14-апта
Келесі тақырыптар бойынша сабақ презентациясы мен жоспарларын жасау:
Эволюциялық ілім.
Адамның пайда болуы
Төмендегі сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап бер:
Мектептік биология курсына арналған отандық оқулықтардың дидактикалық аппаратының тиісті педагогикалық технологияларды, мәселен,дамыта оқыту, дербестеп – саралап оқытуды ұйымдастыру, проблемаға негіздеп оқыту технологияларын қолдануға қолайлығы (бір сынып бойынша әртүрлі авторлар/баспалар әзірлеген екі оқулық мысалында).
Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика – оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде «.....білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.
Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.
Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.
Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.
Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
2. Биология пәні бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының міндеттері. Тәрбие беру элементтерінің жүйесі. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдары.
Адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбие, биоэтика.
Биология пәнін оқытудағы тәрбие түрлері.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.
Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.
Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Патриоттық тәрбие. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар.
Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болды:
· Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштерімен танысу;
· Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу, "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істеу.
· Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шаруашылығына ерекше маңызы бар сүректі, бұта және шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.
· Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында - күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлкетану музейін кұру.
Еңбек және экологиялык. тәрбие. Биологиялык білім берудің маңызды мәселелерінің бірі - оқушыларды өмірге, мамандық тандауға және еңбек етуге баулиды.
Өндірісті тек материалдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттармен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялык негізі болып есептелген. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, ал кәсіптік бағдарлануы жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциалының төмендеуіне, де себепкер болды.
Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материалды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялык және конструктивті мәселелерді шешуде байкау қажет. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашак мамандығына психологиялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.
Еңбек тәрбиесін беру - адамның бүкіл өмірін қамтитын біртұтас жүйе болуы тиіс.
Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты - адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.
Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан окушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көзқарасы дамиды. Мектепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде оқушының әлемге деген көзқарасы біршама қалыптасады.
Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:
· оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;
· экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері;
· дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;
· экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;
· оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;
· оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту.
Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т.б.) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т.б.) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.
Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т.б.) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі - гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Оқушылардың биология сабағында алған білімдері өздерінің өмірін бағалап, гигиеналык талаптардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Гигиеналық тәрбиенің денсаулык сактауға пайдалығын түсіну адамның өзінің денсаулығына қатынасы өзгеріп, өмірін гигиеналык тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға әкеледі.
Гигиеналык дағдының қалыптасуы адамның өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты.
"Тәнтану" және басқа да биологиялык курстарды оқыту барысында оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің негізгі мәселелері: тамақтану, ұйқы, еңбек, демалыс, дене, киім, аяқ киім, т.б. гигиенасымен ғылыми тұрғыдан таныстыру және дағдыландыру болып есептеледі.
Гигиеналық және әдептілік тәрбие берудің киын бір саласы - жыныстық тәрбие.
Жыныстык тәрбие - бұл жыныстык дамудың физиологиялык және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты гигиеналык және әдептілік дағдының қалыптасуы.
Биологияны окыту барысында окушылардың жыныстық мәселелерге дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуына биологиялық білімдер және ұл мен қыз арасындағы карым-қатынастың әдепті-этикалық нормада болуы жәрдемдеседі. "Тәнтану" курсын оқығанда оқушылар адамның ұрықтарының мәнімен, баланың жас организмінің жетілу ерекшеліктерімен және дене шынықтыру мен спорттың маңызымен танысады.
Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюінің жалпы биологиялық маңызымен танысады.
Оқушылардың биология сабақтарында алған білімдері әдептілік-гигиеналык тәрбие алуына жеткіліксіз. Сондыктан, биолог-мұғалім басқа пән мұғалімдері және медицина кызметкерлерімен бірігіп сыныптан тыс жыныстық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.
Жыныстық тәрбие беру процессінде оқушыларға дұрыс өмір сүру принциптері, жыныс гигиенасы, жыныстык қатынастан жұғатын соз ауруларының себептері мен зардабы, СПИД жайлы білім беріп, жыныстық катынастардың моральды-әдептілік негіздерін талқылау қажет.
Жыныстык тәрбие беру әдептілік тәрбиенің қиын саласы болып есептеледі, сондықтан да бұл мәселені жан-жакты қарастыру керек.
Дене тәрбиесі әр бір мектепте, оқыту жүйесіне байланысты, дене шынықтыру сабақтарында, күнделікті жаттығу кезінде, спорттық үйірмелер мен секциялардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарында, спорт мектептерінде жүргізіледі.
Дегенмен, дене тәрбиесінің міндеті тек оқушыларды жаттықтыруда емес. Оған коғамдық, еңбектік және тұрмыстык жеке гигиенасы және күнделікті еңбек тәртібімен байланысты қарастырылады. Осы айтылған мәселелердің барлығы адам организмімен танысқанда ғылыми негізделуі керек.
Эстетика - көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.
Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.
Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.
Алғашында әдептілік адамның адамға катынасындағы адамгершілік сезімімен аныкталады.
Бірақ адам табиғаттың тек бір бөлігі ретінде ‑ бірінші орынға өзінің табиғатка қатынасын қою керек.
3. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері. Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау.
1. Ботаника пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері.
2. Тәнтану пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
3. Жалпы биология пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.
Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.
Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? – деген сұраққа жауап) – бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.
Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.
Биологияны оқыту мақсаты ‑ қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.
Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор ‑ мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.
Ботаника «Өсімдіктану» пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20‑ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).
Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе‑теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.
Ұғым – білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.
Жекеленген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу, оларды қорту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным тарихында бұл білімдері мен практика бірте-бірте теориалық ұғым (білім) құралатын қор болды.
Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім эмпирикалық ұғым қатарына шығарылады. Ұғымдарды дамыту әдіснамасы принциптері:
Табиғи нысандардың немесе олардың көріністерін қабылдаудан→олар жөніндегі түсінікке дейін, түсініктен→ұғымға дейін қарапайым ұғымдардан→күрделі бірнеше элементтерден тұратын : арнай ұғымдардан→ жалпы биологиялық ұғымдарға дейін. Таным теориясында ұғымдар абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі.
Құбылыстарды сипаттайтын эмпирикалық білімге қарағанда, теориялық білім ғылымды түсіндіріп, мәнін ашады және ғылыми дүниетанымға, әлем бейнесіне және практикалық проблемаларды тиімді шешуге негіз болады.
Эмпирикалық танымнан теориялық танымның айырмашылығы,ол біртұтастықтан шығады да оның құрылымын түсінуге, элементтерінің байланысын,олардың қызметі мен дамуын түсінеуге себеп болады.Теориялық білімді қалыптастыру жолы-абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу (шыңына шығу).Абстраклық-айқын емес, анық көрінбейтін, бірақ әйткенімен де таным нысанын толық анықтайтын, оның жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі .
Танымның негізгі кезеңі –сезім (түйсік),қабылдау және елестету.
Сезім –ол шындық дүниені бейнелейтін түйсіну формасы ,ол барлық таным үрдесінің алғашқы баспалдағы.Олардың негізінде нысанның тұтас кейіпін беретін ,оның сыртқы ерекшіліктерінің жиынтығын көрсететін (яғни жалпы алғанда зат)қабылдау болады.Қабылдау ол ұғыну сезімі үрдісінің бастауы . Қабылдау негізінде елестету пайда болады .Елестету –заттармен құбылыстарды адам санасында тікелей қабылдау барысында еске түсіру (жаңарту).Осыдан ұғым пайда болады деуге болады.
Ұғымның күрделілік дәрежесі заттар мен құбылыстардың толық көрінуімен анықталады. Ұғым күрделі болған сайын ,оның мазмұнында көптеген заңдар болады. Осы жағдайдың оқушыларды оқытуда маңызы зор, өйткені ұғым неғұрлым күрделі болған сайын (яғни, оның көлемі толығырақ), соғұрлым оқыту үрдісінде оны ашу жолы ұзақ болуы тиіс. Бұл – эволюциялық, эклогиялық, цитологиялық және т.с.с. көптеген биологиялық ұғымдарға тән.
«Күрделірек ұғым» деген сөз ол ұғымда көп белгілер, көп ақпараттар бар деген сөз. Сонымен қатар ұғым мазмұнының күрделілігі тек ондағы белгілерді көрсететін элементтер құрамымен ғана емес, олардың сапалық әртүрлілігімен, мінез- қылығымен және байланыстармен де анықталады. Осы ерекшелік әсіресе жалпыбиологиялық ұғымдарға тән. Сондықтан мектептегі білім беру үрдісіне тән ерекше бір жағы ол- ұғым мазмұнының құрылымы болып табылады.
Биологиялық теориялық ұғымдар. Биология пән ретінде логикалық ретпен дамитын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық ұғымдарды қалыптастастыру кезеңдері мынадай: алғашқы тұтастық абстракцияның құрылуы («жасушаның») – оның байланыстарын үзбей бақылау—оларды абстрактылық анықтамаларда көрсету – анықтамалар синтезі.
Сондықтан оның дамуы теориялардың алмасуы барысында жүзеге асады, өйткені оның оның мәнін теория ашады. Мысалы, ген ұғымы әуелі абстракция ( тұқым қуалау бірлігі) сияқты қалыптасады, онан соң хромосомалық теория деңгейінде нақтыланып содан әрі генлік деңгейге дейін дамиды.
Теориялық білімді түсінуге ықпал ететін не екенін де ескерген орынды. Ол ақпараттың нақты логикалық құрылымы, абстракциялар мен ұғымдардың пайда болуы үрдістістерінің ойша айтылуы және абстракциялардың әлем бейнесімен және эмпирикалық материалдармен ара қатынастарын белгілейтін бейнелер (нобайлар). Әрбір ұғым бірте-бірте дамытылады , күрделенеді. Мысалы, «жапырақ» ұғымы тақырып бойынша бірінші сабақта әлі қарапайым , алғашқы, тек бір ғана білім элементі бар ұғым . Оқушылар жапырақтың жасыл тақтасы мен сағағы барын , яғни , сыртқы формасы жайлы ғана қарапайым ұғым алады.
Осы тақырыпты оқу соңына қарай «жапырақ» ұғымы күрделеніп оқушылар олардың суды буландыруын, әртүрлі өсімдіктер жапырақтарының бейімделу белгілерін (түк басу жапырақ тақтасының кішіреюі, инеге айналу т.б.) біледі. «Жапырақ» деген күрделі ұғым морфология , анатомия, физиология және жапырақ экологиясы сияқты ұғымдарды жинақтап қорытады.
Ұғымдарды дамыту теориясы.
Ұғымдарды дамыту дегеніміз – шын мәнінде білімді бірте – бірте толықтыру мәселесі береді , олай болса оқытудың қандай да бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді. Биологиялық ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге қарай немесе нақтыдан талданып қорытылғанға абстрактылыққа қарай жүруі мүмкін.
Жалпы биологиялық заңдылықтар жөніндегі ұғымдар: ағзалардың жасушалық құрылысы, мүшелердің формасымен функциясымен байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы, өзін-өзі реттеуі , өзін-өзі тудыруы, көбею, органикалық дүниенің дамуы т.б.
Оқыту міндеттері –ұғымдарды жоспарлы тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама мазмұнына,тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты сияқты. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар бар. Мысалы ,балалар 6-шы сынып курсы соңында өсімдіктер мен жануарлаға тән ерекше белгілерді олардың қызметін байланыстыра алмайды. Оқушылар біліміндегі осындай олқылықтар мен білімді меңгерудің әлсіздігі олардың білімінің қабылдау деңгейінде немесе алғашқы қарапайым түсінік деңгейінде қалуынан болады . Бір сабақта немесе бір тақырыпта қалыптастырылған ұғым басқа ұғымдармен байланыстырып әрі қарай дамытылмайды . Ал «әрбір оқу пәнін оқыту дегеніміз білім жүйесінің үздіксіз үрдісі » екенін есте ұстаған орынды (К.Ушинский). Ұғымдарды дамыту үшін ұстаз шеберлік танытып,көп күш жұмсап үнемі мқсатты бағытталған түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы шығармашылқпен еңбек ету керек.
Биологияны оқыту әдістемесінде ұғымдарды қалыптастыру мен дамытуға бұрыннан бері зор көңіл аударылады. Н.М. Верзилиннің жетекшілігімен «Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы» жасалды (1956). Бұл еңбек биологияны оқыту әдістемесіне маңызды оқиға болды. Теория мектеп курстарында және жалпы алғанда биология пәнінде оқу материалын таңдауды анықтауда және орналастыруда ғылыми қор (база) жасады, оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды дамыеу теориясы арнайы зерттеулер аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық физиологиялық, систематикалық, генетикалық т.б.) дамудың тиімді әдістемесін жасауда, оқушылардың өз беттерімен ойлай алуын дамытуда, орта мектепте биологияны оқыту әдістерін дамытуда біраз бағыттарды белгіледі.
Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың тақырыптан тақырыпқа , курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс.
Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақтың қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген ұлалар жөнінде мағлұматтар алады. «Жемістер» және «Тұқым» тақырыптарында олардың түрлерімен, құрылыстармен танысып қарапайым түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында құрылысы мен суды сору қызметі жөнінде мағлұмат алады, «Жапырақ» тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде түсініктер бар. Осы сыныпта берілетін зат алмасу «Фотосинтез», «Жапырақтың суды буландыруды» және «Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу ұғымы жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілік әрекеттерімен және тіршілік жағдайларымен байланысты болғандықтан ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Осы жердегі ұстаздың міндеті ұғымдардарды дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және олардың байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.
Ұғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы: қорытындылауды талап ететін мәселелерді қою: анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру: ескі білімді жаңамен байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.
Биологиялық ұғым тек сол уақытта дұрыс қабылданады, егер оқылатын құбылыс не зат жөнінде анық түсінік болса, яғни тікелей қабылдау, бақылау, көру болса. Биологияны оқытуда оған тән ерекшелік- оқылатын затты қарау және зерттеу.
Ұғымдардың алғашқы пайда болуына аса маңызды болатын- тірі нысандарды көру. Ұғымдарды одан әрі дамытуда тірі нысандардан басқа, әртүрлі жасанды көрнекіліктер: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, кинолар жақсы көмек болады.
Мектептік биология курсы мазмұнының кеңестік дәуірден бергі өзгеруіндегі саралау мен кіріктіру үрдістері (үздіксіз білім беру мазмұны теориясының мәліметтері бойынша).
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәнінің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді.
Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын және оқу формаларымен тәрбиелеу жолдарын қарастырады.
Әдістеменың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланысты, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы әдістеме. Қорыта айтқанда әдістеме дегеніміз- биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? Деген сұрақтарға жауап береді.
Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.
Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эвалюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады.
Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл –ойын логикасын дамыту үшін жаратылыстану тарихын оқыту тиімді-деп есептейміз. »
Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау эксперименттер қою, щқушылардың ойлау қабілетін дамуын қамтамасыз етеді.
Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы биологияны оқыту әдістемесі және арнайы биологияны әдістемесі болып екіне бөлінеді.
Жалпы биологияны оқыту әдістемесі мектеп биология курстарының пәндерінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады.Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды.
Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесы, экскурсиялар сабақтан тыс жұмыстар кластан тыс жұмыстар қарастырылады.
Биологияны оқыту әдісінің ғылымдармен байланысы
Биологияны оқыту әдісі барлық биология ғылымдар саласымен тығыз байланысты. Мектеп биология курстарынан сабақ беріп, оқыту үшін, мұғалім биология ғылымдар жүйесімен теориялық біліммен қаруланған тұлға болуы керек.
Табиғатта болып жатқан құбылыстардың сырын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін мұғалімнің теориялық білімі үлкен рол атқарады. Мектеп оқулықтарының мазмұны ғылыми тұрғыда беріледі.
Биология ғылымдар саласының негізгі зерттеу әдістері: бақылау эксперимент жүргізу және жинақталған фактілерді теориялық тұрғыдан қорытындылау болып табылады. Бақылау және эксперимент жолмен жинақталған материалдарды салыстыру, қорытындылау зерделеу оқушылардың логикалық шығармашылық ойлауын дамытады.
Мектеп биология курсиарының мазмұнынымен биологиялық ғылымдағы ең үлкен айырмашылық, оның мақсатында, көлемінде, құрылымында, әдісінде және мазмұндау формасында. Биология ғылымының мақсаты- зерттеудің нәтижесінде табиғат туралы жаңалықтар ашу. Мектеп пәнінің мақсаты оқушыларға ғылымның жинақталған фактілерімен заңдылықтарын жеткізу.
Мектеп биология пәнінен шақтап берген көлемінде, оқушыларға артық ақпаратсыз күрделі ғылыми проблемалармен ғылым негіздерін хабарлау.
Биология агрономия мен медицинанаың негізі болып табылады. Мектеп биологиясында бұл байланыс, оқушыларға политехникалық бағытта білім беру барысында, теорияны практикамен ұштастыруда көрініс береді.
Әдістеме тек биология мазмұнының ерекшелігімен ғана емес, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жеке басының дамуына байланысты анықталатын болғандықтан балалар, психологиясымен де тығыз байланысты. Баланың жеке басының дамуына байланысты, Биология курсының мазмұны кластан,класқа жоғарылаған сайын күрделенеді. Сондықтан мұғалім сабақ беру барысында 5-8 кластарда бір сабақтың өзінде әр түрлі әдістермен , тәсілдерді қолданады. Ал жоғарғы кластарда сабақ барысында бір-екі тәсілді қолданумен шектеледі. Сабақтың мазмұны фактілнрді қарастыру кезінде және теориялық қортынды жасау барысында күрделенеді .
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан , педагогшикамен де тығыз байланыста, себебі дидактиканың жалпы принциптері мен тәрбиелеу мәселелері бір.
Мектептегі білім беру , тәрбиелеп оқыту негізінде жүргізіледі: материалдың мазмұны , оқыту әдістері, мазмұнның логикалық түрде қарастырылуы , оқыту процесінің барлық формалары мұғалімнің жеке тұлғасын тәрбиелейді, оның ғылымға деген көзқарасын арттырады.
Табиғат туралы ғылымдардың негіздерін оқытудың мақсаты, диалектикалық –материалистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Кластан класқа жоғарылаған сайын біртіндеп оқушылардың биологиялық білімдері кеңейіп, тереңдетіледі,қоршаған әлемде танып- білуге болатынын, материаның әр уақытта қозғалысқа және дамуда екендігіне көз жеткізеді.
Сондықтан, биология пәнін нағыз ғылыми түрде оқыту,диалектикалық-материализмге негізделеді.Бұл философия ғылымымен тығыз байланыстығын көрсетеді.
2. Биология оқыту әдісінің ғылыми негіздері
Әдістеменың ғылым ретінде қалыптасу мен дамуы, мұғалімнің қортындысымен,пікірлеріне,педагогикалық өнердің ғылыммен ұштасуына, шығармашылық зерттеулерге тікелей байланысты.
Әдістеменің өзекті мәселерінің шешілуі бастапқы кезеңде сараптау жолымен жүзегее асады.Біртіндеп жаратылыстанудың жалпы меодикасынан жекеленген піндер матодикасы бөлініп шықты.
Қазіргі кезеңде әдістеменың ғылым ретінде дамкындағы өзекті мәселердің бірі осы кезде дейін жинақталған тәжірбиелердің қортындысын,материалдардың мазмұнын сараптап, биология пәнін оқутудың әдістемелік жағын түбегейлі жетілдіру болып табылған.
Биология материалдарының негізінде әдістеме,оқутудың мәсеселерін,тәрбиелеудің жолдарын жетелдіру барысында әдістемелық зерттеулер жүргізіледі.
Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында ғылыми-зерттеу институттарында,Академияларда зерттеу жұмыстары кеңінен комплексті түрде холға қойылған.
Ғылыми жұмыстардағы ұсыныстар міндетті түрде,зерттеу нәтижесінде алынған қортындылардыңнақты дәлелдерімен негізделуі тиіс.
Әдістемелық мәселерді шешу, ғылыми зерттеулердің бірнеше сатылары мен әртүрлі зерттеу элементтерінің үйлесімділігінің кезектігінен құралады.
Биологияны оқыту әдісінің абъектілері және ғылыми зерттеу әдістері төмендегідей.
1. Озат алдыңғы қатарлымұғалімдердің тәжірбиелеріне, құнды бастамаларды анықтау мақсатында бақылаулар жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсту.
Әдістеменың шешілмеген, өзекті мәселелерін анықтапжұмыс болжамдарын алға қою.
Болжамдарды шешу мақсатында мектептердеэксперименттер ұйымдастыру.
Эксперимент жұмыстары мен бақылаулардың нәтижесін жинақтап-қорытып, сараптап болжамды растау, оның теориясын жасау.
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жарияланған әдістемелық жұмысты тексеруден өткізіп, әдістемелық теорияны бекітіп, дәлелдеу.
Осылай зерттеулердің нәтижесінде әдістеме ғылым ретінде қалыптасады.
Әдістеменыңөзіндік мәселелері – биологияны тәрбиелеп- оқыту өзіндік ерекшеліктері бар.
Әдістемеда бұл іс- әрекеттер заңдылықтарға жатады.
Мектеп биологиясының мазмұны мен құрылымдағы ғылым негіздерінің синтезі;
Ұғымдар мен дағдыларды біртіндеп дамыту барысында оқушыларға саналы түрде берік білім қалыптастыру;
Оқыту әдістерінің және оқыту формаларының оқу материалдарының мазмұнына сай ұйымдастырылуы;
Оқыту және тәрбиелеу процесінің жан- жақты байланысы бір тұтастығы.
Осы заңдылықтардың негізінде, биология әдістемесінде тәрбиелеп оқытудың жалпы жүйесіқұрылады :
1. Биологиялық түсәініктер жүйесі;
2. Оқыту әдістерінің жүйесі ;
3. Биологияны оқыту барысында тәрбиелеу жүйесі;
4. Оқу жұмыстарының формуларының жүйесі;
5. Оқытудың материалдық-техникалық базалыжүйесі.
Әдістеме-оқытып-тәрбиелеудің мақсатын, педагогикалық іс-әрекеттің барысын, оқытудың тиімді,белсенді,әдістері мен жолдарын анықтайды.
Мұғалім жас өспірімдер мен оқушыларға тиянақтыбілім,тәрбие қалыптастыруы үшін,оқу процесіне жетекші болатын әдістеменың ғылыми негіздерін білуі керек.
3. Биология пәні мұғалімінің маман ретіндегі ерекшіліктері.
XXI-Ғасыр мұғалімі қандай болуы керек.
Педагогикалық басылымдарда XXI ғасыр мұғалімінің моделі төмендегідей бейнеленген.
1 - іздемпаз ғалым.
2 - нәзік психолог
3 - жан-жақты шебер
4 - тынымсыз еңбеккер
5 - сұлулықпен сусынданған эстет
6 - терең қазыналы білімпаз
7 - кез келген ортаның ұйытқысы
8 - рухани бай гуманист
9 - адамгершілік пен патиотизм жаршысы
10 - идеал адам мүсіншісі.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми түрде ұйымдастыруда,ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруда мұғалімдердің ғылыми-теориалық дайындығының маңызы зор.Бұл орайда мұғалімдердің ізденімпаздығы басты роль атқарады,яғни мұндай мұғалімдер-ізденімпаз ғалым болады.
Чех педагогі Я.А.Коменскийдің ілімінен ілімінен бастап бүгінге дейін оқу әдістемесінде білім беруді ұйымдастырудың басты формасы.
Достарыңызбен бөлісу: |