Сабақ тақырыбы : Электростатиканың негізгі заңы Кулон заңы. Есептер шығару. Мектеп: Т. Бокин атындағы №41 орта мектеп



бет1/2
Дата04.08.2017
өлшемі308,35 Kb.
#22644
түріСабақ
  1   2
Пәні: Физика

Сабақ тақырыбы:

Электростатиканың негізгі заңы Кулон заңы. Есептер шығару.



Мектеп: Т.Бокин атындағы №41 орта мектеп


Мерзімі: 23.01.2017ж.

Мұғалімнің аты: Сарсенгалиев Б.Ж.

Сынып: 10

Оқушылар саны:11

Оқу мақсаты:

  • F=kq1q2 /r2 вакуумда н/е ауада екі нүктелік қозғалмайтын зарядтар үшін Кулон заңы формуласын білу

  • Осы заңға негізделген модельдерге ғылыми тәжірибе жөнінде пікір қалыптастыру

  • Оқушылардың әртүрлі дерек көздерінен өздеріне қажетті ақпаратты іздену (мәтін, сурет, кесте, видео және анықтама жиынтығы)

Сабақтың мақсаты:

Нүктелік заряд ұғымын, зарядтардың өзара әсерлесу күші Кулон заңының физикалық мағынасын түсіндіру. Оның қолдану аясын, Кулон заңын қолданып сапалық есептерді шешуге оқушылардың білімін қалыптастыру


Тілдік мақсаттар

Оқушылар нүктелік заряд туралы ұғымға ие болады. Кулон заңының физикалық мағынасын және формуласын біледі.

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Электрлік құбылыстар- phenomena

Заряд- charge

Оң заряд- positive charge

Теріс заряд- negative charge

Тебісу- repulsion

Тартысу- attraction

Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge

Үйкелу – трение – friction

Электрон –electron

Электроскоп- electroscope

Электрометр- electrometer

Электр өрісі - Electric field

Кулон заңы – Coulomb's law

Нүктелік заряд - точечный заряд + point charge

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Нүктелік заряд – ...

Кулон заңы – ...

Күтілетін нәтиже

Оқушылар:

Түсінеді:

  • Зарядталған дененің өзара әсерлесу күші Кулон тәжірибесі арқылы анықталғанын; Кулон заңының орындалу шарттарын, өзара әркеттесетін зарядталған денелердің қозғалмайтындығын

Біледі:

  • Нүктелік заряд мағынасын;

  • Кулон заңын;

  • Кулон заңының физикалық тұжырымдамасын;

  • Кулон заңның қолданыс аясын;

Қолдана алады:

Өтілген материалдар

Денелердің электрлену құбылысын күнделікті өмірде бақылау

Табиғаттағы электрлік құбылыстары жөнінде мағлұмат жинақтау (шығармашылық жұмыс)



ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасы


5 мин


Ұйымдастыру.

Сәлематсыздарма! 10 сыныпқа физика сабағын бастайық.

Оқушыларды 2 топқа «Заряд», «Кулон» бөліп отырғызу.

«Бәрі сенің қолыңда» аңызын айтып беру.

Ертеде бір данышпан өмір сүрген екен. Ол білмейтін нәрсе болмапты.  Бір  адам оны тексергісі  келген екен. Алақанына бір көбелекті ұстап тұрып:

« Айтшы, данышпан, менің қолымда қандай көбелек: «тірі ме? әлде өлі ме?» деп сұрады.  Ал өзі  ішінен: « Тірі десе -  мен оны өлтіре салам, ал өлі десе - онда жібере саламын». Данышпан ойланып тұрып: « Бәрі өзіңнің колыңда», -  деп жауап беріпті. Оны қалай түсінесіңдер?

-         Жақсы көңіл-күй адамның қолында

-         Жақсы оқу -  адамның қолында

-         Жақсы өмір сүру - әр адамның өз қолында

-         Отбасындағы татулық, бақытты өмір - әр адамның қолында.

-         Қолымызды алып бір-бірімізге сәттілік тілейік.

«Білгенге маржан»

«Ұлы физиктер» жасырын сұрақтар беру



  1. Электр деген қай сөзден шыққан?

  2. Электр зарядының қандай тегі бар?

  3. Зарядтар қандай таңбамен белгіленеді?

  4. Атом неден тұрады?

  5. Атомды зерттеген кім?

  6. Денелер неге электрленеді?

Ә)(Күнделікті өмірде байқаған жағдайларға байланысты денелердің электрленуіне мысалдар келтіріңдер.




2 мин

Миға шабуыл

Сұрақ-жауап



а) Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)
ә) Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар?( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)
б) Мысықты сипағанда нені байқайсыңдар? (шытырлаған дыбыстар естіледі)
в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)




Ортасы

15 мин

10 мин

ІІ. Түсіну сатысы

Мағынаны тану

Тарихи мағлұмат

Шарль Огустен Кулон (1736-1806) – Электр және магнетизм тәжірибелерімен танымал француз физигі. Оның ең басты жетістігі денелердің өзара әсерлесу күшін өлшейтін құрал – иірілмелі таразыны ойлап тапты.



Өлшемдері электрленген шардың өлшемдерімен бірдей, заряды жоқ үшінші шардың көмегімен Кулон алдыңғысының зарядын тең екіге бөлді. Осылайша, Кулон тәжірбиесін қорыта келе, шарлардың өзара әрекеттесу күшін анықтады. Бұл күшті Кулондық деп атады.

Арақашықтығымен салыстырғанда өлшемі кішкентай зарядталған денелер үшін Кулон заңы жүзеге асатынын көреміз. Мұндай денелерді нүктелік зарядтар деп атайды. Дәптерлеріне анықтаманы жазып алыңдар.



Нүктелік заряд – әсерлесетін басқа зарядты денелерге дейінгі ара қашықтықпен салыстырғанда сызықтық мөлшерін ескермеуге болатын денеде жинақталған заряд

Кулон заңы

Кулон заңы — екі нүктелік зарядтардың өзара әсерін сипаттайды

Тұжырымдамасы тыныштықтағы екі нүктелік зарядтар зарядтардың модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал, ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал, таңбасы зарядтардың таңбаларының көбейтіндісімен бірдей, ал бағыты екі зарядты қосатын түзу бойымен бағыттас күшпен өзара әсер етеді.

F=k


Мұндағы 

F — 1 заряд 2 зарядқа әсер ететін күш; 

 — зарядтар шамасы; 

r — радиус-вектор (1 зарядтан 2 зарядқа бағытталған вектор); 

 — пропорционалдық коэффициенті.



Осылайша, заңға сәйкес біртекті зарядтар бір-бірін итереді

(ал әртекті — тартады)

Енді формуладағы k – пропорционалдық коэффициентi,

сандық мәнi бiрлiк зарядтардың бiрлiк ұзындығына тең арақашықтықта өзара әсерлесу күшiне тең.

k коэффициентiн мынадай түрде жазу қабылданған



мұндағы 

ɛ0-электр тұрақтысы,

ХБЖ жүйесi бойынша мынаған тең:

ɛ0=8,85*10-12 Кл2/(Н*м2)



Коэффициент kХБЖ бiрлiгiнде жазылуы бойынша келесi түрде өрнектеледi:



Басқа жағдайларда берілуі.

- электр тұрақтысы(грек әріпі «Эпсилон»)
- диэлектр өтімділік ортаға байланысты.
Ортаның диэлектрлік өткізгіштігі – бұл заттың электрлік және зарядтардың берілген ортадағы өзара әрекеттесу күші вакуумдағы өзара әрекеттесу күшінен неше есе аз болатынын көрсететін физикалық шама.

Басқа заңға ұқсастығы:

1687 ж Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Ерекшелігі:

Гравитациялық күштен артық, әсері көзге көрінеді

Біз 7 сыныпта күш ұғымымен таныстық. Сонда ауырлық күші тартылыс заңының көрінісі екенін білдік. Енді біз Кулон заңын

бүкіләлемдік тартылыс заңымен салыстырамыз. Электрлік өзара әрекеттерді гравитациялық өзара әрекеттесулерімен салыстыра отырып, тек олардың ұқсас белгілерін ғана емес, сонымен қатар айырмашылықтарына да көңіл аударған жөн. Мысалы, гравитациялық өзара әрекеттесулерді тек денелердің бір – біріне тартылуынан байқасақ, электрлік өзара әрекеттесулер тартырып та, тебіліп те көрініс бере алады.

Кулон заңының қолдану аясы:


  • Зарядталған дене нүктелік болу керек.

  • Міндетті түрде қозғалмайтын болу керек.

  • Кулон заңының тек нүктелік зарядтар үшін ғана дұрыс екенін ұстау қажет.

  • табиғатта нүктелік зарядтар болмайды, бірақ зарядталған денелер арасындағы қашықтық олардың өлшемдерінен көп үлкен болса, онда денелерді нүктелік деп есептеуге болады.

  • Кез – келген заттың ядросының оның электроның біреуімен электрлік әрекеттесу күшін есептеуде қолданылады

Кулон заңының қолдану шегі анықталған. Себебі заң неше қайтара тәжірибе жүзінде тексерілген, соның нәтижесінде оның шамамен 10-15м (10-13см) , ядролық қашықтық аясында орындалатыны анықталған. Зерттеулер Кулон заңының 10-16м шамасындағы қашықтықта орындалмайтынын дәлелдеген.

ІІІ. Қолдану сатысы. Ой толғау.

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» стратегиясы



Есептер шығару

1. Бір – бірінен 3см қашықтықта тұрған, әрқайсысы 20 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әрекеттеседі?

2. Шамасы және таңбасы жағынан бірдей екі нүктелік заряд ваккумде бір-бірінен 3,0 м қашықтықта орналасқан және 0,40 Н күшпен тебіледі. Әр зарядтың шамасын анықтаңдар?

3. Суда бір-бірінен 3,3см қашықтықта орналасқан 0,66*10-7Кл және 1,1*10-3Кл екі заряд өзара қандай күшпен әрекеттеседі?

4. Бір кулон зарядтың шамасы туралы түсінік болуы үшін вакуумде бір-бірінен 1м қашықтықта орналасқан шамасы 1Кл болатын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күшін есепте. Суда дәл сондай қашықтықта әрекеттесу күші қандай?

Топтық жұмыс



Берілетін ұғымдар

Менің түсінігім

Ш.Кулонның өмірбаяны




Кулон заңы




Кулон күші, өлшем бірлігі




Каталог: uploads -> doc -> 0aa2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aa2 -> Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ
0aa2 -> Сабақ Тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі»
0aa2 -> Білім бөлімі: Қазақ тілі Тақырып: Сәлем! Сау бол!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет