Сабақ Пән атауы: Функционалды синтаксис және оны оқыту


Сөз тіркесінің тұрақты (фразеологиялық) тіркестермен ұқсастығы және айырмашылықтары, оқыту жолдары



бет4/4
Дата12.02.2023
өлшемі66,07 Kb.
#168402
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ-2 Әлімғожа Д

Сөз тіркесінің тұрақты (фразеологиялық) тіркестермен ұқсастығы және айырмашылықтары, оқыту жолдары.
Фразеологиялық тiркестердiң осы күнгi грамматикалық нормаға сай байланысып тұрып, мүлдем басқа мағынада яғни фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалып, номинативтi қызмет атқаруына тiркес құрамындағы сөздердiң атауыштық мәнiн анықтайтын семантикалық мағыналардың байланысуы негiз болады.
Фразеологиялық тiркестiң құрамындағы сөздер грамматикалық нормаға сай байланысуға қабiлеттi болады. Фразеологиялық тiркесте сөздiң атауыштық мәнiн анықтайтын семантикалық мағыналар байланысып тұрғандықтан, олардың арасында семантикалық қатынас басым болып, тiркес атауыштық мағынаны бiлдiредi. Сақалын сату – жасы үлкендiгiн мiндет қылу, қартайғандығын бетке ұстау деген мағынаны бiлдiредi; Ақсақалды ауыл –ақылшшысы бар, қамқоршы қариясы бар деген мағынаны бiлдiредi; қыпша бел –жiңiшке, тал шыбықтай бел дегендi бiлдiредi.
Фразеологиялық тiркес арқылы мағынаның өзгерiп, басқа мағынада қолданылуына тiркес құрамында қанша сөз болса, сонша сөздiң семантикалық жақтан қатысы болады. Бұл тiркестер тiлдi суреттеп, көркемдеп, бейнелi етiп қолданудың амалы ретiнде жұмсалады. Сөздiң бейнелi мағынада жұмсалуы сол сөздiң коннотаттық мағынасымен тiкелей байланысты.
Көркем, бейнелi тiлiмiздiң бiрден- бiр құралы фразеологиялық тiркестер болса, ол құрамындағы сөздердiң грамматикалық мағыналарының байланысуы жағынан еркiн тiркестермен өте ұқсас болады. Құрамындағы сөздердiң семантикасын анықтайтын мағыналардың байланысуы жағынан келгенде фразеологиялық тiркестер мен еркiн тiркестердiң өзiне тән айырмашылықтары бар. Фразеологиялық тiркестiң құрамындағы сөздер коннотаттық мағыналары арқылы байланысса. Ал, сөздің атауыштық мәнiн анықтайтын коннотаттық мағына тiлiмiздегi сөздердiң келтiрiнде, ауыспалы мағынада жұмсалады. Бұл мағынада жұмсалған сөздер өзара грамматикалық жақтан байланысып фразеологиялық тiркестердiң жасалуына негiз болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет