Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі



бет33/42
Дата04.07.2018
өлшемі2,95 Mb.
#46518
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерге жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілермен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Бунақденеқоректілер отряды

Бұған ертеден келе жатқан қарапайым белгілері бар сүтқоректілер жатады. Миы нашар дамыған әрі ми сыңарларында иірімдер болмайды. Дене температурасы онша тұрақты емес және тістерінің құрылымы да біркелкі. Көзі нашар көреді, оның есесіне иіс сезуі жақсы дамыған. Тұмсығы алға қарай шығыңқы. Оған кірпілер, жұпартышқан, жертесерлер, көртышқандар жатады.

Кірпі Кәдімгі кірпі.

Кірпінің 3 түрі - кәдімгі, құлақты және қара кірпі өлкемізде кездеседі. Құлақты кірпі Қазақстанның далалы, шөлейтті аймақтарында кеңінен таралған. Кәдімгі кірпі еліміздің солтүстік батыс, солтүстік өңірінде орманды дала аймағында мекендейді. Қара кірпі Маңғыстау алқабындағы шөлейтті, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Кірпілер бунақденелілермен қоректенеді. Олар жылына бір рет 2-7 ұрпақ береді.

Жұпартышқан

Жұпартышқан Еділ, Жайық, Тобыл, Обаған шағын өзендерінде кездеседі. Ол бунақденелілермен қоректенеді, үлбірі бағалы.

Кемірушілер отряды

Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректі жануарлардың 2500-ге жуық түрі жатады. Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар. Дене тұрқы 5 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Қазақстанда кемірушілердің 80-нен астам түрі таралған. Оның 8 түрі Қызыл кітапқа тіркелген.

Суыр Көк суыр

Көк суыр Батыс Тянь-Шань(Тәңіртау) тау жоталарында шағын аймақта таралған. Саны күрт азайып келеді. Бадам, Өгем өзендерінің жоғары ағысындағы таулы алқаптарда кездеседі. Көк суыр Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, аудауға тыйым салынған. Көксуыр Ақсу-Жабағылы қорығында және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынған. Үнділік жайра Маңғыстаудың оңтүстігінде, Тәңіртау (Тянь-Шань), Қаратауда, Шу, Іле Алатауларының етегінде таралған, саны аз. Алматы, Қарағанды, Шымкент хайуанаттар бақтарында қолдан өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет