзді басқаша қалай айтар едің? Кейіпкерлер портретін тауып оқы. Сол бойынша көз алдыңа кейі керлерді елестете аласың ба? (Артынан суретпен салыстыр.) Мұхтар Әуезовтің кішіпейілділігі неден байқалады? Мәтінге қандай нақыл сөз сай келеді деп ойлайсың?

-  Мәтіннің тақырыбын өзгертер ма едің? Неліктен?

-  Мұхтар Әуезовтің бойындағы жақсы қасиеттердің қайсысын өзің жақын тартар едің? Неліктен?



Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


- Атақ пен мансапқорлықтың кішіпейілділікке қандай қатысы бар деп ойлайсың?

Жеке, жұпта, топта талқылау.



Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

24-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Мазмұндама

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Аю мен бөдененің суреті

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты:жоспар бойынша мәтін мазмұнын,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;

-сөздік қорын дамыту;

- мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.


Топқа бөлу

І топ Мінездеу

ІІ топ Зерделеу

ІІІ топ Бейнелеу


Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау

“Ауыспалы доп” арқылы үй тапсырмасы бойынша шеңберде тұрып бірнеше сұрақтар қоямын. 

Оқушылар сұрақтарға жауап бееді

Жоспар құру



Мазмұндама жоспары:
1.Аюдың бал арасына кездесуі.

2.Балға ұмтылған аю.

3.Аюға кедергі жасаған бөрене.

4.Аюдың ажалы.


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Аю мен бөрене.

 

    Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып,аузынан сілекей шұбырып,оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап,басы айналды.



Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып,ағаштан ұшырып түсірді.

 

 



 

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тамсанып,сілекейі шұбырып.

 


Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.

Бірінші байлық - денсаулық.


Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық


Оқушылар денелерін жатықтырады



Үй тапсырмасы

Қайталау


Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кеі байланыс

 

25-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тест тапсырмалары

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Өткен сабақта алған білімдерінің,есте сақталуын қадағалау. Ой белсенділігін дамыту. Сауаттылыққа,білімділікке тәрбиелеу.

Топқа бөлу

І топ Мінездеу

ІІ топ Зерделеу

ІІІ топ Бейнелеу


Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау

“Ауыспалы доп” арқылы үй тапсырмасы бойынша шеңберде тұрып бірнеше сұрақтар қоямын. 

Оқушылар сұрақтарға жауап бееді

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1. Әбу Нәсір әл - Фарабидің туған жерін ата: (қай қалада дүниеге келді?)
а) Саыарқа б) Отырар в) Хорсан
2. Отырарды арабтар қалай атады?
а) Фараб б) Жамбыл в) Фараби
3. Фараби Аристотельдің қандай еңбегін жүз рет оқыған?
а) Жан туралы б) Физикасын в) Риторикасын
4. «Қырдан келген жас қазақ» мәтінінің авторы кім?
а) Ахмет Байтұрсынов б) Жүсіпбек Аймауытов в) Міржақып Дулатов
5. Шоқан Омбыдағы оқуға (кадет корпусына) неше жасында түсті?
а) 3жасында б) 10жасында в) 13жасында
6. Тұңғыш мектеп ашып, «Дала жұлдызы» атанған тұлға:
а) Ахмет б) Абай в) Ыбырай
7. «Күзек» сөзінің мағынасын тап:
а) мінезі тік кісі б) қойдың күздегі жүні в) қойды күзде қырқатын қоныс
8. Жорыққа мінетін атты қалай атаймыз?
а) жүйрік б) ереуіл в) мықты
9. «Абай Әбішті ертіп, өз ауылына қайтты.»- қай мәтіннен алынған, авторы кім?
а) Абай мен Әбіш.(ел аузынан) б) Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин в) Әке арманы. М. Әуезов
10. «Мейірім» әңгімесі кім туралы?
а) Абай б) Шоқан в) Тұрар
11. Шоқанның әкесінің атын ата?
а) Шыңғыс б) Шоқан в) Абай
12. Интернат қоймасына түскен ұры кім?
а) Атамырза б) Қабылбек в) Серік
13. Әбу Сәрсекбаевтың «Халық кегінің күйшісі» мәтінінде кім туралы әңгімеленеді?
а) Дина б) Құрманғазы в) Махамбет
14. Құрманғазы мен Дина ең алғаш қай жылы кездесті?
а) 1988жыл б) 1980жыл в) 1888жыл
15. Құрманғазының қандай күйін оқып білдік?
а) Көбік шашқан б) Қосалқа в) Балбырауын

Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
8)Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет