Барлық оқушылар: Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірбаянын зерттеуге бағытталады.
Оқушылардың басым бөлігі: Қ.Жұмаділовтың шығармаларына шолу жасау. Жазушы өмір сүрген кезеңмен салыстырмалы түрде қарастыруға бағытталады.
Кейбір оқушылар: Әңгіменің идеясын ашуға, әңгімеде кездесетін сөз айшықтарынан, тірек сөздерден эссе құрауға бағытталады.
Тілдік мақсат
Оқушылар өз ойын еркін жеткізе алуы керек.
Негізгі сөздер мен тіркестер:ақалтеке – түрікмендік жүйрік жылқы тұқымы, қу мүйіз – көп нәрсені бастан кешірген, өрелеу – аттың алдыңғы аяқтары мен артқы бір аяғын шалып байлау...
Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: тарихи оқиғалар легі, әдебиет пен тарихтың сабақтастығы...
Жазылым бойынша ұсыныстар: деректерге сүйеніп, тірек сөздері арқылы тапсырмаларды орындау.
Жоспар
Білу
«Еліктіру» арқылы шығарманың тақырыбын оқушылардың өздеріне анықтату.
Қазақ халқы көлік ретінде қай мал түрін ерекше қастерлеген?
Жылқы малын.
«Күрең» қандай түс?
Қызыл қоңыр, қошқылтым.
Біздің бүгінгі сабағымыз Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесін талдауға бағытталады.
Мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың әрекеті
1«Оймон-шақ»
2 «Ақ сандық»
3 «Аңдама»
Қабдеш Жұмаділовтың өмірбаянын зерттеуге бағыттайды.
Интернет көмегімен жазушының өмірбаянына шолу жүргізеді.
Түсіну
Әңгімені үш бөлімге бөліп, әр бөлімге тақырып қоюға уәж етеді.
Екі елдің жарастығы.
Төреқұлдың тағылымды әңгімесі.
Қозыкүрең – қазанат.
4 «Ой қорыту»
Қолдану
«Оймоншақ». Әңгіменің төрт бөліміне сай тірек сөздерін(әдеби сөздер, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер) ұсынып, эссе жазуға мүмкіндік тудырады. Оқушылар ынтасын тақырыпқа бұрады.
1Екі елдің жарастығы: Аштықта жеген құйқаның дәмі таңдайдан кетпес; қонағуар – қонақжай; Ағайын тату болса – ат көп; Абысын тату болса – ас көп; Ынтымақ түбі – игілік.
2Төреқұлдың тағылымды әңгімесі: Отан үшін күрес – ерге тиген үлес; үйірсек емес – үйірге бойы үйренбеу; тағат – төзім; қолтығы сөгілді – бәйге атының арам қаны кету.
3Қозыкүрең – қазанат: Ат – ердің қанаты; Ерге лайық ат туар;Жылқы – малдың патшасы;Жеті қазынаның бірі – жүйрік ат; Ереуіл ат –ұзақ жортуға төзімді, мықты ат.
Талдау
«Ақ сандық».Тақырыпқа сай танымдық сұрақтар ұсынады. Егер қате жауап болса, оқушылардың өздеріне түзетуге бағыттайды.
1 Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді?