9.5 Статикалық электрден қорғану құрылғыларын пайдалану
Статикалық электрден қорғану құрылғыларын пайдалануға қабылдау ҚНжЕ 3.05.06-85 және ҚНжЕ 3.01.04-87 талаптарына сәйкес, технологиялық және энергетикалық жабдықтарды пайдалануға қабылдау кезінде жүргізіледі.
1) Статикалық электрден қорғану құрылғыларынын дұрыс жұмыс істеуі электрлік техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі. Электр құрылғыларына жауапты тұлға қорғаныс құрылғыларының дұрыс пайдалануын, ұйымдастырады, оларды пайдалану жөніндегі технологиялық регламентті қарастырып, бекітеді және олардың пайдалануының дұрыстығын бақылайды.
Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.
2)Әр түрлі типтегі электр залалдандырғыштарды пайдалану Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрінің 2008 жылдың 17-ші шілдесіндегі бұйрығымен бекітілген №11-II-ші Қазақстан Республикасының Электрқондырғылар құрылымдарының Ережелерінің және технологиялық регламенттін талаптарын сақтай отырып, оларға қосылып берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сай жүргізіледі.
3)Залалдандырғыштарды бақылаудан өткізу және оларды жөндеу жұмыстары оларға қосылып берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сай, жөндеу жұмыстары олар орнатылған жабдықтарды жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Егер залалдандырғыштарды жөндеу жұмыстары жиірек болатын болса, онда жөндеу жұмыстарының кестесі құрылады да, жөндеу кезінде оларды қосалқы залалдандырғыштармен ауыстыру қамтамасыз етіледі. Жөндеу кестесі электр құрылғыларының жұмысына жауапты тұлғамен бекітіледі.
4)Ауаны ылғалдандыру қондырғыларының бақылау және жөндеу мерзімі, олардың құрылғыларына қарай сол орнында анықталады. Оларды жөндеу жұмыстарының кестесі ұйымның электр құрылғыларының жұмысына жауапты тұлғамен бекітіледі. Ылғалдандырғыштарды жоспардан тыс жөндеу жұмыстары, егер олар ауаны тиісінше ылғалдандыра алмаса жүргізіледі.
5)Статикалық электрден қорғанудың жерлендіргіш құрылғыларының электр кедергісін бақылау және өлшеу жұмыстары қондырғының электр жабдықтарының жерлендірілуімен қатар жүргізіледі.
6)Қорғаныс құрылғыларын бақылау кезінде:
1) ток беретін элементтердің электр байланысының тұтастығы тексеріледі;
2) қорғаныс құрылғыларындағы ауыстырылатын немесе механикалық зардаптар негізінде зақымданғандарын күшейтіп бекітуге жататындарын анықтау;
3) бұл құрылғылардың злементтерін таттанудан қорғау шараларының көлемін анықтау;
4) алдын алу жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау.
7)Статикалық электрленуден қорғану түйіндерінің тез тозатын бөліктерін жөндеу және мезгілімен ауыстыру жұмыстары технологиялық регламентте бекітілген мерзімдерде жүргізіледі.
/тақырыпқа қосымша/
Зарядтарды жерлендіру арқылы бұрып әкету
0)Диэлектрлік жабдықтың ішіндегі зат, егер сол жабдықтың электрленген беттерімен ысқылану немесе индуктивтік арқылы заряд жинайтын болса, онда осы ортаға төзімді, жерлендірілген, саны екеуден кем емес электрод енгізуге болады. Бұл жағдайда жабдықтың тұмшалануына және енгізілген электродтың ортадан шығып тұруына жол берілмеу керек. Бұл шаралар, аппараттағы ортаның меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен аспайтын мөлшерде болса ғана жеткілікті саналады.
1)Статикалық электрден қорғануға арналған жерлендіргіш құрылғылар, электр жабдықтарының жерлендіргіш құрылғыларымен біріктіріледі./Мұндай жерлендіргіш құрылғылар Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрінің 2008 жылдың 17-ші шілдесіндегі бұйрығымен бекітілген №11-II-ші Қазақстан Республикасының электрқондырғыларының құрылымдарының Ережелерінің талаптарына сай жүргізіледі./
2)Тек қана статикалық электрден қорғануға арналған жерлендіргіш құрылғыларының кедергісі 100 Ом-ға дейін рұқсат етіледі.
3)Технологиялық жабдықтардың барлық металл және электрөткізетін металл емес материалдардан жасалған бөлшектері статикалық электрден қорғану шараларына арналып дербес өз алдына жерлендіріледі.
4)Металл емес материалдардан жасалған жабдықтардың жерлендіргішінің өн бойындағы кедергіден оның ішкі және сыртқы беттерінің кедергісінің шамасы 107 Ом мөлшерінен аспаса, онда ол жабдық статикалық электрден қорғалған болып саналады. Бұл кедергі мөлшерін қоршаған ортаның ылғалдылығы 60 пайыздан, ал өлшегіш электродтың жабдық бетімен түйісу ауданы 20 см2 аспайтын кезде, өлшегіш электродтарды жабдықтың жерлендірілген металл элементтерінен, бөлшектерінен, тетіктерінен алысырақ нүктелерге орналастырады.
5)Өндіріс орындарында, сыртқы қондырғыларда, эстакадаларда және каналдарда орналастырылған аппараттардың, құбыр желілерінің, желдеткіштер қораптарының және жылу ұстағыш қораптарының металл және металл емес материалдардан жасалған құрылғыларын орналастырған кезде, олар бір сызық бойымен жерлендіргішке ең кемі екі нүктеден жалғануы керек.
6)Көлемі 50 м3 болатын, диаметрі 2,5 метрге дейінгі тік бағаналы резервуар-ыдыстардан басқа, резервуарлар мен ыдыстар жерлендіргіштерге бір-біріне диаметриаль түрде қарама-қарсы екі нүктеден сым өткізгіштер арқылы жалғанады.
7)Электростатикалық зарядтардың мұнай өнімдерінің құрамында жиналу жиілігін төмендету үшін, резервуар-ыдыстың ішкі жағынан, жоғарғы қақпақ пен түбінің арасын металл сыммен жалғап қою керек, бұл жағдайда резервуар-ыдыс жерлендірілген болуы керек.
8)Жарылыс қауіпті заттар сақталатын резервуар-ыдыстарды таттануға қарсы жабынмен жабу және бояу жұмыстары кезінде, себу және бояу аспаптарын резервуар-ыдыстардың қаңқасымен болат
немесе көп тарамды сыммен жалғап қою керек. Егер резервуар-ыдыстың оның қаңқасымен электр байланысы жоқ бөліктері болса, қол жұмысымен боялады.
9)Аппараттар мен құбыр желілерінің фланецтық қосылыстарының электр кедергісі 10 Ом мөлшерінен аспайды сондықтан оларды жерлендірудің қосымша шаралары қарастырылмайды. Бұл қосылыстарда ток өткізбейтін материалдан жасалған немесе ток өткізбейтін бояумен боялған сақина тетіктерін қолдануға рұқсат етілмейді.
10)Аппараттар мен құбыр желілерінің желдеткіш металл қораптары мен жылу сақтағыш қораптарының өндіріс ғимараттары ішіндегі бөліктерін әрбір 40-50 метр сайын жерлендірілген аппараттар мен құбыр желілеріне жалғастыру арқылы жерлендіріледі.
11)Сыртқы эстакадаларда орналастырылған құбыр желілерін статикалық электрден қорғау шаралары технологиялық регламентке сай болуы керек.
12)Теміржол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерлендіріледі. Құю-құйып алу аумағындағы теміржол рельстері электр өткізгіш сымдарымен бір-бірімен жалғанып және теміржолдың электр жүйесінің жерлендіргіш құрылғышынан бөлек жерлендіріледі.
13)Сұйытылған жанғыш газдар мен өртқауіпті сұйықтықтарды құю-құйып алу бағаналарының астында қойылған автокөлік цистерналары, құю кемелерінің танкерлері құю және құйып алу кезінде жерлендіргіштерге жалғанады.
14)Автоцистерналар мұнай өнімдерін құятын-құйып алатын эстакадаларға өтер алдында статикалық электрден жерлендіргіш арқылы тазаланады.
15)Автокөлік цистерналары, құю кемелерінің жерлендіргіш сымдары жалғанатын түйісу құрылғысы жарылыс қауіпті аумақтың сыртына орналастырылады.
16)Қимасы 6 мм2-ден кем болмайтын жұмсақ жерлендіргіш сым темір автокөлік цистерналары мен құю кемелерінің қаңқасына тұрақты түрде жалғанып жүреді және ұш жағында жерлендіргіш құрылғыға жалғанатын жалпақ темірі немесе М10 өлшемді тегірге арналған саптамасы болады.
17)Автокөлік цистерналары мен құю кемелерінің қақпақтарын ашып, оларға резеңке шланганы батыру жұмыстары, олардың жерлендіргіш сымдарын жерлендіргіш құрылғыға жалғағаннан кейін іске асырылады.
18)Теміржол цистерналарына, автокөлік цистерналарына, құю кемелеріне және басқа да жылжымалы резервуар-ыдыстар мен аппараттарға сұйықтықтарды құюға арналған, ұшында болат саптамалары бар, резеңкеден (немесе электр тогын өткізбейтін басқа да материалдардан) жасалған, диаметрі 2 мм-ден кем болмайтын мыс сыммен (немесе қимасы 4 мм2-тан кем болмайтын серпін сым арқанмен), арасы 100 мм-ден кем болмайтын аралықта орап шығу керек. Сымның (немесе серпін сым арқанның) бір шеті қорғасынмен балқыта ерітіліп (немесе тегірмен бұралып) өнім бергіштің жерлендірілген бөлігімен, екінші ұшы – шланга саптамасымен жалғанады.
19)Сым орауы бар резеңке шлангаларды немесе электр өткізгіші бар жұмсақ жең тәрізді құбырларды пайдалану кезінде олардың жабындарын, егер қосылыс тетіктері немесе резеңке шланганың электр өткішгіш қабаты жерлендірілген өнім бергішпен және шланганың саптамалы ұшымен жалғанған кезде оларды қабаттау қажет емес.
20)Шланга ұштарындағы саптамалар мыстан немесе басқа ұшқын шықпайтын материалдан жасалады.
21)Мұнай өнімдерінен босаған теміржол цистерналарын булау кезінде алғашқы 5 - 6 минут бу мөлшері 2 кг/см2 қысыммен, одан соң ақырын (10 минут бойы) қысым қажетті мөлшерге көтеріледі, бірақ 5 кг/см2 мөлшерден аспау керек немесе булау алдында цистерна ішіндегі ауа төменгі қысымдағы бумен (0,5 кг/см2 төмен) ылғалдандырылып, сонан соң мұнайды төгер алдында бу қысымы біртіндеп (бірақ 1 минутқа 2 кг/см2 мөлшерден көп емес) мөлшерге жоғарылатылады.
22)Мұнай өнімдерін теміржол цистерналарына құю кезінде, электр өткізгіш немесе статикалық электрге қарсы материалдардан жасалған шлангаларды оның түбіне дейін түсіріп, құяды. Алғашқы 3 – 5 минут құю жылдамдығы азырақ (3 м/с көп емес), сонан соң 10 - 12 минут бойы жылдамдық 7 м/с дейін көтеріледі.
№10 Сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |