Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Күні: тақырыбы: Жамбыл Жабаев. Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет1/5
Дата21.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#154455
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақ Жамбыл Жабаев




Ашық сабақ.


Пән: Қазақ әдебиеті.
Күні: ………………..
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзге жазушылардан өзгешелігіне көңіл бөлу.
ә) дамытушылық:
ауызша және жазбаша еркін, шешен сөйлеуге үйрету.
б) тәрбиелік:
Ойын еркін айтуға, отаншылдыққа тәрбиелеу, ой қорытуға дағдыландыру.


Сабақтың өтілу әдісі:
Модульдық оқыту


Сабақтың көрнекілігі:
Ілияс Жансүгіров, Ж. Жабаевтың, С. Аронұлының, К. Әзірбаевтың, суреттері, тірек-сызбалар, плакат, сөзжұмбақ, компьютер, интерактив тақта.
Пәнаралық байланыс: өзбек тілі, саз өнері, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.
Оқушыларды сабаққа қатысуы, күнделік және конспект дәптерлерін тексеру. Нәтижелерін топ журналына жазу. (1-2 мин)
ІІ. Өткен сабақты қайталау: Сұрақ – жауап. Үш оқушы компьютерде тест сұрақтарын орындайды, қалған оқушыларға ауызекі сұрақтар қойылады. (10-15 мин)


Сұрақтар.
а) І. Жансүгіров кім?
ә) Ол қашан және қай жерде дүниеге келген?
б) Ақын алғашқы тәлімін қай жерде алды?
в) Оның шығармашылығы жайлы не білесіз?
г) Қандай тақырыптарда өлеңдер жазған?
ғ) Жансүгіров қандай поэмалар жазған?


ІІІ. Өткен сабақты пысықтау: Оқушылар жауаптары тыңдалып болғаннан кейін өткен сабақты пысықтау үшін бейне материал компьютер арқылы көрсетіледі. (2-3 мин)


IV. Жаңа сабақты өткен сабақпен баулау: Міне өткен сабағымызда сіздермен қазақ халқының көрнекті ақындарының бірі І. Жансүгіров жайлы мәлімет алдық. Ал енді біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру, қазақ тілінде өзіміздің ой – пікірлерімізді еркін айта білу. Ол үшін біз қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білуіміз қажет. Сондай екен бүгінгі сіздермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының ұлы ақындарынан бірі, айтыс өнерінің алыбы Жамбыл Жабаев туралы сөз қозғаймыз. (1-2 мин)


V. Жаңа сабақ:
Демек, сабағымыз Жамбыл Жабаев жайлы екен. Алдыңғы сабақта ақын жайлы оқушыларға үйде реферат жазып келу тапсырылған. Алдымен оқушылар өздерінің Жамбыл аталары жайлы жазып келген рефераттарын кезекпен қысқа-қысқа айтып қорғайды. (17-20 мин)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет