Сөз тіркесіне ұқсас атаулық тіркестер, ұқсастығы мен айырмашылықтары, дискрипторлары. Сөз тіркесі құрамындағы сөздер үш түрлі тәсілмен байланысады. Олар: синтетикалық, аналитикалық және аналитика-синтетикалық тәсіл.
Синтетикалық тәсіл – сөз тіркесі құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы. Қазақ тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша – жалғаулар. Олар септік, тәуелдік, жіктік және көптік жалғаулары болып төртке бөлінетіні белгілі. Сөз бен сөзді байланыстыруда жалғаулардың әрқайсысының атқаратын синтаксистік қызметі бар.
Аналитикалықтәсіл – сөз тіркесі құрамындағы сөздердің ешбір жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуы. Аналитикалық тәсілде орын тәртібі маңызды қызмет атқарады. Аналитикалық тәсілмен байланысқан сөз тіркестері қатаң орын тәртібі және әрі іргелес, әрі алшақ тұру тәртібі арқылы байланысады.
Аналитика-синтетикалық тәсіл үшін, туралы, жөнінде, жайында т.б. шылаулары арқылы байланысқан сөз тіркестеріне тән. Мысалы: Сен бала үшін барасың; Біз кітап жайында айттық; Ол жиналыс жөнінде сөйлесті деген сөйлемдерде бала үшін бар, кітап жайында айт, жиналыс жөнінде сөйле сөз тіркестерінің құрамындағы шылаулар атауыш сөздің жетегінде жұмсалып, сөз бен сөзді байланыстырады.
Бұлардың атауыш сөздердің жетегінде жұмсалатын көмекші сөздерден өзіндік айырмашылықтары бар. Көмекші сөздер атауыш сөздердің жетегінде жұмсалғанда семантикалық жақтан тұтастұлғаланып, бір ұғымның мәнін білдіреді. Сондықтан олар түйдектеліп жүреді, түйдекті тіркес деп аталады. Сөйлем құрамында түйдегімен жұмсалып, (күрделі сөздер сияқты) басқа сөздермен септік жалғаулары арқылы байланысып, парадигма түзсе. Ал үшін, туралы, жөнінде, жайында т.б. шылаулары арқылы байланысқан сөз тіркестері септелу парадигмасын түзе алмайды.
Еркiн тiркестер, оның iшiнде синтаксистiк, изафеттiк, атаулық тiркестер синтагмалық қатынасқа, тұрақты тiркестер фразеологиялық тiркестер, терминдiк тiркестер, түйдектi тiркестер семантикалық қатынасқа негiзделедi.
Сөз тiркесiнiң құрамындағы қатынастардан тұлғалық жақтан бiркелкi тiркестердiң түрлерiн ажыратып алуға болады.
Сөз тiркестерiнiң жасалуында ортақ қасиеттер болғандықтан фразеологиялық, түйдектi, синтаксистiк тiркестердiң жiгi ажырамай өте ұқсас тұлғалар болып келедi. Бiр-бiрiне ұқсас мұндай тұлғаларды тiркес құрамындағы сөз мағыналарының функционалды қызметтерi арқылы анықталады. Тiркес құрамындағы сөздердiң функционалды қызметiне қарай сөз тiркестерiнiң құрамындағы қатынас түрлерi анықталып, тiркестердiң тiлде атқаратын қызметi ажыратылады.