Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып,«қыс»,«көктем»,«жаз»,«күз» деп кезек-кезек айтқызып жылдың төрт мезгілі бойынша топқа бөлу.
Өткен сабақты қайталау
«Сұрақты қағып ал» ойыны
АТК
Сабақтың ортасы
15 мин
10 мин
5 мин
Жұмбақ шешу Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті
Жауабы:қыс, көктем, жаз, күз Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.
Жауабы: Жыл он екі ай, бір айдағы отыз күн, бір күндегі күн мен түн -Балалар бір ай дегеніміз не?
-Ай-ұзақ уақыт аралығы. Онда 4 апта және бірнеше күн болады. Айлар бірінен кейін бірі ретімен келеді
-Бір ай дегеніміз 30 немесе 31тәулікке созылатын уақыт аралығы.Тек ақпан айында 28 немесе 29 тәулік болады.
1-ші топ 12 айды қазақша айтады
2-ші топ 12 айды орысша айтады
3-ші топ 12 айды ағылшынша айтады
4-ші топ Сұрақтарға жауап береді
1.Бүгін қай күн және қай ай?
2.Келесі қай ай?
3.Өзің туған айларыңды атаңдар.
Әр топқа өз тобының атына қатысты жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен топтастырып айтқызу. Әр топтың жауабын тыңдау.
-Балалар осы ай аттары ретімен жазылып,апталарға бөлінуін көрсететін кестені күнтізбе деп айтамыз. Әр айдағы күндер саны әртүрлі: 30,31,28,немесе29 күн
Күнтізбенің әр түрлі нұсқалары бар.Мысалы: үстелге қоятын,қалта күнтізбесі, жыртпа күнтізбе,қабырғаға ілетін күнтізбелер
-Біз жылда 31 желтоқсан күнінен 1 қаңтар күніне ауысқан түні жаңа жылды қарсы аламыз.
-Біз қай жылды шығарып салдық?
-2016ж Маймыл жылын
-Қай жыл келді?
-2017ж тауық жылы
Ал қазақ күнтізбесі бойынша Наурыз айы-Жаңа жылдың бірінші айы,Ұлыстың ұлы күні.Қазақстанда Наурыз мейрамы 22 наурызда аталып өтіледі. Наурыз мейрамы көктем мейрамы және Жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.
Біз енді осы 2017 жылдың айларымен күнтізбе арқылы танысатын боламыз.
Күнтізбемен жұмыс
-Балалар, күнтізбе бізге не көрсетіп тұр?
-Жылдың айға, аптаға,күнге бөлінгенін
-Бір айда неше апта бар екен?
-Бір айда төрт апта бар
-Ал енді ең қысқа айды табайық. Ол ақпан айы.Ақпан айында 28 күн болады және төрт жылда бір рет 29 күн болады.
-Қай айларда 30 күн бар?
-Қай айларда 31 күн бар?
-Айларды күндермен санайтын болсақ неше күн болады?
- 365 немесе (366) күн болады. Оны біз 1 жыл деп айтамыз.
Сен білесің бе? Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- бұл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай –ақпан. Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету.
Есіңе сақта! 1апта-7күн
1айда-30 немесе31 күн
1 жыл-12 ай
1жыл-365 немесе (366) күн