Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ


Мәліметтермен танысып, есте сақтау



бет4/18
Дата27.02.2020
өлшемі2,61 Mb.
#57751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мәліметтермен танысып, есте сақтау.

Етістің төрт түрі бар: өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ.

Іс-әрекеттің орындаушысы тікелей орындаушының өзі болса, өздік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -н, -ын, -ін.

Мыс: жуын, киін, т.б.

Іс-әрекетті, қимылды орындаушы өзге біреуге орындатқызатын түрі өзгелік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -т. Мыс: барғыз, көрсет, қарат, айтқыз, т.б.


1-тапсырма. Жақан Смақовтың өлеңін түсініп жаттау.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Ол кімге байланысты деп ойлайсыңдар?

3. Отбасында қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар?

4. Отбасы алдында жауапкершілік сезінесің бе?

5. Өз отбасыларыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер. Олардың мағынасы қандай деп ойлайсыңдар?
VI. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Сұрақтар бойынша салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін қатыстырып, мәтін құрап жазу.

- Отбасыңда қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындассың?

- Отбасыңда қандай жақсы іс-әрекеттер жасап жүрсің?

- Лайықты бала болып жүрсің бе?

- Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

- Аналарыңды қалай жақсы көресіңдер?

- Аналарыңа қалай көмектесіп жүрсіңдер?
VII. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын түсініп, әр екі сөйлемнен құрмалас сөйлем жасау.


18-18-сабақ Тіл дамыту Күні: 1.10.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

IIL Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. Диалоггі толықтырып өзара сөйлесу.

- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

- ... .

- Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?

- ... .

- Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

- ... .

- Қандай мысал келтіруге болады?

- ... .

2-тапсырма. Әңгімені аяқтау.

Ертең біздің үйге қонақ келеді. Менің ата-анама көмектесуім крек. Ол үшін үйді жинауым, еденді сүртуім, ас үйді тазартуым, азық-түлік алуым керек ...



Мәліметтермен танысып, есте сақтаңдар.

Етістің төрт түрі бар: өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ.

Іс - әрекеттің орындаушысы тікелей орындаушының өзі болса, өздік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -н, -ын, -ін.

Мысалы: жу-ын ки-ін, т.б.

Іс-әрекетті, қимылды орындаушы өзге біреуге орындатқызатын түрі өзгелік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -ғыз, -гіз, -қыз, –кіз, -дыр, -дір, -тыр, –тір, -т.

Мысалы: бар-ғыз, көрсе-т, қара-т, айт-қыз, т.б.
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Берілген сөздерден өздік және өзгелік етістерді жасап, бірнеше сөйлем құрау.

А) Үлгі: сүрт – ін, жасыр – ын.

Сүрт, жасыр, тап, байла, сайла, сал, жу, көр, тазала.

ә) Үлгі: сөйле-т-кіз.

Сөйлет, ойлан, кел, өсір, қайнат, тазалан, үйрет, кел, жинаттыр, толтыр.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

19-19-сабақ Үйді жинауға көмектесу Күні: 2.10.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесуге жаттығу.

- Сен қандай үйде тұрасың? (жеке меншік, көп қабатты).

- ...

- Қай пәтерде тұрасың? (пәтер нөмірі).

- ...

- Үйіңде қанша бөлме бар?

- ...

- Сенің бөлмеңде зат көп пе?

- ...

- Бөлмеңді өзің жинайсың ба?

- ...
Кластер жасау:

Оқушыларға салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін толық жазып, әр түріне түсінік беру үшін кластер жасатамын. Әр топқа тапсырма беріледі. Болған соң топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, салалас құрмалас сөйлемдерді құрау. Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтау.

Жауап үлгісі:

1. Біздің үйде жиһаз, тоңазытқыш, теледидар бар, оның барлығы жаңа.

2. Қонақ бөлмесі таза, өйткені мен үнемі жинаймын.

3. Кітап сәресі кітапқа толы, кішкентай кезімнен жинап жүрмін.

4. Терезелердің алдында гүлдер бар, анам гүлдерді өте жақсы көреді.
4-тапсырма. «Үйді жинау» деген тақырыпқа тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрау.

Үй жинау, сыпыру, кілемдерді қағу, шаңды сүрту, аяқ киімді тазалау, жуынатын бөлмені тазалау, еденді жуу.
V. Сабақты қорытындылау.



Салалас құрмалас сөйлем


ҮІ. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Берілген тірек сызбалар бойынша салалас құрмалас сөйлем құрау.


4-сабақ Ac әзірлеуге көмектесу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құрау.

Ас болсын!

Асыңыз қандай дәмді болған!

Салаттарыңыз өте дәмді.

Қою тамағыңыз да, сұйық тамағыңыз да өте ұнады.
2-тапсырма. Мәтінді аяқтау.

Мен анама ас әзірлеуге әрдайым көмектесемін. Пиязды тураймын, картоптың қабығын аршимын, етті ұсақтап кесемін, шайды демдеймін, ыдыс – аяқты жуамын ...

Содан соң үстел басына отбасымызбен отырып тамақтанамыз. Тамақ жер кезде аузыңды асқа толтырып алып сөйлеуге болмайды. Асықпай отырып ас ішу керек. Сонда жеген асың сіңімді болады. Анам шай құяды. Тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинауға анама көмектесемін. Ыдыс – аяқтарды тазалап жуып, орындарына қоямын. Үстелдің үстін сүртемін.
Кластер жасау:

Оқушыларға қағаз бетіне дайындалған тағамның суретін салуға тапсырма беріледі. Содан соң тағамның қалай дайындалатыны туралы ортаға шығып айтып береді. Өз суреттерін ортаға шығып қорғайды.
3-тапсырма. Керекті қосымшаны жалғау. Жауап үлгісі:


пісіргіз

жинатқыз

ішкіз

туратқыз

салғыз

Жуғыз



V. Сабақты қорытындылау. Автор орындығы:

4-тапсырма. Аналарына ас әзірлеуге қалай көмектесетіндері туралы шағын әңгіме дайындау. Бір оқушы ортаға шығып, орындыққа отырып жазған әңгімесін оқып береді.
VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Балқаймақ, әзірлеу сөздерін сөз құрамына қарай талдау.

20-20-сабақ Нәтиже сабақ Күні: 3.10.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлем салаластың қай түрі? Ол тілалғыш бала, өйткені ол ата-анасына көмектеседі.

A) ыңғайлас салалас B) қарсылықты салалас

C) себеп-салдар салалас D) түсіндірмелі салалас

2. Салалас құрмаластың түрін табыңдар. Ана - өмір нұрын себуші және ақ жол нұсқаушы.

A) ыңғайлас салалас B) қарсылықты салалас

C) себеп-салдар салалас D) түсіндірмелі салалас

3. Салалас құрмаластың неше түрі бар?

A) үш түр B) бес түр C) алты түр D) жеті түрі

4. Берілген сөйлемдегі етістің түрін анықтаңдар. Анасы баласына үй жинатқызды.

A) өздік еті B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс

5. Тек жалғаулықты болатын салалас қалай аталады?

A) түсіндірмелі салалас B) кезектес салалас

C) қарсылықты салалас D) ыңғайлас салалас

6. Тек жалғаулықсыз болатын салаластың түрі қалай аталады?

A) түсіндірмелі салалас B) кезектес салалас

C) қарсылықты салалас D) ыңғайлас салалас

7. Себеп-салдар салалас құрмаластың жалғаулығын табыңдар.

A) және B) кейд C) сондықтан D) бірақ

8. Берілген салаластың түрін табыңдар. Олар дайындалды, қонақтары келмеді.

A) ыңғайлас салалас B) қарсылықты салалас

C) себеп-салдар салалас D) түсіндірмелі салалас

9. Іс-әрекетті өзге біреуге орындатқызу мақсатында қолданылатын етістің түрі қалай аталады?

А) өздік етіс В) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс

10. -т, -ғыз, -гіз жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрін табыңдар.

A) өздік етіс B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс
ІІ . Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1. Ата – аналарыңа қалай көмектесесіңдер? Салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып, шағын мәтін құраңдар.

2. Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрін атап, әрқайсысына мысалдар келтіріңдер.

3. Етіс түрлерін қатыстырып, үй жинастыру жөнінде өзара диалог құрастырыңдар.

4. Үйде ас әзірлеуге анаңа көмектесесің бе? Қандай ас дайындай аласың? Достарыңмен өзара сөйлесіңдер.

5. Құрмалас сөйлемдердің жалғаулықтарын атап, бірнеше мысал арқылы дәлелдеңдер.


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

IV МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Ауылдағы көмек

Грамматикалық тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері.

Есімше


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру

Лексикалық тақырып Грамматикалық тақырып Бекіту.

Мақал-мәтелдермен жұмыс.

Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау

45 минут




Деңгейлік тапсырмалар




3-сабақ

Нақыл сөздермен жұмыс Жаттығуларды орындау Шығарма жазу

45 минут

4-сабақ

Жаттығулармен жұмыс Диалогпен жұмыс

45 минут

Қорытынды

5-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут




6-сабақ

1. Мазмұндама

45 минут


Кіріспе бөлімі

21-21-сабақ Ауылда Күні: 7.10.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Мәліметтермен танысып, есте сақтау.





I. Етістіктің, есім сөздің орнында жүретін етістіктің ерекше мағыналық түрі есімше деп аталады. Есімшенің төрт жасалу жолы бар:

1. Болжалды өткен шақ - -қан, -кен, -ған, -ген: бар-ған, қайт-қан.

2. Болжалды келер шақ -ар, -ер, -р және болымсыз етістік -с: сал-ар, атта-р, жүр-ме-с.

3. Мақсатты келер шақ - -маң, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: сал-мақ, сат-пақ, жүр-мек.

4. Ауыспалы өткен шақ —атын, -етін, -йтын, -йтін: жүр-етін, алатын.

II. Кемінде екі жай сөйлемнен тұрып, бірі екіншісіне бағына байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірі бағыныңқы, екіншісі басыңқы деп аталады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар.

Іс-әрекеттің болу, болмау шартын білдіретін сабақтастың түрі шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас деп аталады. Жасалу жолы: -са, -се + ж.ж. Мысалы: Олар ерте келсе, біз тысқа шығамыз.

Бағыныңқы сыңардағы оқиғаның басыңқыға қарсы мәнде болуын қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас деп атаймыз. Жасалу жолы: -са да, -се де. Мысалы: Олар келсе де, тысқа шығуға мүмкіндік болмады.

Іс-әрекеттің болу, болмау себебін білдіретін сабақтастың түрі себеп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Жасалу жолы: - ғандықтан, -гендіктен. Мысалы: Олар ерте келгендіктен, біз тысқа шықтық.

Іс-әрекеттің қалай жүзеге асуын білдіретін сабақтастың түрі қимылсын бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Жасалу жолы: -ып, -in, -п. Мысалы: Олар ерте келіп, бірге тысқа шықты.

Іс-әрекеттің қай уақытта болатынын білдіретін сабақтастың түрі мезгіл бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Жасалу жолы: -ганда, -генде, -қанда, -кен-де, уақытта, кезде. Мысалы: Олар келген кезде, біз тысқа шығып кеттік.

Іс-әрекеттің не мақсатпен, не үшін болатындығын білдіретін сабақтастың түрі мақсат бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Жасалу жолы: -у үшін, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек болып. Мысалы: Олар тысқа шықпақ болып, ерте келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет