Сабақ оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты



бет1/11
Дата11.01.2022
өлшемі62,95 Kb.
#111033
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат
0015586d-165f4319, Реферат

КІРІСПЕ

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту мәселесі атап көрсетілген [1].

Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау. Демек, қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып,басекеге қабілеттітұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз етуміндетітұр.Білім берудің мақсаттары мен мазмұны өзгеруде, оқытудың жаңа құралдары мен технологиялары пайда болуда, осыған қарамастан сабақ оқу үрдісін ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қала береді.

Сабақ – оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты. Оқу бағдарламаларымен және тұрақты сабақ кестесімен оқытуды ұйымдастыру формасы болып табылатын сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру мен басқару қызметтері және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Ал оқу қызметі – адамның оқу міндеттерін шешу үдерісінде теориялық білімдері мен тәжірибелік білігін игеруіне бағытталған негізгі қызмет түрлерініңбірі.

Қазіргі заманғы сабақ – ол, ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданылатын оқу үрдісінің бір түрі. Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі білімді меңгеруімен шектелмей, тұлғаның жалпы дамуымен, оның танымдық және жасампаздық қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі сабақ баланың ересектік өмірге белсенді кіруіне жағдай жасайтын, қоғамның заманауи талаптарына сәйкес қасиеттердің дамуын қамтамасыз ететіндей болуы қажет.

Білім берудің жаңа парадигмасы бүгінгі күннің сабағына өзінің әсерін тигізуде, инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім берудің жаңа мазмұнын енгізуді талап етуде.



Қазіргі сабақтың бірінші моделі деп дәстүрлі сыныптағы сабақты айтуға болады, ол мектеп тәжірибесінде жылдар бойы тиімді іске асып келеді. Бұл модельде өзіне тән ұғымдық аппарат, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының мәдениеті қалыптасқан, сондай-ақ сабақтың үштұғырлы мақсаты мен жоспар- конспектісі, оқытудың түрлері және әдістері мен тәсілдері, сабақ түрлері және басқа терминдер қолданылады. Сонымен қатар дәстүрлі сабақ әрқашан қазіргі заманауи сабақты өткізудің және ұйымдастырудың негізін қалаушысы болатынын атап кеткен жөн. Сабақ өзгеріске ұшырағанымен, оның негізінде классикалық педагогика мен әдістеме қалады.

Қазіргі сабақтың екінші моделі білім беруді технологияландырылуымен байланысты. Педагогикалық технологиялар білім беру саласына өткен ғасырдың 90-шы жылдарында келе бастады және оларға тән ұғымдарын (тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарының технологиялық картасы, технологиялық тәсілдер, технологияның кезеңдері, кезеңдердің міндеті) құрастыруға мүмкіндік берді. Бұл модельдің пайда болуының нәтижесінде мектеп оқушыларын оқытудың әдіс-тәсілдері өзгерді, олардың белсенділігі және ең бастысы өзара байланысыартты.

Қазіргі заман талабына сай білім беру саласын жетілдірудің өзекті мәселесі ретінде оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген сабақты, яғни сабақтың үшінші моделі туралы айту қажеттілігі туындады. Бұл дидактикалық модельдің өзіне тән жобалау мәдениеті мен ұғымдары (негізгі және базалық құзыретіліктер, баланың тәжірибесі, өмірлік әртүрлі жағдаяттарда шешім қабылдай білуі, психологиялық-педагогикалық жағдайлар және тағы басқалар) бар.

Сонымен, қазіргі сабақ – бұл тану, ашу, іс-әрекет, қарама-қайшылықтар, даму, өсу, білімге апаратын саты, өзін-өзі тану, жетілдіру, қызығушылық, таңдау, кәсіпкершілік, алға бастау, сенімділік, қажеттілік сабағы және қазіргі сабаққа тән ерекшелік – оқушылардың белсенді (өздігінен) оқу қызметі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің тәсілдерінің бірі – оларды ойлаудың түрлерін (саралау, жинақтау, салыстыру, маңыздысын белгілеу, қорытынды жасау) үйрету.

Кез келген сабақтың дүниеге келуі оның соңғы мақсаттарын дұрыс анықтаудан, оларға қол жеткізуге көмектесетін құралдардан, сабақты жүргізу тәсілін анықтаудан басталады. Оқыту үдерісін басқару педагогикалық үдерістің және педагогикалық қызметтің берілген құрылымына сәйкес белгілі бір кезеңдерді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, нәтижені бағалау және талдауды өтуді қажет етеді.

Әдістемелік құралдың мақсаты жалпы білім беретін мектептерде сабақтарға қойылатын негізгі талаптар мен заманауи сабақты жобалаудың құрылымын, сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары және оларды қолдану жолдарын қарастыру болып табылады. Сонымен қатар қазіргі кезде сабақты жобалау мен ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар беру. Осы әдістемілік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен ұсынылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет