Сабақ тақырыбы Адамдық борышың. Ш.Құдайбердіұлы Бөлімше


Өткенді бекіту және қызығушылықты ояту



бет2/4
Дата03.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#156460
түріСабақ
1   2   3   4
Өткенді бекіту және қызығушылықты ояту
«Блум түймедағының алты күлтесі» әдісі

-Енді, өткенді бекіту мақсатында мен сендерге «Блум түймедағы» ойынын алып келдім және оның сендерге арнаған жаңалығы бар. Ойнаймыз ба? (Әр топ кезек – кезек сұрақтарды таңдайды.)
1. Қарапайым сұрақтар: «Малды пайдаға жарату» мәтінінің авторы кім?
2. Анықтаушы сұрақтар: Ы.Алтынсарин кім болған?
3. Түсіндіруші сұрақтар: Үйші адам тапқан малын қандай пайдаға асырады екен?
4. Шығармашылық сұрақтар: Сызбаны пайдаланып, мәтіндегі тірек сөздерді ата.
5. Тәжірибелік сұрақтар: Кімнің алдында борыштымыз? Өсім деп неге балаларды айтты жұмысшы?
6. Бағалау сұрағы: Мәтіндегі үйшінің сөзі дұрыс па? Өз көзқарасынды айт.
(Ауызша, АКТ ойын ойнату, бағалау)
Т үймедақ жаңалығы: «24 Хабар» арнасынан берілген «Семей күні» туралы жаңалықты тыңдайды.

Сұрақтар-ға жауап береді

Сабақтың басы


«Білу»

(Слайд арқылы Семей туралы мәлімет беріп өту)
Семей – Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларының бірі. 1718 жылы Семипалатная қамалы ретінде негізі қаланды.
1851 жылы қала гербі бекітілді: «Қалқанның көкшіл бетінде алтын тиелген түйе, оның үстінде күміс ай мен бесбұрышты жұлдыз. Қалқанның жоғары жағында қаланың алтын тәжі бейнеленген»
2007 жылғы Елбасы жарлығымен қала Семей атын иеленді. 
«Семей» деген сөздің өзі көне түркі тілінде «рухани орта» дегенді білдіреді.

Семей қаласы Ертіс өзені бойында орналасқан. Ертіс өзеніндегі жаңа аспалы көпір қала көркіне, мақтанышына, символына айналды.
Қалада орталық саябақ, балалар саябағы, балалар биологиялық орталығы, су бағы, жеңіс саябағы бар.
Қала аумағында бірнеше мұражай: тарихи-өлкетану мұражайлары бар.
Кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері жұмыс істейді.
Семей қаласында 20 жоғарғы оқу орны,14 колледж, 5 кәсіптік-техникалық мектеп, 82 жалпы білім беретін мектеп және өзіміздің №49 жаңа мектебіміз биыл ашылды.
Қазақ халқының көптеген ғалымдары мен өнер қайраткерлері Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы ақын Абай Құнанбаев, ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, академик-жазушы Мұхтар Әуезов. Өнер жұлдыздары, әнші Б.Төлегенова, Р.Рымбаева, айтыскер ақындарымыз С.Тоқтамысова, Р.Зайтовтардың Семейден шыққанын мақтан етеміз! 



-Ендеше, бүгін, сабағымызды қай ақын шығармашылығына арнаймыз?
-Дұрыс, Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық - боырышың » тақырыбын өтеміз.
Сабағымыздың мақсаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет