Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ


V. Сабақты қорытындылау. «Кім тапқыр?» ойыны



бет10/18
Дата27.02.2020
өлшемі2,61 Mb.
#57751
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

V. Сабақты қорытындылау. «Кім тапқыр?» ойыны:

Әріптерге сөзге байланысты сөздер тауып жазу.

А - асқар А – астана
Л – лайықты С – сүйікті
М – мейірімді Т – таусыз
А – алмалы А – арманды
Т – тамаша Н – намысты
Ы – ырысты А – асқақ қала

VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Сызба бойынша ауызша сөйлем құрау. Сүйікті қалалары туралы әңгімелеу.

7-сабақ

Тақырыбы: Қай қалада тұрасың?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген диалог бойынша өзара сөйлесу.

- Әсет, сен қай қалада тұрасың?

- Мен Қызылорданыкімін. Өзің ше?

- Осы Алматыданмын.

- Алматыда біраздан бері тұрасың ба?

- Жоқ, бір-екі жыл бұрын көшіп келгенбіз.

- Қай жерден?

- Алматы маңындағы шағын ауданнан. Өзің Қызылорда қаласынансың ба?

- Иә, қалада туып - өскем.

Сөздік жұмысы:

Біраздан бері – с некоторых пор көшу – переезжать

Шағын аудан – небольшой район

2-тапсырма. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Әсет қай қалада тұрады?

2. Алматыға қашан көшіп келген?

3. Әсет қайда туып-өскен?

4-тапсырма. Кестеде берілген қатардан мағынасына қарай сөз тіркестерін құрау.

Жауап үлгісі:

керемет

табиғат

ыңғайлы

орын

көрікті

қала

жеңіл

жүк

орманды

алқап

тарихи

оқиға

кең

бөлме

ыстық

Жаз


V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Тұрғылықты қалаларың туралы диалог құрап, сұрақтар дайындау.

- Сәлем, Аяжан.

- Сәлем, Марал.

- Сен ертең Астанаға барасың ба?

- Иә, демалыс аяқталып, оқу басталатын болды.

- Сен қай оқу орнында оқисың?

- Мен Еуразия Ұлттық Университетінде оқимын. Астана қаласы өте әсем қала.

- Астананың әдемі жерлерін араладың ба?

- Иә, бос уақытымызда достарымызбен Астананың әсем орындарын аралаймыз.

- Қандай ғимараттарды, көрнекті жерлерді көрдің?

- Бәйтерек, «Керуен», «Мега», «Хан шатыр», «Думан» ойын-сауық орталықтары, көптеген ескерткіштерді тамашалаймыз.

- Марал, мектепті аяқтаған соң сен де Астанаға оқуға келесің. Сонда мен сені көптеген әсем жерлермен, әсем қала Астанамен таныстырамын.
VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді көшіріп жазу. Толықтырған сөзге сұрақ қойып, үлгідегідей жазу.


8-сабақ Астанаға саяхат

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беру. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын жазу.

Жауап үлгісі:

Астана

1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы - Ақмолаға көшірілгені мәлім. Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, т.б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға самғаған ақ барыс мүсіні - жас Қазақстанның XXI ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының нышанындай елестейді.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Қандай жағдайларға байланысты Қазақстан астанасы Ақмолаға көшірілді?

2. Есіл жағасын бойлай қандай ғимараттар орналасқан?

3. Парламент үйінің алдында қандай ескерткіш бар?

4. Қазақстан болашағының нышаны не?
3-тапсырма. Сөздердің аудармасын табу.

Жауап үлгісі:

саясат политика

халықаралық международный

ғимарат здание

би оратор

ескерткіш памятник

барыс барс

болашақ будущий
4-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Астана қаласында кім болды?

2. Жанат Астанада қашан болды?

3. Астана қайда орналасқан?

4. Астанаға ЮНЕСКО-ның шешімімен қандай сыйлық берілді?
V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөйлем құрау.
6-тапсырма. Дара және күрделі сөздерді екі бағанға бөліп жазу.

Халықаралық, сарай, ғимарат, Ақмола, бойтұмар, кешен, тарихшы, қолөнер, ескерткіш.
VI. Үй тапсырмасы.

8-тапсырма. «Астана - жаңа Қазақстан белгісі» атты шығарма жазу.

7-тапсырма. Өлеңді жаттап алу.

9-сабақ

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аңызға қатысты үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Желмая – одногорбый верблюд қысыр – яловый

Жлдірту – пустить рысью ер – седло

Сын – мнение бөгу – жиреть

Доңыз – дикая свинья қоныс – место расположения аула
ІІІ деңгей

1. Берілген мәтінг 10 сұрақ дайындаңдар.

2. Мәтіндегі біріккен сөздерден сөйлемдер құраңдар.

Сарыарқа, Қызылтау, Баянауыл, жлмая.
ІІ деңгей

1. Асанқайғының Ертісті, Баянауыл тауын көргенде не айтқанын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

2. Мәтінге құрған жоспарларың бойынша мазмұнын әңгімелеп беріңдер.
І деңгей

Аңыз бойынша жоспар құрып, қазақ даласына сипаттама беріңдер.
2-тапсырма. Берілген сөйлемді мәтін бойынша аяқтау.

Жауап үлгісі:

1) Асанқайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сыны бар екен.

2) Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы «тойдым» деп қарап отырмас, «қарным ашты» деп жылап отырмас». Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті.

3) Қызылтауға келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», - депті.

4) Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», - депті.

5) Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен! Алты ай мініп арықтаған ат бір айда майға бөгетін жер екен», - дпті.

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Сұрақтардың орнына тиісті зат есімдерді жазып, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтау.

1. Анаңа ауыр сөз айтпа, атанға ауыр жүк артпа.

2. Үйге қарай жүгірме.

3. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

4. Батыр болсаң жауды қайтар, шешен болсаң дауды қайтар.

5. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Асанқайғы туралы білетіндерін айту. Қосымша мәліметтерден мәтін құрау.

10-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Қазақстанның қай облысы минералды байлықтарға өте бай?

A) батыс облысы

B) шығыс облысы

C) солтүстік облысы

D) оңтүстік облысы

2. Қазақстанның қай облысында мұнай жақсы өндіріледі?

A) батыс облысында

B) шығыс облысында

C) солтүстік облысында

D) оңтүстік облысында

3. Тұрғын саны 500 мыңнан 1 миллион адам арасындағы ең ірі қалалардың бірін табыңдар.

A) Ақтөбе B) Қарағанды C) Көкшетау D) Жезқазған

4. Көкшетау қаласы несімен бай?

A) халқымен B) білімімен C) табиғатымен D) өнеркәсібімен

5. Бұрын Алматы қаласы қалай аталған?

A) Отырар B) Ақмешіт C) Орынбор D) Верный

6. Толықтырыңдар: «Елімізде ... қалалар көп».

A) жақын B) көрікті C) алыс D) ақылды

7. Астана қаласына сәйкес сөзді табыңдар.

A) жас, көрікті B) тарихи, көне C) көк, ұзын D) ежелгі, байтақ

8. Медет (қайда?) тұрады. Берілген сұраққа дұрыс жауап табыңдар.

A) Астанадан

B) Қызылорда облысын

C) Алматыға

D) Ақтөбе қаласында

9. Қала Алма-Ата деген атаудан Алматыға қашан ауысты?

A) 1991 ж. B) 1992 ж. C) 1993 ж. D) 1994 ж.

10. Біз Қазақстан қалаларына ... . Берілген сөйлемді толықтырыңдар.

A) қыдырдым B) аралайсың C) көрді D) саяхат жасадық
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

  1. Біріккен сөздерді қатыстырып, Қазақстан өнеркәсібі жөнінде сөйлемдер құраңдар.

  2. Әр облыстың табиғи байлықтарына тоқталып, өзара диалог құраңдар.

  3. Қазақстан қалалары халқының саны туралы шағын мәтін құраңдар.

  4. Алматы қаласының тарихын айтып беріңдер.

  5. Қазақстанның қай қаласына саяхат жасадың? Көрген – білгендерің туралы шағын шығарма жазыңдар.

  6. Жоғарыдағы Асанқайғының жер туралы айтқан сөздерін өзара әңгімелеңдер.



V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы.




8-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Балуан шолақ»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері, сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.


Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.


Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.


Дереккөздер,сілтемелер

Қазақ тілі «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы».

М. С. Атабаева. 2002 ж .




Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа- райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?



Тұсаукесер

  • Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

  • Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

  • Жыл мезгілдері туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Балуан шолақ

... Күрес басталды. Балуандар парадпен цирктің ортасын айналды. Бәрі де денелі. Бірақ басына қара маска киген адамның денесі өзгесінен өзгеше. Тұлғасы – аумаған Түйе балуан.

Француз күресінің приемдары Балуан шолаққа ұнаған жоқ. Арқасы қозып отыр, тәсілдерін қарап отыр.

... Қара маска киген балуан атаулының бәрін жықты. Жұрт оған қол шапалақтап, жер тепкілеп, циркті басына көтерді. Осы кезде Балуан шолақ шыдамай, барьерден қарғып түсті де, одыраң – одыраң етіп ортада тайраңдап жүрген қара маскаға барып, қолынан ұстады.

Балуан шолақтың денесі бұрынғыдан әлдеқайда толғанын балуанның достары қара масканың қасына барғанда байқады. Балуан шолақтың қара маскадан қарны ғана жіңішке, басқа денесі бірдей.

(93 сөз)

(С.Мұқанов)






Жазу кезеңі

«Күрес» сөзіне морфологиялық талдау жасау.



Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Күрес ұлттық ойынға жата ма?

Үйге тапсырма:

Ережелерді қайталау.


Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.



IX МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Қазақстан балалар жазушылары

Грамматикалық тақырыбы: Тұйық етістік. Жалқы есімдер


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру. Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Ілияс Жансүгіров» мәтіні Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау I. Жансүгіровтің өлеңін оқу

45 минут

Сөйлесу



2-сабақ

Жаттығуларды орындау Тақырып бойынша шығарма жазу

45 минут

3-сабақ

«Өтебай Тұрманжанов» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау Ө. Тұрманжановтың өлеңін оқу

45 минут

4-сабақ

Мұқан Иманжанов туралы мәтінмен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Диалогпен жұмыс

45 минут

5-сабақ

Мұзафар Әлімбаев туралы мәтінмен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс

45 минут

6-сабақ

Ақын шығармалары мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар Жұмбақтарды шешу Жаттығулармен жұмыс

45 минут

7-сабақ

Бердібек Соқпақбаев туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

8-сабақ

«Менің атым - Қожа» повесі Жаттығуларды орындау Шығарма жазу

45 минут




9-сабақ

Машқар Гумеров туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут




10-сабақ

М. Гумеровтың шығармаларымен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

45 минут




11-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау

45 минут




Қорытынды

12-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут






Кіріспе бөлімі

1-сабақ Ілияс Жансүгіров

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК





1. Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін түрі тұйық етістік деп аталады. Тұйық етістік не істеу? деген сұраққа жауап береді. Тұйық етістік у жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: аудару, орындау.

Тұйық етістік көптеледі (тексерулер), тәуелденеді (менің айтуым - I ж.), септеледі (тексерудің - і.с).

2. Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма атаулары. Мысалы: Көкшетау, Сарысу, Асан, «Абай жолы» романы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет