Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Электр кондырғыларының тоқ жүрмейтін бөліктерінен жанасудан корғану



бет51/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

8.2 Электр кондырғыларының тоқ жүрмейтін бөліктерінен жанасудан корғану

Адамдарды электр қондырғыларының тоқ жүрмейтін бөліктеріне жанасудан қорғауда қорғаныстық жерге косу және нөлдеу қолданылады.



Қорғаныстық жерге қосу дегеніміз, кернеу астында қалуы мүмкін болған электр кондырғысынын металлы бөліктерін жермен арнайы қосуды айтамыз. Қорғаныстық жерге қосуды машина корпусының, аспаптардың, электр инструменттерінің, каркас, щит, пульт және шкафтартардын металлы корпустарына, сонымен бірге кабелдік муфталар, электр сымының болаттан жасалған трубаларының металлы бөліктеріне жүргізеді.

Қорғаныстық жерге қосудың максаты, ол корпус пен жер арасындағы кернеуді, яғни жанасу кернеуін және де соған байланысты адам денесі аркылы жүріп өтетін тоқты кауіпсіз шамаға дейін азайту болып табылады.

Жерге қосу кұрылгысы жерге қосқыштан және жерге қосатын сымдардан тұрады

(2 -сурет).

Жерге қоскыштар табиғи және жасанды болуы мүмкін.

Табиғи жерге коскыш ретінде ғимараттардың жерге көмілген тоқ өткізетін бөліктерін, су және басқа кұбырларын, кабелдің қорғасын кабатын пайдалануға болады. Бірак та табиғи жерге қосқыш ретінде газ және басқа жарылғыш заттар жүретін кұбырларды пайдалануға болмайды.

Жасанды жерге косқыш ретінде болат, мыстан жасалган кұбырларды (уголки) және баска металдарды қолданады. Олар траншеяға топырақ қатпайтын тереңдікте көміледі. (М: кұбыр диамертрі 5-6 см, ал калыңдығы 3.5 мм аз болмауы керек). Жерге қосқыштар бір-бірімен балқытылып (сварка) бекітіледі.

Жерге қосатын сымдар оқшауланған және оқшауланбаған болуы мұмкін. Егер жерге қосатын сым ретінде мыс сымды пайдалансақ, оның қимасы 4 мм2 аз болмауы керек, ал алюминийде 6 мм2.
Ж ерге қоскыштар және жерге қосатын сымдардың жалғанған түйіспелері сенімді болуы керек.
2- сурет. Қорғаныстық жерге қосу құрылғысының сұлбасы

Қорғаныстық жерге қосу кұрылгысының техникалық жағдайын анықтау үшін оларды мезгілімен тексеріп және кедергісін өлшеп тұру керек. Кәсіпорындарда қорғаныстық жерге қосу кұрылгысынын кедергісін өлшеу жылына 2 рет жүргізіледі: жазда (топырақ кепкен кезде), қыста (топырак қаткан кезде). Электр станцияларында тексеру әр жыл сайын болса, ал әуе және кабелдік желілерінде найзағай болу мерзімінің алдында (сәуір - мамыр айлары) жүргізіледі.

Өлшеуді арнайы М-416 өлшегішімен немесе амперметр-вольтметр әдісімен жүргізуге болады.

Қорғаныстык жерге қосу өзінің құрылғысы бойынша сыртқа шығарылған және контурлық болуы мүмкін.

Соңғы жылдары контурлық жерге косу көп қолданысқа ие. Ол аудандардағы потенциалдардың теңесуіне және қадам мен жанасу кернеулерінің азаюына апып келеді. 2 - суретінде контурлық жерге қосу сұлбасы және аудандағы потенциалдардың таралу графигі келтірілген. Суреттен, егер адам екі жерге қосқыштар арасында тұрса, онда жанасу кернеуі үлкен, ал егер адам жерге косқыштың үстінде тұрса, онда жанасу кернеуі кіші екендігін кереміз. Жерге қоскыштан қашықтаған сайын жанасу кернеуі азаяды және контурлық жерге қоскыш шетінде күрт өседі, мұнда потенциалдың күрт құлауы байқалады.

Нөлдік кернеуі 1000 В дейінгі бейтарабы терең жерге қосылған төрт сымды үш фазалы тораптарда қолданылады.



Нөлдеу деп кернеу астында қалуы мүмкін болған электр қондырғысының металды бөліктерін қорғаныстық нөлдік сыммен қосуды айтамыз.


3-сурет. Контурлық қорғаныстық жерге қосу сұлбасы



Нөлдеудің мақсаты - бір фазалы қысқа түйықталуда корпусқа етіп кетуінің алдын - ала отыра, қорғанысты іске қосып және қоректену торабынан электр қондырғысын минимум уақыт ішінде ажырату.

Қорғау кұралы ретінде балқымалы сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыштар қолданылады. Үлкен тоқ пайда болған кезде (ҚТ тоғы) балқымалы сақтандырғыштар күйеді немесе автоматта электромагнитті тізбек ашылады, тізбек ажыратылады және электр қондырғысы тораптан ажыратылады.

Нөлдеу құрылғысында қоректену көзінің бейтарабы жерге міндетті түрде қосылуы керек. Ол, нөлдік сымдағы, сонымен бірге фазалардың жерге кездейсоқ тұйықталуында электр қондырғысының корпусындағы кернеуді азайту үшін жүргізіледі.

Қорғаныстық нөлдік сым белгілі қашықтықта қайталап жерге міндетті түрде қосылуы керек. (М: ӘЖ үшін 250 м ден).

Нөлдік сымды қайталап қосу нөлдік сым үзіліп қалу жағдайында немесе фазаның корпусқа тұйықталуында электр тоғының әсер ету қауіпін азайту мақсатында жүргізіледі.

Қондырғышы пайдалану алдында, сонымен бірге мерзімді түрде нөлденуді тексеріп тұру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет