Сабақ тақырыбы: §1, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты



бет4/66
Дата14.04.2017
өлшемі7,84 Mb.
#13894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

Б тобының есептері:

  1. Сым темірдің диаметрін анықтау үшін оқушы ұзындығы 30 мм сымды қарындаш бойына қатарластарып 30 орам орады. Сым темірдің диаметрі қандай?

  2. 0,25 теңіз милясы қанша метрге, қанша сантиметге тең?

  3. 4 кезде қанша сантиметр, қанша миллиметр бар?

  4. Бір парсек қанша километрге тең?

  5. Бір жарық жылы қанша километрге тең?

  6. Бактериялардың бір түрінің ұзындығы 0,5 мкм-ге тең. Қатар орналастырғанда 1 см ұзындыққа осындай бактериялардың қаншасы сыяр еді? Жауабын стандар түрінде жазыңдар.

С тобының есептері

  1. Жас бамбук тәулігіне 86,4 см-ге өседі. Ол секундына қанша өседі?

  2. Көлемі 0,002 мм3 бір тамшы май судың бетіне тамып, ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылды. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықтаңдар.

  3. Егер көлемі 1 мм3 болатын текшенің 1 с уақыт кететін болса, онда көлемі 1 мм3 болатын текше жасау үшін қанша уақыт кетер еді?

  4. 1 м2 беттегі барлық шаршы сантиметрді кесіп алып, бір-біріне жалғастыра қатар қойсақ, оның ұзындығы қандай болады?

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №1 зертханалық жұмысқа дайындық.

8 сабак. 7-сынып.

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.

Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер.

1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құныны анықтау .

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығарыңдар да, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;

  2. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;

  3. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып, анықтаңдар;

  4. Анықталған шамаларды дәптерге жазыңдар;

  5. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:




Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)













2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дана толық бататындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы көлемі және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;

  2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:




Өлшейтін дене

Сұйықтың бастапқы көлемі (V1, см3)

Дене мен сұйықтың көлемі (V2, см3

Қатты дененң көлемі (V= V2- V1)
















  1. Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.

  2. Қорытындылау.

  3. Бағалау.



7-сынып.

Сабақ тақырыбы:

«Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар» тарауын қайталау.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, қайталау, қорытындылау.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: сайыс

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

«Кім жылдам?»

Берілетін сұрақтар:

І топ.


  1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

  2. Физиканың негізгі мақсаты?

  3. Болжам дегеніміз не?

  4. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  5. Физикалық шамаларды атаңдар.

  6. Астрофизика нені зерттейді?

  7. Космология нені зерттейді?

  8. Айға табан тіреген астроновтар.

ІІ топ сұрақтары:

  1. Астрономия нені зерттейді?

  2. Физикалық теорияларды атаңдар.

  3. Галактика дегеніміз не?

  4. Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары.

  5. Космогония нені зерттейді?

  6. физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атаңдар.

  7. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

  8. ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты 4 жетістігін атаңдар.

Есептер шығару.

Екі топтан екі бала шығады.



1. Мензурканың бөлік құнын табыңдар. Көрсетілген денелердің көлемін табыңдар да, өлшеу қателігін көрсетіп, жазыңдар.

І топ ІІ топ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет