Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі



бет32/42
Дата04.07.2018
өлшемі2,95 Mb.
#46518
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42


Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат — олардың жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені — асыранды қаз.

Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады.

Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3,5-4,5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейн, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т.б.) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады.

2. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау,

Үйге тапсырма: бекіту.: Құс шаруашылығы

7 сынып

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Сүтқоректілер класы

Мақсаты:

Білімділік: Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Сүтқоректілер класымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

Дене пішіні. Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты сүт қоректілердің дене пішіні түрліше болады. Оның ішінде кеңінен таралғаны жер бетінде мекендейтін төрт аяқты аңдар. Олардың аяғы ұзын болады да, ол рептилилердегідей кеудесінің екі бүйіріне орналаспай, астына арналасқан. Сондықтан тізе буындары денесінің алдына қарай, ал шынтақ буындары денесінің арт жағына қарай бағытталған. Мойын бөлімі жақсы жетілген, ал құйрық бөлімі керісінше дененің қосалқы бөліміндей нашар дамыған. Жер астында тіршілік ететін түрлерінің денесі ұршық сияқты, мойыны қыска, сыртынан айқьш байқалмайды. Құйрығы редукцияланған. Аяқтары өте қысқа болады. Суда тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да аяқтары ескекке айнапған. Кит тәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған.

Тері жамылғысы. Сүт қоректілер түрлі ортада тіршілік етуіне байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады.

Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы — эпидермистен, оның астыңғы қабаты — кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші — төменгі қабатын — мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген өлі клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі клеткалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе кесек (лоскут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады.

Сүт қоректілердің — түгі, тырнақтары, тұяқтары, мүйіздері (бұғыдан басқаларында), қабыршақтары және түрлі тері бездері осы эпидермис қабатынан пайда болады.

Сүт қоректілерде терінің кутис қабаты өте жақсы жетілген. Кутис талшықты дәнекер тканьдерінен қалыптасады. Кутистің астыңғы қабатының ішкі беті жұмсақ талшықты тканьдерден тұрады, оған май жиналады. Бұл қабатты тері астындағы майлы клетчаткалар деп атайды. Кит пен тюлень сияқты суда тіршілік ететін аңдардың жылуды сақтап тұратын түктері болмағандықтан май қабаты жылуды реттеу қызметін ат-қарады. Кейбір қысқы ұйқыға жататын жануарларда (саршұнак, суыр, борсық г. б.) май қабаты жақсы жетілген. Май олар үшін қысқы ұйқы кезіндегі қоректік материал болып саналады.

Сүт қоректілердің түгінің сырткы бөлімін сабақ, ал теріге еніп тұрған бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп арқылы қарағанда мына қабаттардан өзек, сірі жәнё сыртқы қабық қабаттарынан тұратынын байқауға болады. Өзегі арасында ауа болатын торлы тканьдерден құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануардың денесіндегі жылудың сақталуына себепші болады. Оның сыртқы сір қабаты өте тығыз болғандықтан түк мықты болады. Ең үстіңгі жұқа қабығы түкті сыртқы механикалық және химия-лық әрекеттерден қорғайды. Түк түйініне қан тамырлары келеді. Ол түк түйініндегі клеткалардың жетілуін қамтамасыз етеді. Түктің тері бетіне шығып түрған сабағы өсу қабілетін жойып, мүйізденіп кетеді. Терідегі май бездерінен шығатын майы түкті майлап, оның мықтылық қасиетінің сақталуына жәнё су өтпеуіне себепші болады. Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның непзгі плеріне: мамық түк немесе түбіт, қылшық, сезгіш түк немесе вибристар т. б.жатады.

Түрлі сүт қоректілерде баласының плацентаға (шуына) бекуі түрліше болады. Кейбір сүт қоректілердің балалары туған-нан кейінде плацентасы түспейді, өйткені жатынның сілекей қабаты мен ұрық плацентасының нашар бекуінің нәтижесінде жатынның сілекей қабаты үзілмейді. Мұндай плацентаны — ажыратылмайтын плацента деп атайды. Енді бір сүт қоректілердің баласы плацентаға мықты бекиді. Соның нэтижесінде жатынның сілекей бетіне бекіген плацента бөлімі үзіліп кетеді де плацента туған кезде бірден төлмен бірге сыртқа шығады, оны шу деп, ал плацентаны — ажыратылмалы плацента деп атайды

2. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау,

Үйге тапсырма: бекіту.: Сүтқоректілер класы

7 сынып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет