Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет52/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12

Қорғаныстық ажырату құрылғысы

Қорғаныстық ажырату дегеніміз, электр қондырғысына тоққа түсіп қалу қауіпі туған кезде, оны автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз ететін тез әрекет етуші қорғаныс.

Тоққа түсіп қалу қауіпі туған кезде, сол тізбекті тез ажырату мақсатында қорганыстық ажырату құрылғысы (УЗО) қолданылады.

Олар жерге қосу немесе нөлдеу сияқты корғаныс шараларынан бөлек түрде де және оларға қосымша түрде де қолданылады. (Көп жағдайларда 1кВ электр қондырғыларында қолданысқа ие: жылжымалы электр құрылғылары, электр инструменттері, жерге қосу және нөлдеу мүмкін болмаған стационарлы электр қондырғыларында). Қорғаныстық ажырату құрылғысының (УЗО) сұлбасы 3 - суретінде көрсетілген.

УЗО сұлбасы корпус пен көмекші жерге қосқыш аралығына қосылған кернеу релесінен КР (РН) тұрады, ол корпустағы кернеудің мәні шекті рұқсат етілетін мәнінен асып кеткенде іске қосылады және ол автоматты ажыратқыштың (АВ) айыру катушкасымен (ОК) тізбекті тұйықтайды.

Жетістігі - қарапайым және сенімді.

К емшілігі - селективтілігі және өзін өзі бақылауының жоқтылығы, сонымен бірге көмекші жерге қосқышты пайдалануы.
4-сурет. Қорғаныстық ажырату құрылғысының (УЗО) сұлбасы

Блокировка өте кауіпті жұмыс жағдайларында қолданылады. Олар радио және телевизиялық аппаратураларда, сынак жасау стендтерінде және жоғары кернеуде оқшауламаны сынауға арналған кондырғыларда колданылады.

Электр тоғының соққысынан қорғану құралдары оларды пайдалану түрлеріне қарай ұжымдық және жеке құралдар болып бөлінеді; ал атқаратын қызметтеріне қарай оқшаулағыш, қорғағыш және қосымша құралдарға бөлінеді. Оқшаулағыш құралдарға әр түрлі штангалар, айырғыш қысқаштар, кернеу көрсеткіштері, тоқ өткізбейтін қолғаптар, резеңке төсеніштер, кеуіштер, оқшаулағыш аспаптар, т.б. жатады.Қорғағыш құралдарға әр түрлі тосқауылдар, торлар, қалқандар, көшпелі жерге тұйықтағыштар, т.б. жатады.

Электр тоғының соққысынан қорғағыш құралдарды пайдалану және сақтау белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Әрбір құралдың инвентарлық нөмірі болуы және олар қорғану құралдарын есепке алудың журналына тіркелуі тиіс. Қорғану құралдары белгіленген нормаға сәйкес мерзімді байқаудан өткізіледі. Пайдалану мерзімі біткен немесе жарамсыз қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

/тақырыпқа қосымша/

Жермен қосу , жерлету — электр машиналарының элементтерін, аппараттарды, құралдарды, т.б. жермен электрлік қосуға арналған құрылғы. Жермен қосу жерге қағылған металлэлектродтардан (жермен қосқыштардан) және оларды электрлік қондырғылардың жермен қосу бөліктерімен жалғастыратын ток өткізгіштерден тұрады. Жермен қосқыштар жерге тік қағылған болат құбырлар (жоғарғы кернеулі электрлік қондырғыларда — ондаған құбырлар), рельстер немесе көлденең орналасқан болат не мыс тілкемдері түрінде болады. Кей жағдайда жермен қосқыштар ретінде болат трос (сым арқан) не шынжыр пайдаланылады. Жермен қосу мақсатына байланысты адамдарды электр тогына түсуден қорғайтын (мысалы, электрлік машиналардың және аппараттардың корпустарын жермен қосу) қорғаныстық жермен қосу және жұмыстық жермен қосу (мысалы, радиотехникалық антенналарды жермен қосу) болып ажыратылады. Жермен қосудың кедергісін төмендету үшін жермен қосқыштарды грунт суы деңгейіне орналастырады.

9 Сабақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет